Байланыс операторлары оқушыларға тегін қызмет ұсынады

Қазақстанның ұялы операторлары оқушыларға, студенттер мен оқытушыларға карантин және төтенше жағдай режимі кезінде қашықтан оқыту үшін қажетті негізгі білім беру ресурстарына тегін қол жеткізуге мүмкіндік берді, – деп жазады egemen.kz сайты.

Мұндай шешімді ұялы байланыс операторлары – Kcell мен Activ, Beeline, Altel, Tele2 абоненттері үшін қабылдады.

Қазақстан Үкіметі елде коронавирустың таралуын болдырмау мақсатында мектеп оқушыларына алдын ала демалыстар беріп, колледждер мен университет студенттерін қашықтан оқытуға ауыстыру туралы шешім қабылдады. Мұғалімдер сонымен қатар үйде жұмыс режиміне ауысады.

Оқу сайттарына тарифсіз қолжетімділік 2020 жылдың 21 наурызынан бастап барлық ұялы байланыс операторларының абоненттері үшін қолжетімді.

Оқу сайттарының толық тізімін ұялы байланыс операторларының сайттарынан табуға болады:

Теле 2

Altel

Kcell

Билайн

 

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий