“Екі апта ауылда” – ұлт тарихы мен тіршілігін танытатын жоба

Қызылорда қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары жазғы демалыс уақытында ауылға барып, ауыл жұртшылығының тіршілігіне араласу арқылы еңбекке баулыды. Тоғызыншы сынып оқушысы Нұрсая Зинадинова жазғы демалыста Қазалы ауданы «Бекарыстан би» ауылының тыныс-тіршілігімен танысты, – деп хабарлайды осы білім ордасының баспасөз қызметі.

Облыс орталығында туып өскен жас дарын ата-бабаларының туған жеріне баруға ерекше қызығушылық танытты. Жоба барысында жергілікті тұрғындармен тілдесіп, ауыл тарихы бойынша қосымша ақпарат алған Нұрсая, халықтың жасап жатқан тіршілігін көріп, өз бойында бірнеше қасиеттерді дамыта алды. 

– Ауыл тіршілігі өте ерте басталады. Таңмен тұрғындар төрт-түлік малды өріске айдап, бақшаны суару, сүт өнімдерін жасау секілді жұмыстармен айналысады. Мен апамнан ұйыған қатықтан күбі пісіп, май мен құрт жасау технологиясын меңгердім. Барлық байлық ауылдан шығады деп ойлаймын. Сол үшін ауылдың қадір-қасиетін түсінуіміз керек, – дейді Нұрсая.

Бірнеше жылдан бері Қызылорда қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде жүзеге асырылып келе жатқан «Екі апта ауылда» әлеуметтік жобасына 7-10-сынып оқушылары қатысады. Жас зияткерлер ата-аналарының туып өскен киелі жерлеріне барып, қазақтың салт-дәстүрі, өлең-жыры, өнері мен мәдениеті тоғысқан ауыл тұрмысын көзбен көре алады.

– Мен ата-әжеме бақшадағы көкіністертерді, жеміс жидектерді күтіп-баптауға көмектестім. Қамысты ору, сиыр мен ешкілерге жем беру жұмыстарын жасадым. Ауылда өткізген әрбір уақыт мен үшін көптеген тәлім-тәрбие берді. Мен өзімді ерте тұруға, еңбек етуге үйреттім», – дейді жобаға тағы бір қатысушы Нұржан Зейнулла. Жоба қалада өскен балаларда «ауыл» түсінігі қалыптасып қана қоймай әлеуметтік-экономикалық мәселелерін шешу бойынша зерттеу жұмыстарын жүргізуге негіз болды.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий