Төмен білім алған балалар үшін грант беру өркениетті елдерде жоқ

Қызылорда облысының бюджеті есебінен жлғары оқу орындарына 150 грант бөлініпті. Бұл жылына облыс бюджетіне 75 млн теңге салмақ салады деген сөз. Сырт қарағанда өте дұрыс. Осы грант арқылы тұрмысы төмен отбасыларының балалары бакалавр дәрежесі бойынша мамандық алуға мүмкіндік алады. Ол мамандықтың тізімінде білім, өнер, ауыл шаруашылық, техникалық және дәрігерлік тағы да басқалары бар екен, – деп жазады фейсбук әлеуметтік желісіндегі парақшасында.

Ал енді статистикаға сүйенсек: елімізде жыл сайын барлық мамандықтар бойынша жоғары оқу орындарына 110 мың түлек бітереді, оның ішінде 63 оқу орны жылына 25 мыңнан аса педагогтер, жеті оқу орны 3 мың дәрігерлер даярлап шығарады. Елде кадрден тапшылық жоқ. Керісінше көптеген мамандықтар бойынша он жылға жететін мамандар даярланды. Мәселе сол мамандардың сапалы дайындалуы мен өз мамандықтары бойынша жұмыс істеуінде. Өзім аралап көзбен көрген ауылдарда, еліміз бойынша солай деп есептеймін, ауылдық жерлерде дәрігер, ауыл шаруашылыгы мамандары жетіспейді.

Өйткені оларды материалдық жағынан (баспана, көтеріңкі қаржы) ынталандыру тетігі дұрыс қарастырылмаған. Осындай гранттарды керісінше оқу орындарын бітірген ауылдық жерде жұмыс істеймін деген мамандарға бұрсақ анағұрлым тиімді болар еді. Өзімнің жеке пікірім, тегіне қарамастан кімнің баласы болсын бәрібір ЖОО – ға білімді жеткеншек түсу керек. Орта мектепте он бір жыл бойы төмен білім алған балалар үшін грант беру өркениетті елдерде жоқ.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий