Конкурсные материалы

Ожили страницы учебника по истории Казахстана

В каждой области нашей страны есть удивительные места, куда тысячи наших соотечественников, иностранных туристов едут в надежде найти душевное успокоение, умиротворение, исцеление, получить благодать свыше. Какие они — эти таинственные уголки нашей страны, полные чудес и загадок?

1 (406)

Главная святыня мусульманского мира и наиболее посещаемый храм Центральной Азии – это Мавзолей-комплекс Х.А. Яссауи в Туркестане, ставший местом паломничества еще в ХII веке. В 2016 г. группа сотрудников средней школы №6 г. Костаная, люди разного возраста и разных национальностей, отправилась в тур по Южно-Казахстанской и Жамбылской областям. Кто-то поехал с целью совершить паломничество по святым местам, а для кого-то эта была больше туристическая поездка. Главное, остались довольны все! За четыре дня мы посетили около 30 исторических и природных достопримечательностей Южного Казахстана.

1 (336)

Теперь для нас многие культовые объекты Южного Казахстана – не просто место на карте или абзац из учебника «История Казахстана», а живая память. Мы преклонили колени, отдали дать уважения великим предкам. Всплывают в воспоминаниях древние мавзолеи Ибрагим ата, Карашаш ана, Гаухар ана, Байдибек би, Домалак ана, Айша биби, Карахан батыра и др. Набрали целебную воду из священного колодца Укаша Ата, прошли между таинственных скал Ата-Ана, поднялись на Бесік төбе (гора Колыбель). Покорил нас своей красотой, величественностью, мощью мавзолей Ходжи Ахмета Яссауи в Туркестане. Большое количество людей, верблюд в нарядной упряжи, красавец павлин мысленно перенесли нас в средневековый город. Древние стены Туркестана помнят нашествия вражеских полчищ, шумные, разноликие ярмарки, богатые торговые караваны. Ощущения погружения в древний мир дополнили ночёвки в гостевых домах рядом с мавзолеями Арыстанбаб, Кос ана, Баба Тукти Шашты Азиз и прогулка по музею «Древний Тараз».

1272

Во время поездки мы посетили и удивительные природные места Южного Казахстана. Любовались каньонами, цветущими тюльпанами, купались в озере вулканического происхождения, на берегу которого, судя по легенде, змея ужалила Айшу биби. Незабываемые впечатления оставила в нашей памяти таинственная подземная Ак мечеть — это огромная пещера, где возможно прятали женщин, детей, скот при джунгарских набегах. А пруд, где круглый год вода не замерзает и не видно дна от обилия рыбы! А сбор грибов, когда у нас, в Костанае, лежали метровые сугробы!

Нам, ныне живущим, важно сохранить и через вехи столетий передать нашим потомкам историческую память о былом величии древних городов и в достойном виде сами древние памятники. Рекомендуем коллегам посетить святые места Казахстана, чтобы прикоснуться к древней истории своей Родины. И приглашаем в гости в наш северный регион – Костанайскую область, на родину великих просветителей Ыбрая Алтынсарина, Шокана Уалиханова, Ахмета Байтурсынова.

Тулегенова Рымтай 

 

Тур в неизведанный Тургай

Моя страсть – это путешествия, видимо, это у меня, как и у любого казаха, заложено в крови, мы ведь народ-кочевники, мы – потомки номадов.

3

Я люблю путешествовать по Казахстану, но на этот раз путешествие особенное, так как я собираюсь в свой родной регион, в свой аул, где не часто бываю, так как уехал оттуда я еще в далеком 1987 году.

Человек быстро меняется, адаптируется, но мне не дают покоя мой дом, где я родился, моя школа, где я впервые взял в руки книгу, моя улица и, наконец, мой аул, где я состоялся как человек, как личность. Иногда я во сне отчетливо вижу свою детскую жизнь в ауле, ностальгия мне не дает покоя. решено, и мы едем в южные районы и город Аркалык Костанайской области, а конечной точкой нашей поездки является аул Кокалат, который находится в Джангельдинском районе данной области.

Часто слышу фразу о том, что наши корни в ауле, раз так, то мы не должны потерять свои корни. Мы решили показать своим детям малую Родину, их предков, но добираться из Астаны до Тургая нелегко.

.JPG

Итак, воспользовавшись четырьмя выходными днями на майские праздники, едем в один из самых отдаленных уголков нашей необъятной страны – в Тургайский регион.

6 мая в 17.20 мы отправились на поезде из Астаны до Аркалыка, который прибыл на место в 06.34 утра следующего дня. Позавтракав в кафе, провели экскурсию по городу (особенно запомнился Аркалыкский музей с его интересными экспонатами (КГУ «Областной музей истории степного края в г. Аркалыке»), который в свое время был создан по инициативе Узбекали Жанибекова. После этого мы отправились по трассе Аркалык-Тургай.

По дороге остановились у могил Кутпан-аулие (один из известных людей во время правления Тауке-хана), Кейки Кокембайулы (одного из лидеров национально-освободительного восстания в 1916 году в Тургае), возле родника.

Двигаемся дальше. Расстояние между Аркалыком и Тургаем 288 километров. попив чай в местном кафе в селе Амантугай, спешим ехать дальше, так как впереди у нас п. Амангельды и знаменитые барханы Кумкешу. В п. Амангельды очень интересный музей имени А.Иманова, где много исторических экспонатов. После просмотра отправляемся дальше в сторону Тургая.

2

По дороге остановились в местности Кумкешу. Кроме барханов Кумкешу есть село Кумкешу и стоянки бронзового периода в Кумкешу.

Чудо природы в том, что песчаные барханы Кумкешу расположены в радиусе 3-5 км, это единственные барханы, которые встречаются по трассе Аркалык-Тургай. Такое ощущение, что мы оказались в Дубае.

По дороге проезжаем вдоль Сарыкопинского заказника, одного из самых больших заказников резервата «Алтын Дала».

Невооруженным глазом видно, что в этом году воды много, озеро вплотную приблизилось к трассе, мы остановились вдоль дороги ближе к озеру. Сарыкопа – одно из самых больших озер региона, когда-то здесь происходили события из фильма «Камышовый рай».

Ускоренным темпом едем до п. Тургай, проезжаем ковыльные степи и едем дальше в мой родной аул Кокалат. Оставшиеся 60-65 км нам казались вечностью. Проезжаем через населенные пункты Шубалан, Каламкарасу, Аралбай, и мы наконец-то в ауле Кокалат.

Название аула означает масть коня, Кокалат был любимым конем батыра Шакира, который воевал вместе с Наурызбаем и Кенесары-ханом.

Аул Кокалат – родина Кипчак Сейткула, о нем в свое время писал Ибрай Алтынсарин. Кокалат – родина личностей, которых знает весь Казахстан, таких как Нурханов Сейтбек, Койшыгара Салгара, Когабай Сарсекеев, Толен Абдиков, Сапар Искаков.

Кстати, недалеко от урочища Жартогай в местности Байкадам находится земля, которая когда-то принадлежала семье Бакытжана Байкадамова. Кокалат знаменит еще Альбарбугетской плотиной, длина которой составляет 18-20 км, она была построена местным населением еще в 1924-1926 годы под руководством Айса Нурманова.

В Кокалате мы провели два с половиной дня своего путешествия.

Амандык Амирхамзин

 

Таулардан өзен ағар сарқыраған

Қаланың қарбалас тіршілігін даланың үп еткен самал желі мен таудың саф ауасына айырбастауға дайын жанның бірімін. Мен үшін саяхат – жаныңа рахат сыйлайтын, көңіл көкжиегін ашатын ерекше демалыс. Бұл – менің өзімді тануға, барымды бағалауға және тұтас әлемнің тынысын сезінуге деген ұмтылысым.

.JPG

Мен әр саяхатымнан соң үйіме «басқаша» болып ораламын. Өйткені, саяхаттау кезінде алдыма жаңа мақсаттар қойып, түйінді мәселелерді тиімді шешудің жолдарын сараптаймын. Зейінімді саяхатқа бұрсам, ойыма тың идеялар келе бастайды. Сапар кезеңінің әрбір сәтінде өзімді ашық кеңістікте табиғаттың ажырамас бөлшегі сезініп, Жаратушының шеберлігіне тәнті боламын.

Әдетте әркім әрқалай саяхаттайды, мен үшін ең әдемі саяхат – белсенді демалыс. Теңізге шомылып, күнге қыздырынғаннан гөрі рюкзагыма қажетті заттарымды салып, тау шыңдарын бағындырғанды ұнатамын. Тауға көлікпен барып, таза ауада дастархан жайып тамақтанудың жөні бөлек, ал жаяу шығып, әр белесті бағындыру – нағыз саяхатшылардың ғана қолынан келеді деп білемін.

Осындай саяхаттарымның бірін құрбым екеуміз шіліңгір шілдеде Іле Алатауындағы Бутаковка (Бұтақты, Бекенбай) шатқалындағы сарқырамаға баруға арнадық. Бұл жолғы сапардың мақсаты ерекше – жәй ғана сарқыраманы көру емес, сол маңда туристер қалдырған қоқыстарды жинау болатын.

Межелі жерге жету үшін таңмен таласа оянып, жолға қажетті заттарды рюкзакка салып, Медеуге жеттік. Cарқыраманы тамашалауға бізден өзге 200-ге жуық жастар жиналыпты. Көпшіліктің бас-аяғы жиналған соң топ-топқа бөліндік. Медеу мұз айдынына жетпей сол жақтағы жолмен төмен қарай елу метр жүріп, алдымыздан оңға қарай жоғары тауға кететін жолға түстік. Осы жолмен 1 шақырым жүрген соң тас жол бітті де, ары қарай жалғыз аяқ жолға іліктік, сол жолмен орманды тау бөктерін төтелей 2-3 сағат жүрдік. Шатқалға жету үшін өзен жағалап, кейде тіпті оны кесіп өтіп отырдық. Жалғыз аяқ жолмен жоғары қарай тауға көтерілу, оның шыңдарын қиялай жүру кім-кімге де оңайға соқпады. Әр апта сайын тауға жаяу шығуды әдетке айналдырған біз үшін де бұл сапардың қиындығы орташа деңгейде болды.

Бутаковка өзеннің жоғарғы жағында орналасқан демалыс лагері мен шағын қонақүйлердің қасында табиғатта демалып жатқан қала тұрғындарын көптеп кездестірдік. Біз де табиғаттың сұлулығына тамсана отырып, өзімізбен алып шыққан ас-суымызды ішіп әлденіп, атқа мініп серуендеп, екі шақырым қашықтықтағы сарқырамаға ары қарай жол тарттық.

Бутаковка шатқалындағы алғашқы кіші сарқырама орманшының үйінің жанынан ағып өтеді екен. Ағаш көпір арқылы Бутаковка өзенінің арғы жағасына өтіп, үлкен сарқырамаға апаратын таудың тас жолдарына шықтық. Саяхатымыздағы ең қауіпті жер – осы жол, өйткені, сарқырамадан басталатын өзен суы осы тастардың үстімен ағып жатыр. Әр қадамды аңдап баспаса, ылғал тастан аяғыңыз оңай-ақ сырғып кетеді.

Тасты жол аяқталған соң орманның жалғыз аяқ сүрлеу жолымен жүрдік, айнала тып-тыныш, көбелектер ұшып жүр, гүлдер жайқалып өсіп тұр. Осы әдемілікті тамашалап келе жатқанда алдымыздан гүрілдей аққан сарқырама көрінді. Жақындағанда альпинистер тауға өрмелеу үшін жасаған темір анкерлерді көзіміз шалды, яғни, бұл сарқырама тауға өрмелеушілердің де басын біріктіретін кездесу орны екен.

Бутаковский су сарқырамасы осыған дейін өзім көрген Түрген тауындағы Қайрақты және Аюлы, Алатаудың Теріскей бетінде Ыстықкөл маңындағы «Қыз бұрымы» сарқырамалары сынды үлкен әрі қарқынды емес, биіктігі 10-12 метр шамасында. Бірақ әдемілігі мен көркемдігі жағынан олардан еш кем түспейді. Қос жартастың арасын тесіп ағып жатқан сарқыраманың суы кейде гүрілдей, кейде жұқа жайылып ағады екен. Сарқыраманың етек жағында тастар арасында балдырлар өсіп жатыр.

Таудың тастай суын ішсең мейіріңді қандырып, бүкіл денеңе жаңа күш-қуат бергендей сезінесің. Әсіресе, шетелден келген туристер суға шомылып, алып тастардың үстіне шығып күнге қыздырынып жатты. Біз де әдемі сарқырама алдында естелікке суретке түсіп болған соң жол бойында әр-жерде жатқан қоқыстарды қабымызға салып, төмен қарай құлдиладық. Еріктілер жинаған қоқыстарымызды бір жерге үйдік, оны кейін қала тазалығына жауапты мекемелер алып кетті.

Шілденің ми қайнатар ыстық күнінде таудың таза ауасы адам жанын рахатқа бөлеп, жан сарайын ашып, рухын сергітіп, арманына қанат байлағандай. Бұлақтың тастай салқын әрі таза суын ішіп, жаяу серуендеудің өзі бір ғанибет.

Бутаков шатқалы тау туризмінің ішіндегі ең тамашасы, ғажабы дер едім. Бір жақсысы мұнда жылдың қай мезгілінде келсе де әдемі. Біз менмұндалап тұрған Талғар шыңын көрдік, ал қыста сарқырама қатып, жартастар көгілдір түсті мұзға айналады екен. Қаңтар-наурыз айларында мұз еріп, көшкін жүру қауіпі болғандықтан, шатқалға баруға рұқсат жоқ. Тіпті жаз мезгілінде таудан төмен түсу оңай болмады, өйткені төмен түсу үшін де кей таулардың биік шыңына шығуға тура келеді.

Білесіз бе, тауға шыққан сайын өзегіңіз талып, аяғыңыз қажалып, денеңіз күнге күйіп, қолдарыңызды қалақай шағып, рюкзак арқалаған екі иығыңыз дуылдап ашып, аңқаңыз кеуіп шөлдейсіз, тіпті кейде жауынның астында қалып, батпақ кешесіз. Бірақ осы қажып-шаршағаныңызды табиғаттың тамаша сұлулығы бір-ақ сәтте ұмыттырып жібереді. Өйткені, адам баласы өзін жайлылық зонасынан шығарғанда ғана өмірдің шын рахатын сезіне алады, өз әлемінен бөлек өзге әлемнің де бар екенін көзімен көріп, табиғаттың тынысын сезіне бастайды. Мұнда уақыт мәңгілікке тоқтап қалғандай, мүлгіген тыныштық пен мыңжылдықтар тоғысына куә болған алып шыңдар адамның арманына қанат бітіріп, көңіл көкжиегін ашып, жаңа белестерді бағындыруға құлшындырады.

Арайлым БИМЕНДИЕВА

 

Святыня Казахстана

Казахстан – огромная по территории страна с богатой духовной историей. Каркас нашей национальной идентичности образует комплекс памятников вокруг Улытау и мавзолея Кожа Ахмета Яссауи, древние памятники Тараза и захоронения Бекет-ата, древние комплексы восточного Казахстана, сакральные места Семиречья и многие другие. Поэтому я считаю, что сакральные места нужно объединить в культурно-гео- графический пояс, чтобы они служили символической защитой и источником гордости Казахстана. Даже президент говорил об образовательной подготовке каждого казахстанца по роли и месту культурно-географического пояса, о роли СМИ, а также подчеркнул, что внутренний и внешний культурный туризм должен опираться на это символическое наследие народа.

.JPG

У каждого народа, у каждой цивилизации есть святые места, которые являются ценным даром, носят общенациональный характер и составляют духовное наследие нации. В народе сохранились легенды и имена святых людей.

23 июля прошлого года я совершила паломническую поездку в подземную мечеть Бекет-ата. Мною двигало отнюдь не праздное любопытство. И как преподаватель строительных дисциплин Атырауского университета нефти и газа, хотела также воочию увидеть святые места Мангистау, чтобы поделиться увиденным со студентами. Использование в строительстве природного долговечного и пластичного в обработке материала известняка-ракушечника послужило сохранению памятников сквозь века и складыванию местных архитектурных традиций, связанных с обработкой камня, и приемов, используемых народными мастерами и по сей день.

Вот уже на протяжении нескольких лет в любое время года и отовсюду к мечети Бекет-ата устремляются паломники, чтобы поклониться его могиле, излечиться от недугов и попросить совета.

Как известно, Бекет Мырзагулулы – выходец из рода адай Младшего жуза, родился в 1750 году в городе Кульсары Атырауской области. Науки он постигал в медресе далекой Хивы. По возвращении на родину построил четыре мечети: первая – в Кульсары, ее называют Ак-мечеть, вторая – в меловых скалах на окраине поселка Бейнеу, третья – на плато Устюрт, четвертая – подземная мечеть, вырубленная в скальном мысе в урочище Огланды. Умер Бекет-ата в возрасте 63 лет и похоронен в одноименной подземной мечети в местности Огланды в Мангистау.

Женщинам и девушкам, собирающимся в паломническую поездку, необходимо длинное одеяние и платок на голову. Ношение брюк не приветствуется. Перед поездкой советую посмотреть прогноз погоды, взять с собой на всякий случай дождевики и закрытую обувь.

Обувь должна быть удобной, для ходьбы, спуска и подъема. С собой нужно взять платки, я купила х/б платки (7 шт.), можно больше, и даже взять у знакомых и передать от их имени, завязать туда монетки; баклажки, чтобы набрать воду из источников; 2 пакета с продуктами на общий дастархан гостевого дома Бекет-ата и Шопан-ата (чай, молоко, конфеты, финики, курагу, изюм, шелпек), салфетки.

Такси, выезжающие на паломнические места, можно найти на ж/д вокзале Атырау или по объявлению в местной газете «Ак жайык». Мы приобрели плацкартные билеты на поезд Атырау-Мангышлак до станции Шетпе. Поезд тронулся с Атырау в 10.56 утра местного времени, в Шетпе прибыли следующим утром.

По приезду начался дождь – Алланын нұры, как говорят у казахов. Сойдя с поезда, мы встретили таксиста Сериккали, который занимается перевозкой паломников. Он тут же предложил свои услуги. Договорились, туда и обратно – 7000 тенге с человека. Затем он довез нас до своего дома (проживает рядом с вокзалом), угостил чаем, дал в дорогу куртку, жилет, женский камзол. Нас было трое, а машина 4-хместная, поэтому пришлось ждать следующий поезд, чтобы взять четвертого человека, то есть желательно ехать в поездку по 4 или 6 человек. С нами поехала еще молодая женщина с ребенком до Жетыбая.

По пути подкрепились в столовой, там же накупили в дорогу самсу, чебуреки, в соседнем магазинчике купили тандыр нан для общего дастархана гостевого дома Бекет-ата и отправились дальше. Шофер хорошо знает эти места. Ехали быстро, благо, дороги позволяли. Дорога к Бекет-ата идет через Шетпе и Жанаозен. Жанаозен, как известно, нефтяной край. Повсюду нефтяные качалки, которые потом сменяются сказочным ландшафтом. Шофер объяснил нам, что раньше все это было дном моря.

Перед посещением мечети Бекет-ата необходимо посетить святую могилу святого Шопана-ата – мазар Кую Там XIII века. В мазаре паломники читают молитву и оставляют пожертвования. Когда мы приехали, в мазаре никого из служителей не было, поэтому молитву прочел сам шофер Серрикали. На стенах мазара можно увидеть рисунки древних художников. Мы повязали здесь по платку и двинулись дальше.

Следующий пункт назначения – некрополь Шопан-ата. Согласно истории, Шопан-ата был учеником Ходжи Ахмеда Яссауи. В 14 лет Бекет пришел поклониться праху почитаемого им мудреца Шопан-ата и получить благословение. Шопан-ата благословил юношу на постижение знаний.

В центральной комнате мечети стоял деревянный шест, который мы трижды обошли и получили от служителя мечети по отрезу ткани после прочтения им молитвы. Эти отрезы ткани обладают целительной силой, их нужно с верой прикладывать к больным местам.

Мы оставили пожертвования и платочки с завязанными монетками. Побывали в других комнатах, где каждый может попросить благополучия, здоровья себе и своим близким, что мы и сделали. После чего встали на вершину горы, в которой располагается сама мечеть, где и похоронен тесть Шопан-ата. На склонах горы расположено множество могил. Все надгробные камни пронумерованы. Рядом с могилой Шопан-ата располагается камень в форме мужского детородного органа, и женщинам, имеющим проблемы с беременностью или страдающим женскими болезнями, нужно просто посидеть на нем. Также здесь можно увидеть могильные камни – кулпытас с арабской вязью.

Хотела взять на память камешек, но не стала. Одна пожилая женщина объяснила, что брать домой с этих мест камешки не рекомендуется.

Спустившись вниз и испив воды из колодца, мы зашли в гостевой домик. Нас тепло встретили, угостили чаем. После этого мы отправились дальше. Дождь все усиливался. Как объяснил шофер Серрикали, мы должны скорее доехать до гостевого дома Бекет-ата и начать спускаться к мечети, чтобы успеть вернуться обратно до 18.00.

И вот мы доехали до гостевого дома, оставили там пакеты, прошли традиционное омовение в специальном помещении.

Дойдя до ворот с надписью «Бекет-ата», мы начали спуск к мечети по дорожке, выложенной ракушечными плитами. Спускались более получаса.

В мечети служитель прочел молитву. Здесь тоже нужно оставлять пожертвования. Выходили из мечети спиной вперед.

Далее нам предстоял еще один спуск. По тропинке к подножию скалы имеется святой источник с водой, которой промывают глаза. вода в этом источнике была с известковой примесью, и мы не рискнули ею промыть глаза, но сделали по глотку. На обратном пути возле второго источника мы наполнили баклажки водой с легким солоноватым вкусом из специальных краников. Вода, как объяснил шофер, только для питья, омываться ею нельзя.

Здесь поистине сакральные места. На пути нам не встречались ни животные, ни птицы, в основном здесь кружили крупные черные вороны. По пути можно остановиться в беседках, пообщаться с другими паломниками, передохнуть и продолжить путь. Паломники говорили друг другу «Қабыл болсын!».

К шести вечера мы были в гостевом дворе, где нас ждал дастархан, который был очень богат, так как каждый приносит с собой чай, молоко, сладости. Чай разливали молодые женщины из числа паломников, они же мыли посуду, менялись местами. Мужчины приносили воду. Во дворе построены беседки, территория обустроена. За дастарханом знакомились с другими паломниками и беседовали.

После вечернего чая нам подали бешбармак, арбузы, дыни. Затем начали раздавать платки.

Мы переночевали в гостевом доме Бекет-ата, в котором, как нам сказали, работают его потомки. В гостевом доме имеются две комнаты, одна для мужчин, другая для женщин. Имеются подушки, корпе. Ночлег бесплатный. Одна молодая женщина говорила, что ее сестре, которая приезжала в прошлом году в эти места, именно в этом гостевом доме приснился сон, который потом сбылся.

Проснувшись в 3 часа утра и умывшись, поклонившись гостевому дому, мы выехали. Вечером того же дня сели в поезд.

Побывав в поездке, ощущаешь облегчение, забываются все трудности и неудобства, которые ты испытываешь в дороге, появляется надежда, что все твои просьбы и молитвы будут услышаны. Считается, что необходимо побывать у Бекет-ата три раза, искренне обращаясь к нему за помощью.

Можно быть атеистом, но посетив святые места лично, испытываешь уважение и гордость за нашего прославленного земляка – просветителя, зодчего, провидца, целителя, батыра. Ведь сохранив культурное наследие наших предков, мы сможем гордиться перед поколениями через века.

В моих будущих планах – посещение Акмечети в Кульсары и священных мест в Туркестане.

 Калжан Мухамбетжанова

 

Долина замков

В 2017 году в нашей стране началась реализация проекта «Сакральная гео- графия Казахстана». В этот перечень вошли более 100 республиканских и 500 региональных достопримечательностей, выделенных по следующим крите- риям: природно-ландшафтные сокровища, археологические и архитектурные памятники, святые религиозные паломнические места, объекты, связанные с историческими личностями и политическими событиями Казахстана. Этот проект – готовый маршрут для внутреннего туризма по нашей Родине. Среди памятников природного наследия выделен и Чарынский каньон.

.JPG

Этим летом мне посчастливилось увидеть это чудо своими глазами. Мы посетили каньон в будний день, когда здесь не было толпы, как на алматинском Арбате, взяв джип-тур из Алматы. По дороге встретили группу велотуристов из Польши, а в самом каньоне несколько иностранцев из Англии и Бразилии. А в выходные дни можно доехать из южной столицы за 5 тыс. тенге на одном из множества туристических автобусов.

Ехали мы в степи, и вдруг перед нами – невероятный земной разлом с фантастическим лабиринтом каменных замков. Чтобы покорить горы, надо подняться снизу, а здесь наоборот, надо к ним спуститься сверху. Очень красиво, зрелищно, сказочно! Это была самая живописная часть каньона – Долина замков.

История Чарынского каньона началась около двенадцати миллионов лет назад, когда эту территорию занимало Илийское озеро. Итог многовековой работы воды, ветра и солнца – причудливый каньон, который простирается на 154 км в длину и имеет отвесные скалы высотой от 150 до 300 метров. Он второй по величине после Гранд-Каньона в США. По народным преданиям, в средневековье каньон использовался для проверки мужества самых сильных воинов, которые должны были пройти в одиночку опасный каньон, побороть голыми руками встретившегося зверя и переправиться через стремительную реку Чарын. Вероятно, это удавалось сделать единицам. Наши древние суеверные предки старались обходить стороной Чарынский каньон, называли его местом обитания духов и ведьм, дорогой в ад. Даже у нас, современных туристов, это мистическое место вызвало чувство восхищения и необъяснимого страха.

Долина замков напоминает разрушенный древний город. Красно-черно-рыжие ажурные скалы невероятных форм. Как будто попадаешь на другую планету! На дне каньона нам открылись утаенные пещеры, висящие над головами гигантские камни, которые, казалось, готовы в любую минуту рухнуть вниз. А ветер, ударяясь в пористую породу скал, создавал завораживающие звуки.

Дорога по Долине замков от спусковой лестницы через 2 км упирается в оазис – экологический парк с живописной рекой Чарын. Здесь можно отдохнуть, вкусно поесть и при желании переночевать в бунгало, юрте, домике или в своей палатке, чтобы полюбоваться предзакатными видами каньона, яркими звездами и послушать ночные страшилки.

Чарынский каньон – несомненно, одно из чудес света, и там непременно стоит побывать!

Рымтай ТУЛЕГЕНОВА

 

Абыройың арта берсін, Алакөл!

Қазір қауқары жеткеннің бәрі шет асып, қиырға шығып, демалып жүр. Бірі Анталья жағалауларында күнге қыздырынса, енді бірі сахараның шөлін басып, перғауындар елінде, тағы бірі Еуропаның тастақ көшелерінде еркін серуендегенді жөн көреді. Өз басым онда барсам да, осы кереметтердің бірін де көрмеппін. Басты себеп – қаржы емес, уақыт тапшы. Оның үстіне аса құлықты да емеспін. Кейде отырып сол кереметтердің мені таңғалдыра алмайтыны – қысында белуардан қар басып, ақ түтек бораны алай-дүлей болатын, көктемі жас арудай құлпырып шыға келіп, жазы жаңбыры аз, аптап ыстыққа ұласатын, күзі жерге көктен алтын төге салғандай сар далаға боялатын шығыстың көз тоймас сұлулыққа бай табиғатын көріп өскеннен кейін шығар деп ойлаймын. Сондықтан болар, жыл сайын еңбек демалысым санаулы күн болса да, туған аймаққа баруға асығып тұрам.

.JPG

Мен сағынатын өңір – Шығыс Қазақстан облысы, Үржар ауданы, Мақаншы ауылы. Сонау Қытай жерінен бастау алатын қарт Тарбағатайдың оңтүстік батыс бөктерінің құрғақ дала белдемінде орналасқан айрандай ұйыған ауылдың күні де ыстық, түні де ыстық мен үшін. Туған жерден жырақта жүрген мені қызықтыратын тағы бір жер – қасиетті Алакөл.

Ел аузындағы осы айдынды Алакөл менің кіндік қаным тамған жерден 90 шақырым қашықтықта жатыр. Бала күнімде ата-анамыздың ұжымдастары, болмаса жора-жолдастарымен бірге маусымына бірнеше рет баратынбыз. Бірақ қазір ондай мүмкіндік жоқ. Күнделікті күйбең тіршілік мұрсат бермейді. Десе де, қолым қалт етіп, жаз айларында жұмыстан босай қалсам бірден елге тартам. Биыл да солай болды.

Киелі қара шаңырақта 1-2 күн аунап-қунап, туған-туыс, ағайынмен арқа-жарқа болысымен, отбасымызбен суы шипалы, дертке дауа Алакөлге бет түзедім. Соңғы 3 жылда алғаш келуім. Бұрын жол машақаты қатты қинайтын. Биыл ол кемшілік жойылғанын байқадым. Жол тақтайдай, теп-тегіс. Бір сағатқа жуық уақытта көл жағасына да келіп жеттік.

Уақыт кешқұрым болатын. «Балапаным келдің бе?» деп сағыныштан көз жасын көл қылатын кейуанадай Алакөл аспаны түнеріп келіп, нөсерлетті-ай келіп… Мен қасиетті көлмен осылай көрістім. Осы ретте, әкемнің: «жаз жаңбырсыз өтіп барады, жерге тамшы да тамбады», – деген сөзі есіме түсіп, менің сапарым құт болды ғой деп ырымдап та қойдым ішімнен. Амал жоқ, жаңбыр астында жүріп, аялдайтын демалыс үйін іздеуге тура келді.

Іздегеніміз алдымыздан табылып, көңіліміз қалаған орынға жайғасып та үлгердік. Бұл да мені таңғалдырған дүние болды. Өйткені, бұрындары өзіңіз қалаған демалыс үйін таппай, тапқаныңыз көңіліңізге жақпай, келушілер біраз әуре-сарсаңға түсетін. Ал, қазір бәрі тамаша, демалушылар сұранысына қарай барлық жағдай ойластырылған. Тіпті, көлге алғаш келгендерге ақпараттық қолдау беретін «Турист инфо» атты ақпараттық орталық жұмыс істеп тұр. Орталықта демалушылар үшін қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде қызмет көрсетіледі. Сондай-ақ, әр туристің демалыс базасын іздеп сабылмасы үшін арнайы үйлер мен көшелер белгіленген карталар жинағы да бар. Ал, шипалы судың қандай дертке ем болатыны жайында қысқаша деректер енген кітапшалар сөреге қойылған. Осының өзінен-ақ, Алакөл өз келушілерін құшақ жая қарсы алып, лайықты қызмет көрсетуге дайын екендігін білуге болады.

Рас, соңғы 2 жылдан бері облыстық атқамінерлер Алакөлге ерекше көңіл бөліп отыр. Жергілікті басылым беттерінен «Алакөл Анталиядан асып түседі» сынды тақырыптардағы материалдарды жиі оқып, масаттанып отырушы едім. Оқығаным шындыққа айналды. Бүгінгі заман талабына сай бой көтерген демалыс үйлері, көлден шипа іздеген туристер үшін салынған арбат, субұрқақ, жағажай, сауда дүкендері, ойын-сауық орындары, дәмхана, мейрамхана, дәріхана, медициналық бекеттер бәрібәрі көңілімізден шықты.

Мерзімді басылымдардағы ақпарға сүйенсек, былтырдан бері Алакөл жағалауына 450 мыңнан аса турист келіп кеткен көрінеді. Олардың арасында шетелдіктер де бар. Расында да, көл суының қасиеті жайлы көне замандардан айтылып келеді. Тіптен жаугершілік заманның өзінде жорықтан қайтқан Шыңғыс хан жараланып, қансыраған әскерін осы Алакөлдің суына айлап жатып, шомылдырып емдеген деген аңыз бар. Одан берірек, Кеңес заманында ғарышқа ұшқан ғарышкерлердің барлығы жерге оралысымен, бойдағы радиациядан арылу үшін Алакөлде тыныққан.

Білетіндер, көл суының құрамында Менделеев кестесіндегі элементтердің көбі кездеседі деседі. Нәтижесінде судың денсаулыққа пайдалы екені медицинада дәлелденіп, тыныс алу мүшелері мен сүйек-бұлшық ет және жүйке жүйесі аурулары мен тері ауруларынан айықтыратын таптырмас қасиетке ие екендігін көпшілігіміз біле бермейміз. Суы түгілі ауасының өзі де жанға қуат береді. Өйткені, қуаң даладағы құрғақ ауа теңіз бетіндегі дымқыл ауамен араласып, жағасындағы адамға жағымды әсер етеді.

Онымен қоса, көнекөз қариялардың аузынан Алакөлге жақын жатқан атақты Барлық-Арасан шипажайының байлығы саналатын, емдік қасиеті мол «көз суы», «аяқ суы», «асқазан суы» да Алакөлге келіп құятынын естігенім бар.

Көл емдік қасиетімен ғана емес, өзінде тіршілік ететін құс, балықтарымен де мақтана алады. Мәселен, таңертең көлдің адам аяғы сирек басатын бөлігінен бірқазан, аққу, көкқұтан, тырна, шағала сынды құстарды көруге болады. Жергілікті халық құстың 60-қа жуық түрі мекендейді деседі.

Сонымен не керек, соңғы 2 жылда жаңа келбетке ие болған Алакөлдің басындағы 3 күндік демалысым жағымды әсер, жақсы естеліктерімен есте қалды. Күндіз көл суына шомылып, жанына рахат іздеген демалушылар кешқұрым жағалау мен арбатта еркін қыдырып, жергілікті, отандық өнер жұлдыздарының қойған концерттерін тамашалап, түн жарымына дейін сауық құрады.

Осы ретте, Алакөлдің абыройын қайта асқақтатуға жанын салып, тынымсыз еңбек етіп жатқан аймақ басшысы Даниал Ахметовтің есімін атап өтпеу орынсыз деп білемін. Әкім бастамасымен өзгерген киелі өлкенің қасиетті суы алдағы уақытта да әлі талай демалушының дертіне дауа боларына сөз жоқ. Көлдегі туризмді дамыту үшін жыл сайын тиісті бағдарламалар қолға алынып, қомақты қаржы бөлініп, мақсатты жұмсалып отыр. Егер жолды қысқартқысы келгендер аудан орталығы Үржарға дейін ұшақпен ұшып келіп, арадағы жолды 1 жарым, 2 сағатта еңсерсе, биылдан бастап Семей-Жалаңашкөл, Өскемен-Жалаңашкөл бағыттарында теміржол қатынасы іске қосылды. Жалаңаш пен Алакөлдің арасы шамамен 50 шақырым. Екі ортаға көлік ағылып жатыр. Жолы жөнделген, машақаты жоқ. Осының барлығы туристерге қолайлы жағдай туғызу үшін жасалып отыр. Алдағы жылдары осыған ұқсас жұмыстар легі жалғаса бермек.

«Жүз рет естігеннен бір рет көрген артық» демекші, Алакөл кереметтері мен қызықтарын бір мақалаға сыйдыру мүмкін де емес. Ендеше, елден жырақта демалыс өткізгенше, өзіміздегі байлығымызды, барымыздың бағасын асырайық.

Мен қайтқан күні көл тыныш еді. Жағаға жарыса соғылатын асау толқындар да саябырсып, қыз қолындағы көк орамалдай көл беті қол бұлғап көз ұшында алыстай берді. Абыройың арта берсін, Алакөл! Мен өзіңе тағы да оралам.

Ермек Исабаев

 

Баянауыл ‒ жер жәннаты

Павлодар облыстық Кәсіпкерлік, сауда және туризм басқармасы 14-16 қыркүйек аралығында ұйымдастырған үш күндік сапарда аймақтың тарихы туралы ақпараттар мен көрікті орындарына қанықтық. Көпшілікке белгілі тарихи мекен Баянауыл мен ондағы тамаша табиғаттың сыры кімде-кімді сүйсіндірері анық. Бүгінде бұл жерді көруге тек қазақстандықтар ғана емес, шет елден ат терлетіп келетін туристер қатары көп.

.JPG

Бірінші келген күні сапарлаушы топ Павлодар қаласының орталық көшелерін аралап, 2001 жылы ашылған Мәшһүр Жүсіп Көпеев мешіті мен 1942 жылы негізі қаланған Г.Потанин атындағы өлкетану музейіне бас сұқтық. Музейде Павлодардың ежелгі тарихын баяндайтын жәдігерлер мен осы өңір тумалары туралы ақпараттар жинақталған. Мұндағы бірнеше залдан археологиялық, палеонтологиялық, этнографиялық, нумизматика, сурет өнері коллекциялары, деректі, ғылыми, өндірістік жинақтамалар мен қару-жарақтарды көресің. Кезінде халық әншісі, композитор болған Майра Шамсутдиноваға да осы туған жері – Керекуде (Павлодар) музей ашылған.

Қаланы тамашалау кезінде павлодарлықтардың тарихи орындар мен ғимараттарға ерекше құрметпен қарайтынын байқауға болады. Мұнда көпестердің үйлерін көптеп кездестіресің және базары бар, олар көненің көзіндей қайта қалпына келтірілген. Бұл өңірде автобустардан бөлек, трамвай да жүреді.

Сондай-ақ, жергілікті тұрғындар ерекше жақсы көретін орындарының бірі – Ертіс жағалауы да қалаға әдемі көрік береді.

Ары қарай, Керекудің көз тартар керемет жері Павлодар облысының Баянауылына жол тарттық. Баянауыл ауданының орталығы саналатын елді мекен бүгінде курорттық аймақ, 1985 жылы Ұлттық табиғи саябақ статусына ие болған. «Шөлді даладағы таулы-орманды шұрат» деп атайтын Баянауыл таулары, ормандары мен өзендерінің бір-бірін толықтыра түскен әсем келбеті жанға рахат сыйлайды. Табиғаттың сұлу көркі адамның шабытын оятып, қиялдың шарықтауына ерік береді.

2

Баянауыл ұлттық паркінде үш ірі өзен бар. Шұрайлы мекеннің жақұттарымен таныстырып отырған экскурсия жетекшісі Сәуле Арғынова бұл өзендердің атауының тарихын баяндап берді. Мысалы, ең үлкен көл Сабындыкөл (мыльное озеро) өзенінің атауына қатысты «кезінде Баян сұлу шашын жуып жатып, сабынын суға түсіріп алған» деген аңыз бар. Тіпті, адамдар арасында өзеннің шынымен толқын кезінде көпіріп тұратыны туралы айтылады екен. Одан кейінгісі Жасыбай өзенінің атауы жоңғар басқыншыларына қарсы күрескен Жасыбай батырдың құрметіне 18 ғасырда берілген. Бұрынғы атауы Шойынкөл болған екен. Өзеннің тұп-тұнық бетіне қарасаң, айнадай көрінеді. Ал үшінші Торайғыр өзені Торайғыр бидің құрметіне солай аталған.

Баянауыл паркіндегі көз тамсандырар таулы-тастарды түрлі мүсінге ұқсатуға болады. Мысалы, сол жерге аяқ басқан туристер өзінше бір атаулар қойып жатады екен. Мұндағы ең биік тау – Ақбет тауы. Бұған қатысты жергілікті жұрт арасында «Кезінде бір жас қызды ата-анасы өзінен жасы үлкен бай шалға ұзатпақшы болған. Оған қарсы шығып, өз сүйгеніне қосылғысы келген қыз осы таудан секіріп өлген» деген аңыз тараған. Баянауыл десе, бірден ойға оралатын табиғат сыйы – «Кемпіртас». Расымен, тасты бір жанынан қарасаң, көз алдыға жалмауыз кемпірдің бейнесін алып келеді, екінші жағынан қарасаң, шашын жел ұшырып тұрған қыздың бейнесіне ұқсайды.

Бұдан бөлек, «Найзатас», «Данатас», «Баян ана», «Қоңыр әулие» деп аталатын керемет жерлер бар. Биікте тұрған «Қоңыр әулие» үңгіріне бүгінде тілек-ниеттерін айтып келетін туристер аз емес екен.

Баянауылға қарасты Торайғыр жерінде де өзенімен қатар, түрлі мүсінді бейнелейтін тастар көздің жауын алады. Өсімдік-шөптердің де түр-түрін кездестіруге болады. Бұл аумақта Сұлтанмахмұт Торайғыровтың кесенесі бой көтерген.

Ерекше атап өтер жайт, бұл өлке елімізге танымал ең алғашқы академик Қаныш Сәтбаевтың, Шапық Шөкиннің, Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің, Жүсіпбек Аймауытовтың, қазақтан шыққын алғашқы кинорежиссер Шәкен Аймановтың, Әлкей Марғұланның және т. б. атақты адамдардың дүниеге келген жері.

Табиғаттың осындай көрікті жерлері адамға шабыт сыйлап, ойға ой қосып, ұшқыр қиялға ерік береді. Алайда бұл сұлулықты көру үшін Солтүстіктегі екі айдай ғана уақытқа созылатын жаз аздық етіп отыр. Осы себепті де қысқы туризмді дамыту қолға алынуда. Павлодар облысына қарасты «Баянауыл» ұлттық мемлекеттік табиғи паркі «Астана ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесі құрамына кіріп отыр. Осыған байланысты шетелдік туристердің келіп-кетуін жеңілдету үшін ұлттық табиғи парк аумағына ұшып қону жолағы төселмекші, яғни, әуежай салынады. Демек, парк аумағында қысқы туризмді дамыту мәселесі де жолға қойылып отыр.

Қазіргі таңда Баянауыл аумағында туризмді дамыту жұмыстары қызу жүргізілуде. Мәселен, ол үшін былтыр республика және облыс бюджетінен 20 миллиард теңгеге жуық қаражат бөлінген.

Гүлім Шапағат

 

Науырзым қорығындағы демалыс

ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мұра тізіміне енгізілген Науырзым қорығы Қостанай облысының аумағында орналасқан. Негізінде, өзім Қостанай облысының тумасы болғаныммен, Науырзым қорығына алғаш рет табан тіреп отыр екенмін.

.JPG

Әрине, Науырзым қорығына Астана арқылы жетуге болады (өйткені Астана қ. тұрамын ғой), алайда жоспар бойынша облыс орталығы Қостанай шаһарына барып және қаланы аралап болған соң, өңірдің бас қаласынан шамамен 230 қашықтықтағы «Науырзым қорығы қайдасың?» деп жол тартып кеттім. Жолдағы елді мекендер мен трасса бойының табиғатын бақылап келемін, біздің ең шұрайлы, өмір сүруге ыңғайлы жерлеріміз ғой, шынында адам көзі қызығарлық жерлер, кейбіреулер бекерге көз алартып жүрмеген шығар, бірақ ата-бабамыз қасықтай қанымен қорғаған жерлеріміз ұрпағымыз үшін сақталып қалатынына өз басым қатты сенемін!

Мен шөлді-шөлейтті жердің тумасы болғандықтан Торғай мен Арқалық арасындағы табиғи айырмашылықты қалай байқасам, Астана мен Қостанай арасындағы айырмашылық та сондай екен.

Сөйтіп, көптеген елді мекендерден өттік, кейін Қобыландының аты қайтарылған Щербаковка атты ауыл есімде сақталып қалыпты және атақты Аманқарағай жері де ерекше екен.

Бала күнімнен көп еститін Аманқарағай жері де туризмге сұранып тұр, қарағайлы орман, оның үстіне үлкен байланыс жері.Сөйтіп әп-сәтте, үш сағат ішінде (біз сияқты тәуліктеп жүретін саяхатшыларға 3 сағат деген не тәйірі?!) Әулиекөлден өткеннен кейін Науырзымға да жетіп келдік.

Мұнда келген туристер үшін барлық жағдай жасалған, сапар орталығы жұмыс істеп тұр.

3

Қорықтың қонақтарға арналған сапар орталығында Науырзым қорығы туралы мол мағлұмат алуға болады.

Науырзым мемлекеттік табиғи қорығы туралы қысқаша ақпарат. Қорық 1931 жылы құрылған. Ол ЮНЕСКО, яғни, адамзат мұрасы болып табылады. Мұнда өсімдіктің 687 түрі кездеседі екен, ал оның 12 түрі «Қызыл кітапқа» енгізілген. Жалпы, Науырзым қорығы Торғай қолатының солтүстік бетінде орналасқан, табиғаттың ерекше керемет жері, ол – Қарағайлы Науырзым, Қарағайлы Тірсек және Қарағайлы Сыпсың деген үш экологиялық жүйеге бөлінген. Егер, қорық фаунасы 355 аң-құстан тұратын болса, аңның 45 түрі, құстың 294 түрі, жорғалаушылар мен қосмекенділердің 3 және балықтардың 10 түрінен тұрады екен. Айтқандай омыртқасыздардың 1500 түрі де кездеседі. Қорықта кездесетін құстың 44 түрі «Қызыл кітапқа» кіреді екен.

Жалпы, қорық шөлейтті жердегі орман аймағы десе де болады, оның үстіне тіпті құм арасында өсіп тұрған биік ағаштарды көргенде тіпті ерекше әсер етеді екен. Тіпті бір ағаштар Африка құрлығындағы баобабтарды еске түсіре ме өзі?!

Сөйтіп, қорық аумағын аралауға кірістік. Табиғаттың әсемдігін, ауаның кереметтігін, қысқаша айтқандай жер жаннаты іспеттес – Науырзым қорығын көрген де арманда көрмеген де арманда!

Әрине, қойнауы қазынаға, жері тарихқа толы, елі батыр, табиғаты керемет Науырзым жеріне Сіз де саяхат жасаңыз.

Енді, Науырзым қорығының табиғаты туралы мына суреттер сыр шертсін.

Амандық ӘМІРХАМЗИН