Ұстаз болғым келеді – 2020: Аружан Қабдолдаева жүлделі бірінші орын иегері

Мамандық жайында туындаған алғашқы жағдайларды  пайымға алсам, менің өмірлік арманым – ұстаз болу. Шыны керек осы уақытқа  дейін ойымды қолдағандарға қарағанда, сынағандар саны көп болды. Неліктен? Адамзаттың ең соңғы кезекте тұқым қуалау мен қоршаған ортаның өнімі екеніне сенгім – ақ келеді. Дегенмен, әсері барын  біліп-ақ жүрміз ғой. Көріп өскеніміз бір-біріне ұқсайтын  бір әдісті қолданатын мұғалімдер, еститініміз оқуға түсе алмай қалған  түлектердің  амалсыздан  ұстаздыққа баруы.  Кейбір елдерде ең жоғарғы балл мұғалім мен дәрігер болу үшін керек болса, ал біздің елдегі жағдай әзірге осындай. Мұғалімнің қадірін білмеген соң, құны қайдан болсын?

Бірде ойыма сіңілімнің  айтқан сөздері  түсе кетті. Ұлттық бірыңғай  тестілеуге дайындығымның қызып тұрған кезінде ол маған: – Сенің сабақ оқымай, жай отырған кезіңді ұмытып қалыппын, – деген болатын. Сонда  маған    келген ой: «Мен не үшін оқимын?», – алдағы он жылдық өмірімдегі әрбір іс-әрекетімді жоспарлап, барлық сұрақтарды қарастырып қойғандаймын. Мен барынша тұлға ретінде қалыптасуым керек. Халқына берері көп альтруист, бастысы  рухани көмек бере алатын педагог – маман ретінде аяққа нық тұруым қажет. Қазақстандық  қоғамда  қалыптасып  кеткен  кері  тартатын кейбір мәселелер мен таптаурын пікірлерден құтылатын кез жетті, – дегім келеді. Әрбір ата-ана баласынан мектепте жан-жақты дамыған  адамды жасап  шығаруын күтеді. Алайда  мұның  қалай  жүзеге асатынынан хабары жоқ. Әсіресе, бала ата-анасын күніне түсте  немесе  кешке ғана  көретін осындай  заманда, баланың  тұлға ретінде  қалыптасуындағы бірінші  орынға  ана немесе әке емес, жақсы педагог шығып келе жатыр десек те болады.

Реннесанс заманына енді жеткендегі оқу мен білімнің әлі артықшылық  ретінде  қабылданған  кезеңдерінде әлем  осы күйіне жету үшін  талай асулардан  өтті.  Бұл – жақсы педагог  баланың  жанын түсінетін және оған сенетін  адам, – деп санаған Монтень, Раби, Роттердамскийлердің кезеңдері.  Әлем өзгерді, біз де  өзгеруіміз қажет. Мені  осы жолда қызықтырғандардың бір себебі де осы болар. Қазақстанымды жаңа дәрежеге көтеруші жаңашылдардың қатарында өзім де  болғым келеді. Еңбек жолына келгенде, алғашқы ісімді қала және ауыл мектептерінің арасында қалыптасқан қамалды құртуға арнамақпын. Біз бұл өмірге  бірдей мүмкіндіктерді  иеленіп келдік. Әркімнің  жақсы  өмірден үміті болуы керек. Мен мүмкіндіктерді  дұрыс пайдалана білуді  барлығына  үйретуді шын жүректен қалаймын.

Ойымды қорытындылай келе, мен болашақ шәкірттерімнің менімен  сырласындай сөйлесіп, білімді  және  өмірге деген өзіндік философиясы бар адам  болып қалыптасуына өз үлесімді қосқым келеді. Мен, адамның жанымен, мінез – құлқымен  қатысы бар мамандықты  таңдадым. Сондықтан  күйбең тіршілік  қамында қалып қоймайтыныма да сенімдімін! Себебі, менің жүрек түкпірімдегі қалауым ұстаз болу!

Аружан Берекқажықызы ҚАБДОЛДАЕВА,
№1 орта мектептің 11 сынып оқушысы, Алматы
облысының Алакөл ауданы, Үшарал қаласы, Байқаудың
бірінші орын иегері ретінде облыстық білім кәсіподағы ұйымның І дәрежелі дипломымен марапатталды және
бағалы сыйлығы – смартфон

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий