Айбек Қуатбай: Оқушылар үшін білім беру стандартына сай 10 тест әзірленген

Daryn.online сайты толықтай қазақ тілінде. Яғни, барлық сабақтар қазақ тілінде дайындалуда. Бұл туралы Daryn.online жобасының бас серіктесі Айбек Қуатбай айтты.

Оның сөзіне қарағанда, аталған платформаға бұған дейін тіркелмеген мұғалімдер мен оқушылар болса, олар сайтта белгіленген нұсқаулықпен тіркеле алады.

 

-Платформамыз білім берудің мемлекеттік  стандарттарына сай әзірленген. Мұғалім белгілі бір бейнесабақты мессенджерлер арқылы оқушыға жібере алады. Егер, оқушының мобильді  қосымшасы бар болса, бейнесабақ сол арқылы ашылады. Егер, болмаса арнайы браузермен ашылады. Оқушыларға бейнесабақтар бойынша мемлекеттік стандарттарға сай 10 тест дайындалған. Сол тесттерді тапсыру арқылы бала өзінің білімін бекіте алады. Ал бұл тесттерді оқушының тапсырған, тапсырмағанын білу үшін арнайы қосымшаны жасадық. Ол жерде оқушылардың жасаған барлық жұмыстарын көруге болады. Яғни, бейнесабақты қанша рет көргені, тестті тапсырған, тасырмағаны, тапсырманы орындағаны көрініп тұрады. Бұл әрине, міндетті емес. Десек те, осы арқылы кері байланыс орнатылады. Бұл оқушының сабақты түсінген, түсінбегенін білу үшін білім беру ұйымдарына, мектеп басшылығына, мұғалімдерге өте ыңғайлы деп ойлаймыз. Бұған қоса, оқушылар тест тапсырған кезде, ондағы тапсырманы жазбаша орындайды. Кейін оқушы өзінің жіберген қатесімен жұмыс жасай алады.  Біздің барлық сұрақтарға жауап беретін бірегей нөміріміз бар.  Call-орталыққа хабарлассаңыздар, барлық сұрақтарға жауап беріледі. Қазір аймақта 20 өкіліміз бар. Жалпы, біз оқушыларды қашықтан оқытуға толықтай дайынбыз. Онлайн-стримингтен біздің айырмашылығымыз, оқушы қалаған кезде, онда жүктелген бейнесабақтарды көре алады. Оның артықшылығы да –  осында.  

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий