6 сәуірден бастап оқушылар сабақты «Balapan» арқылы «оқиды»

Қазақстандағы төтенше жағдайға байланысты алдағы 6 сәуірден бастап Қазақстан Республикасының орта білім беру ұйымдары қашықтан оқыту жүйесіне көшеді, – деп жазады qazaq1913.com сайты.

ҚР Білім және ғылым министрлігі мен ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі бірлесе отырып, бейнесабақтарды қазақ тілінде «Balapan» телеарнасында көрсетеді. Дүйсенбі-жұма күндері таңғы сағат 09:00-ден бастап 15:00 аралығында 1-11 сыныптың оқу пәндері бойынша барлығы 2 042 бейнесабақ өткізу жоспарланған.

«Қазақстан» республикалық телерадиокорпорациясының құрамындағы «Balapan» телеарнасы «Оtau TV» спутниктік операторы, «Аlma TV» кабельдік операторы, ID TV цифрлық теледидар қызметі арқылы қолжетімді. Сонымен қатар, арнаны www.balapan.tv ресми сайты мен «Qazaqstan.tv» мобильді қосымшасынан онлайн көруге болады.

«Android» және «iOS» платформаларына лайықталған мобильді қосымшаны «App Store»,«Play Market» сервистері арқылы тегін жүктеу мүмкіндігі қарастырылған.

Бейнесабақтарды көпшілікке оңай қолжетімді ету мақсатында «Balapan» телеарнасының You Tube желісіндегі ресми арнасынан да тікелей көрсету жоспарланып отыр.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий