БҒМ мемлекеттік-жекеменшік әріптестікті дамыту жұмыстарын жалғастырады – Бибігүл Асылова

Білім және ғылым вице-министрі Бибігүл Асылова бүгін аталған ведомство ұйымдастырған онлайн-брифинг барысында білім беру саласындағы мемлекеттік-жекеменшік әріптестік, сондай-ақ, ел бойынша жекеменшік мектептердің қатарын көбейту бойынша жан-жақты айтып берді.

Оның айтуынша, қазіргі таңда бірқатар мәселелер өзекті болып тұр. Олар: үшауысымды оқу, мектептер жүктемесінің көптігі, білім ұяларында оқушылар арналған орындардың жетіспеушілігі.  Бұл ретте, бизнестің көмегінсіз аталған күрделі мәселелерді шешуғ әрине, мүмкін емес.  

Осы орайда, білім беру саласында 2013 жылдан бері мектептерді жанбасына қаржыландыру жүйесі енгізілген. Мәселен,  2019 жылы Қазақстанда мемлекеттік-жекеменшік әріптестіктің есебінен 70 мектеп ашылып, 20 мың оқушылар орны құрылған.

– Мұндай үдеріс елдің тәуелсіз жылдарында болмаған. Білім беру саласына бизнестің қатысуы жеткілікті, ол жекеменшік білім беру орталықтары, рейтингісі жоғары жекеменшік жоғары оқу орындарының желісі. Мемлекет жанбасына қаржыландыру арқылы мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастырумен жоғары капитал сыйымдылығы бар шығындар бойынша міндеттемені өзінен алып тастайды, жүктемесін азайтады, деді вице-министр бұл ретте.

Оның айтуынша,  қазіргі таңда Білім және ғылым министрлігі 2025 жылға қарай, мектептерде оқушы орнының жетіспеушілігі 474 мың орынды құрайтынын болжайды. Сондықтан, кәсіпкерлерді осы салаға тарту білім беру жүйесі үшін аса маңызды болмақ.

– Тәжірибе көрсеткендей, өткен жылы 70 мектеп ешқандай бюджет қаражатынсыз бой көтерген. Осы жылы 13 мектеп ашуды жоспарлап отырмыз, деді Бибігүл Асылова.

Вице-министр аталған ведомствоның мемлекеттік-жекеменшік әріптестікті дамыту, оның ішінде бизнес үшін жағдай жасау, шығындар орнын толтыру мерзімдерін бекіту, әкімшілік кедергілерді азайту бағытындағы жұмыстарды одан әрі жалғастыратынын жеткізді.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий