Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында тұлғаны тәрбиелеу және әлеуметтендіру

Білім беруді дамытудың инновациялық орталығы 2020 жылғы 15 сәуірде тәрбие жөніндегі директордың орынбасарларына арналған «Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында тұлғаны тәрбиелеу және әлеуметтендіру» тақырыбында онлайн режимінде семинар өткізді, – деп хабарлайды Павлодар облыстық білім беру басқармасының баспасөз қызметі.

Орталықтың «Тәрбие жұмысы және тұлғаны әлеуметтендіру» бөлімінің басшысы Б.Аушахманова  еліміздің дамуының негізгі құндылықтарын көрсететін «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясының жеті қағидаларын іске асыру қажеттілігі туралы атап өтті. 

Семинар жұмысына Павлодар қаласы білім беру бөлімінің тәрбие жұмысы секторының меңгерушісі Ж.Таджикова «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалы мақаласы және «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру аясында тұлғаны әлеуметтендіру және тәрбиелеу», Ақсу қаласының тәрбие жұмысы және балалар құқығын қорғау секторының меңгерушісі Г.Нарханова «Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында тұлғаны тәрбиелеу мен әлеуметтендірудің негізі ретінде патриотизм мен көшбасшылық қасиеттерін қалыптастыру», Павлодар қаласының дарынды балаларға арналған №8 лицейінің тәрбие жұмысы жөніндегі директордың орынбасары Е.Берликова «Тұлғаның табысты әлеуметтенуінің факторы ретінде лицейдің тәрбие кеңістігі», Аққулы ауданының білім беру бөлімінің әдіскері А.Оспанова «Аққулы ауданы мысалында тәрбиенің Тұжырымдамалық негіздерінің негізгі бағыттары шеңберінде білім алушыларды әлеуметтендіру» тақырыптары бойынша қатысты.

Сонымен қатар тәрбие жұмысын қашықтық режимінде іске асыру бойынша мәселелер қарастырылып, талқыланды. Семинар қорытындысы бойынша тыңдаушыларға ұсыныстар берілді

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий