О газете

«Бiлiмдi ел – Образованная страна» газетінің контенті мен стратегиясы туралы

2014 жылы Республикалық білімділік қоғамдық-саяси газетінің жобасы жаңадан қолға алынды. Оған ел Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстанды дамыған 30 елдің қатарына кіргізу туралы міндетін жүзеге асыру жолында өзіндік кәсіби үлес қосуды мақсат еткен патриоттық талпыныс түрткі болды. Сауатты халықсыз, білімді елсіз бұл мүмкін емес! Осылай газеттің атауы мен тұжырымдамасы пайда болды. Оны редакция басылымның контентін дамытуға арналған стратегиясында ұстанып келеді.

Газеттің мазмұны әртүрлі – білім беру мекемелеріне, жоғары оқу орындары, колледж, мектеп, балабақша қызметкерлеріне, ата-аналар қоғамдастығына, студенттерге, оқушыларға және барлық білімге қатысты сұрақтарға бей-жай қарамайтын жандарға пайдалы әрі қажетті. Білім беру мазмұнының жаңаруы, мемлекеттік тілдің жетілуі, мәдени және рухани құндылықтардың қалыптасуы, патриоттық тәрбие, салауатты өмір салты және басқа да қоғамның дамуына арналған мәселелер – газеттің негізгі тақырыптары. Басылым озық ғылыми ойлардың, педагогикалық еңбектің, білім беру саласындағы тәжірибе алмасулардың көпшілікке таралуын мақсат етеді. Газет – педагогикалық қоғамдастықтың, білімді және зиялы адамдардың ақпарат көзі! Ол сіздің сенімді серіктесіңіз болуға дайын! Газет ҚР БҒМ ақпараттық қолдауы негізінде жарық көреді.

Басылымның ерекшеліктері

Басылымның өзгешелігі сол, оның бетінде бүгінде қоғам мен әр отбасын мазалаған білім саласындағы жаңарудың мәнін ашатын эксклюзивті, қайталанып басылмайтын мақалалар жарияланады. Егер БАҚ-на мониторинг жасалатын болса, газеттің «ҚазПошта» арқылы Қазақстанның барлық аймағын қамтитын, білім саласында екі тілде ақпарат таратуда шынайы таралымымен өзіндік орнын ойып алған, сапалы контенті бар, тұрақты газет екенін көреміз. Бүгінде басылым оқырманымен арадағы «кері байланыстың» тұрақтылығымен, бекемдігімен үлгі бола алады. Мақала авторлары көбіне оқырмандар мен педагогтердің өздері, себебі, қоғам санасын жаңғыртуда бейқамдық танытпай, белсенді түрде өз қатыстылығын көрсету – өте маңызды! Редакцияның электрондық поштасына жүздеген мақалалар келіп түседі, редакция сол себепті білім саласының мыңдаған қызметкерлерінің оқырман ретіндегі белсенділігімен мақтана алады.

Басылым – Мемлекет басшысының саясаты мен бағдарламаларын жүзеге асыру барысындағы, мектепке дейінгі, орта және жоғары оқу орнындағы білім бойынша, отандық ғылымдағы, азаматтық қоғамдағы, қоғамдық кеңестердегі, әскери-патриоттық тәрбиедегі, денсаулық, спорт саласындағы, тілдерді дамытудағы және т.б. бағыттағы өзекті мәселелерді тұрақты және жүйелі түрде жариялап отырады. Білімді, жоғары интеллектуалды ұлт болу –

қазақстандықтардың мақсаты мен міндеті. Ал газет міндеті – білімнен бастау алған озық өзгерістердің объективті ақпарат көзі болу.

Әлеуметтік желілер мен ғаламтор ғасырында баспа газеті өз маңызын жоғалтқан жоқ. Газеттің әр жаңа нөмірін асыға күтіп оқитын, қолдан қолға беретін оқырманы бар – баспа газетінің өзіндік ерекшелігі де осында.

«Бiлiмдi ел – Образованная страна» газетінде басылған мақалалар басылымның bilimdinews.kz корпоративтік ресурсына, Facebook, Instagram беттеріне және электронды таралым базасына салынады.

Бас редактор – Түркістанова Ләззат Мақсұтқызы, ҚР БҒМ Қоғамдық Кеңесінің мүшесі.

Анықтамалық «ҚазПошта» АҚ, жазылу индексі: 64603.

Тіркеуге қойылғаны туралы анықтамалық №7895-Г, ҚР Ақпарат және байланыс агенттігімен берілген. 2014 жылдан бері жазылым бойынша ҚР барлық аймағына таралады. Айына 4 рет, апта сайын, әр сейсенбіде, мемлекеттік және орыс тілдерінде жарық көреді.

 

О контенте и стратегии газеты «Бiлiмдi ел — Образованная страна»

В 2014 году с нуля был разработан проект республиканской образовательной общественно-политической газеты. Стимулом стало патриотичное стремление внести свою профессиональную лепту в реализацию поставленной задачи Президентом Н. А. Назарбаевым о вхождении Казахстана в число 30 развитых стран мира. Без Образованной нации, без Білімді ел это невозможно! Так родились название и концепция газеты, которой редакция следует в стратегии развития контента издания.

Тематика газеты самая разнообразная, полезная учреждениям образования, сотрудникам вузов, колледжей, школ, детских садов, родительской общественности, студентам, ученикам и всем, кто неравнодушен к вопросам образования. Издание ставит своей целью популяризацию передовой ученой мысли, педагогического труда, пропаганду передового опыта в сфере образования.

Газета является рупором педагогической общественности, грамотных и интеллигентных людей!
Редакция готова стать вашим надежным партнером! Тематика – обновление содержания образования, развитие государственного языка, формирование культурных и духовных ценностей, воспитание патриотизма, формирование здорового образа жизни и другие направления. Газета выходит при информационной поддержке МОН РК.

Особенности издания

Отличие данного печатного медийного ресурса в том, что в нем нет перепечаток, статьи эксклюзивные, раскрывающие суть преобразований в сфере образования, что сегодня волнует каждую казахстанскую семью и общество. Если провести мониторинг СМИ, газета представляет собой стабильный, занявший свою нишу двуязычный рупор сферы образования с реальным тиражом, охватывающим все регионы Казахстана через канал «КазПочты» и качественным контентом. Газета – пример прочно утвердившейся «обратной связи» с аудиторией. Зачастую авторами являются сами читатели, педагоги – это очень важно, когда общество неравнодушно, активно, выказывает причастность к модернизации общественного сознания! На электронную почту редакции приходят сотни материалов – редакция по праву гордится читательской активностью многотысячной армии работников сферы образования.

Актуальные вопросы хода реализации госпрограмм и политики Главы государства, дошкольного, среднего и вузовского образования, отечественной науки, гражданского общества, общественных советов, военно-патриотического воспитания, здоровья, спорта, социума, развития языков, детства – эти и другие направления газета освещает системно и взвешенно. Быть образованной, высокоинтеллектуальной нацией – цель и задача казахстанцев, миссия газеты – быть объективным, взвешенным информационным рупором прогрессивных преобразований, у истоков которых стоит ОБРАЗОВАНИЕ.

В век социальных сетей, интернета, печатная газета не изжила себя. Газету передают из рук в руки, с нетерпением ждут свежий номер – в этом изюминка бумажного медийного ресурса!

Материалы, публикуемые в газете «Бiлiмдi ел — Образованная страна», размещаются на специализированном интернет-ресурсе издания bilimdinews.kz

Главный редактор – Ляззат Максутовна Туркестанова, член Общественного Совета МОН РК

Каталог АО «КазПочта», подписной индекс издания 64603.

Свидетельство о постановке на учет №7895-Г выдано Агенством информации и связи РК 30.05.2014. Распространяется c 2014 года по подписке по всей территории РК. Периодичность 4 раза в месяц, еженедельно, вторник на 2 языках: государственном и русском. Большая электронная рассылка!!!!!!

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...