Қашықтан оқыту ұстаздарға қосымша жүк артып, ата-аналарды әбігерге салды

Алыс ауылдардағы мектеп оқушылары қашықтан оқымайтын болды. Өйткені интернет түгілі, теледидар көруден күдер үзгендерде ондай мүмкіндік жоқ. Шалғай елді мекеннің балаларына оқу құралдары поштамен жеткізілмек. Тіпті кейбір ауылдарда оқушылар радиомен дәріс тыңдайын деп отыр, – деп жазады ktk.kz сайты.



Еске салайық, алдағы аптада оқушылар жаңа форматта оқуды бастайды. Қашықтан оқыту жүйесімен қазір студенттер білім алуда. Жалпы, коронавирус кесірінен қазір әлемде 850 миллион оқушы қашықтан оқып жатыр екен. Ал біздегі дайындық қалай?

Қашықтан оқыту ең алдымен, ауылдың оқушысына оңайға түспейін деп тұр. Не оқитын интернеті жоқ, кей жерлерде компьютер де жетіспейді. Ал сабақты үзбеу керек. Сондықтан жұрттың баласынан қалмас үшін шалғайдағы оқушылар онлайн сабақ дегенді ұмытады да, күнделікті мектебіне бара береді. Тек 45 минут емес, тек жарты сағат дәріс тыңдайды.

Көліктің қатынауы қиын алыстағы ауылдарда орналасқан 177 мектепте ең азы 20, көбі 50 ғана бала білім алып жүр. Енді оқушылар елдегі ахуалға бағынып, екі ауысымға бөлініп оқытылмақ. Оларға қажетті оқыту кітаптары пошта арқылы жеткізіледі.

Асхат Аймағамбетов, ҚР Білім және ғылым министрі:

– Өздеріңіз де білесіздер, бізде 1 200 елді мекен бар. Өте кішкентай елді мекендерде 3, 4, 5 оқушы ғана бар. Мұның алдында күнделікті көлікпен мектепке алып келіп отырдық. Біз бұл балаларға да білім беруміз керек. Сондықтан жұмысты пошта арқылы жүргіземіз.

Еліміздегі 1200 елді мекеннің кей жерінде теледидардың да сигналы ұстамайды. Яғни, Білім министрлігі ұйымдастырған отандық телеарналардағы онлайн сабақты кейбірі көре алмайды. Сол себепті жауапты орган радионың көмегіне жүгінбек. Төртінші тоқсанда телеарна арқылы оқытылуы тиіс 3360 дәрістің 300-ден астамы дайын. Осылайша коронавирус ұстаздарға қосымша жүк артты.

Асхат Аймағамбетов, ҚР Білім және ғылым министрі:

– Біз осы сабақтарымызты тиісті кесте бойынша беріп отыратын боламыз. Күніне 8 сағат.  Біздің ұстаздарымыз түсірілімге дайын болмаған. Тележүргізуші ретінде өзін жаңа рөлде сынап жатыр. Сабақтарын дайындап, оны 10-15 минутқа түсінікті әрі бала жалықпайтындай дұрыс форматта беру де үлкен емтихан.

Қашықтан оқыту интернеті қолжетімді қаланың ата-аналарын да әбігерге салды. 300 мың оқушының компьютері жоқ. Бұл мәселеге жергілікті әкімдіктер бел шеше кіріскен. Мектеп балансындағы компьютерлерді арнайы актімен үйді-үйге таратып жүр. Сондай-ақ министрлік 80 мыңға жуық планшет, компьютер сатып алмақ. Техникалық құралдар мұғалімдерге де беріледі.

Қашықтан білім алатын оқушыларға интернет платформалар, ресурстар да әзір. Төтенше жағдай кезінде үйде отырып дәріс тыңдайтындарға интернет тегін болады. Ал ертең Қазақстанның білім ордалары сынама сабақтарды електен өткізіп, пысықтамақ. 6-шы сәуір таяп қалды.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий