Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары мұғалімдерімен бірге “GlosChemistry” электрондық глоссарийін әзірледі

Павлодар қаласы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі директорының орынбасары, химия пәнінің мұғалім-эксперті Ирина Бабич, ағылшын тілі мұғалімі Алия Баратова және 11 сынып оқушылары Тоқтағанов Тұрлыхан мен Бекболат Азамат және Елжан Еркебұланнның бірлесуімін “GlosChemistry” қосымшасы әзірленді, – деп хабарлайды осы білім ордасының баспасөз қызметі.

Электрондық химиялық глоссарий 11-12 сыныптың мектеп бағдарламасының барлық тақырыптарын қамтиды. Оның негізгі мақсаты – химия курсының ағылшын тіліндегі мазмұнын оқытуға көмектесу. “GlosChemistry” таңдалған химиялық терминнің айтылуын және оның тіл тасымалдаушысымен айтылған анықтамасын оқуға және тыңдауға мүмкіндік береді.


– Электронды тауар органикалық, бейорганикалық, “математикалық” химия курсының 16 тақырыбы бойынша 350-ден астам терминдерден тұрады. “Сlassroom management” бөлімі мұғалімге сыныпта білім алушылардың қызметін басқарудың пайдалы фразалар қорын кеңейтуге көмектеседі. Ұстаздарға арналған барлық пайдалы фразалар тақырыптар бойынша ұйымдастырылған, онда оқушылармен сәлемдесуден бастап, үй тапсырмасын беруге дейін қамтылып отыр. Сөздікті біздің шетелдік химия мұғалімі Шерин Смит пен ағылшын тілі мұғалімі Алия Баратова оқып берді, – дейді химия мұғалімі Ирина Бабич.

Бірінші болып өнертабыстың пайдаланған Ирина Михайловнаның 11 сынып оқушылары болды. “Карантин күндерін пайдалы өткіземіз!”- деген ұранмен оқушылар өткен тақырыптарын осылайша қата пысықтап қайталауда таптырмас сөздік болып отыр. Қосымша өте ыңғайлы және көңілге қонымды интерфейсімен ерекшеленеді. “GlosChemistry” қосымшасын (android) төмендегі сілтеме бойынша көшіріп алуға болады.

https://drive.google.com/file/d/1yR5ToWMrbKlr57yV2VGZD_UcYK-TCpfZ/view?usp=sharing

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий