Назар аударыңыз, байқау!

Бас жүлде – ноутбук – өз иесін күтуде!

Құрметті педагогтер, студенттер мен оқушылар!

«Білімді Ел – Образованная страна» білім беру, қоғамдық-саяси газетінің редакциясы «Цифрлық білім беру: Онлайн оқыту!» республикалық ашық байқауының басталғандығы туралы хабарлайды.

Бұл байқауға мұғалімдер мен мектеп оқушылары, ЖОО мен колледждердің оқытушылары және студенттері қатыса алады.

Байқауға қатысу үшін қашықтан білім беру туралы түсірілген шағын бейнероликті, (2 минуттан аспайтын), бір фото және сабақ тақырыбы, өтіп жатқан орны, бейнеролик қатысушылары туралы жазылған қысқаша сипаттаманы редакцияның WhatsApp желісіне жіберу қажет (Білім бәйгесі “Цифрлық білім беру: Онлайн оқыту” Республикалық ашық байқауы туралы ЕРЕЖЕ).

Байқауға қатысу үшін жіберілген барлық материалдар газеттің www.bilimdinews.kz сайтында орналастырылады.

Сайтта ең көп пікір жинаған және көпшілікке ұнаған қызықты әрі креативті екі бейнероликтің иелері байқау жеңімпаздары атанады. Қашықтан оқыту жағдайында редакцияның шешімімен жеңімпаздарға бас жүлде – ноутбуктер сыйға тартылады.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Назар аударыңыз, байқау!

    1. Сәлеметсіз бе. Бейнероликте міндетті түрде баланың онлайн түрде сабақ оқып отырғаны міндетті емес, бастысы кадрда қашықтықта оқып жатқаны көрінсе болғаны. Алайда үлгі ретінде бізде бейнеролик жоқ.

Добавить комментарий