БҒМ қосымша білім алуға арналған платформалардың тізімін жариялады

ҚР Білім және ғылым министрлігінің ресми Telegram каналы балаларға қашықтан қосымша білім беруге арналған платформалардың тізімін жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Министрлік мәліметіне сәйкес, COVID-19 індетіне байланысты жарияланған карантин кезінде балаларға қашықтан қосымша білім алуға арналған платформалардың тізімі мынадай:

– Алматы қаласының Оқушылар сарайының бағдарламалары қашықтан оқу форматында қолжетімді. Оқу Zoom технологиясының базасында тұр;

 – Қазақстан Ұлттық электронды кітапханасынан көптеген туындыны/мақаланы/жұмыстарды/газеттер мен журналдарды тауып алуға болады. Сілтеме: http:kazneb.kz;

– Қазақ тілін өздігінен оқып-үйренуге арналған материалдар мында қолжетімді;

– KazTub онлайн-кинотеатры тегін жұмыс істей бастады. Онда отандық 100-ге тарта фильмді көруге болады. 20 мультсериалы бар Kaztube.balapan блогын да тамашалаңыз;

– Coursera студенттерге 3 800 онлайн-курсты ашты: https:coursera.org;

– ҰБТ-ға, қорытынды аттестатқа дайындалуға арналған онлайн-жаттығу жұмыс істеп тұр. Сілтеме

– https://itest.kz/ru; – «Филин» – иллюстрациялық жануарлар энциклопедиясы: http://www.filin.vn.ua/index.html

 

 

 

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий