Педагогтердің құқықтарын бұзу фактілері бойынша нақты шаралар қабылданды (бейне жазба)
Жаңа нормаларға сәйкес ҚР БҒМ Білім беру саласында сапаны қамтамасыз ету департаменттері Қазақстан Республикасының заңнамасымен бекітілген педагогтердің құқықтары мен заңды мүдделерін бұзатын тұлғаларға қатысты заңнамада көзделген барлық шараларды қолдануға құқылы, – деп хабарлайды салалық құрылымының баспасөз қызметі.
Педагогтерді: кәсіби міндеттеріне байланысты емес жұмыс түрлеріне тартуға; олардан заңда көзделмеген есептілікті не ақпаратты талап етуге; педагогке тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу бойынша міндетті жүктеуге жол берілмейді. Құқықтарыңыз бұзылған жағдайда жергілікті аумақтық департаментке хабарласыңыз.