Тамыз мәслихаты: Оқулық сапасын қалай арттырамыз?

Оқулықтардың айналасындағы қоғамдық пікірлер толастамай келеді. Жылда, оқу жылы басталғаннан, әлеуметтік желілер мен бұқаралық ақпараттық құралдарында оқулықтың мамзұны, оның сапасы жайлы жарияланатын пікірлер қоғамның назарын бұрып отыр. Осы жағдайдың алдын-алу мақсатында “Оқулық” республикалық ғылыми-практикалық орталығы, соңғы жыл бойы біршама шараларды қолға алып, іске асырды. Ең алдымен, қолданысқа енетін 11-сынып оқулықтары мұқият сараптамадан өтіп, бірнеше қоғамдық талқылауға салынды.

Тамыз педагогикалық оқулары аясында, 11-сынып оқулықтары бойынша 17 аймақтың 60 000 ұстазына жоспарланған республикалық аймақтық семинар ұйымдастырылды. Онлайн жүргізілгеніне қарамастан, оқулық авторлары мен әзірлеушілер 17 күн бойы қатысып, пән мұғалімдеріне оқулықтардың мазмұны мен құрылымы, оның ерекшеліктері жайлы түсіндірме берді. 11-сыныпта сабақ жүргізетін барлық мұғалімдердің қатысуымен әр кездесудің соңы пікір алмасумен жалғасып, сұрақтарына бірден жауап алып отырған ұстаздар қауымы семинарды ұйымдастырушылрға да, оның жұмысына да, оқулық авторларына да өздерінің ризашылығын білдірді.

«Оқулықтар мен электронды оқу басылымдарының сапасы» атты секциялық онлайн–талқылаулардың ұйымдастырылуы ерекше орын алды. Оқулық сапасы туралы мәселелер және оларды шешу жолдарын айқындау бойынша секциялық отырыстар 11-14 тамыз аралығында баспагерлерді, редакторларды, оқулықтар мен бағдарламалардың авторлары мен әзірлеушілерін, әдіскерлерді, білім беру ұйымдарының басшылары мен мұғалімдерін, ғалымдарды, сарапшыларды бір диалог алаңына біріктірді. Секциялардың онлайн-талқылауларында қозғалған негізгі тақырыптар: оқу әдебиеті сапасының мәселелері және оларды жетілдіру жолдары; қашықтан оқыту жағдайында электрондық оқу басылымдарын әзірлеу сапасы және пайдалану тиімділігі; қазіргі заманғы талаптар контекстінде мектеп кітапханаларын трансформациялау; оқулықтарды әзірлеу, сараптау, апробациялау және сапасын мониторингілеудің жаңа тәсілдері.

Секциялардың жұмысында шамамен 1,5 мыңға жуық қатысушы қамтылды. Бірінші күні вице-министр Ш.Каринованың және Орталық директоры Г. Бейсембаевтың құттықтау сөздерінен кейін, Ы.Алтынсарин атындағы ҰБА вице-президенті А. Мұхамедханова оқу бағдарламаларының мазмұны, педагогика ғылымдарының докторы Ж.Даулетбекова оқулықтардың сапасын жетілдіру, сарапшы Қ. Смағұлова оқулықтарды сараптау мәселелері, БҚО пилоттық мектебінің мұғалімі Б. Жұмағалиева алдыңғы сынақтардың нәтижелері, “Көкжиек-Горизонт”баспасының басшысы А. Елемесова оқулықтарды әзірлеу туралы проблемалар көтерілді. Бұл мәселелердің өзектілігі Орталықтың жұмысына енгізілетін өзгерістердің мазмұнын айқындауға өз үлесін қосатыны сөзсіз.

Диалог алаңы цифрлық білім беру ресурстарын әзірлеушілерге ауысып, отандық және шетелдік баспагерлер қашықтан оқыту жағдайында цифрлық ресурстарды білімге трансформациялау тәжірибесімен бөлісті. Сондай-ақ, білім беру ұйымдарының басшылары мен өкілдерін қызықтырған сапалы өнімдер ұсынылды. Айтарлық, Венгрияның MOZAIK Education баспасының өкілдері Питер Торок пен Максим Чигрин, Ресейдің «Просвещение» баспасының өкілі Татьяна Серебрякова өз өінмдерін ұсынғанда сандық контентті оқу процесіне біріктіру, авторлық құқықтың сақтау жолдары, қолданыстағы талаптар бойынша мазмұнын верификациялау сияқты тәжірибелерімен бөлісті. Отандық «Алматыкітап» пен «Келешек-2030» баспалары да тыңдаушылардың қызығушылығын арттырған сандық ресурстарын ұсынып, сұраныстарға ие болып жатты.

Білім беру ұйымдарын мектеп оқулықтарымен және оқу әдебиеттерімен қамтамасыз ету процесі қоғамның ерекше және жіті назарын аударады. Бұл бағытта мектеп кітапханаларының рөлі баға жетпес. Семинар мектеп кітапханашыларының тарапынан қолдау тауып, еліміздің кейбір аймақтарында мектеп кітапханаларының материалдық-техникалық базасының төмендігін, ұйымдастыру техникасының, интернеттің жоқтығын тағы бір айқындады. Мектеп кітапханасының мәселелесі бұрын-соңды осындай республикалық деңгейде көтерілмегені туралы айтып, пікірлерін ортаға салуға мүмкіндік бергені үшін тыңдаушылар алғысын білдірді. Мектеп кітапханаларының жұмысы ҚР БҒМ Республикалық ғылыми-педагогикалық кітапханасының қызметімен реттелгенмен, материалдық ресурстарға қол жеткізу мүмкіндігі жоқтығын, мектеп кітапханаларының бағыныштылығы туралы мәселе де қозғалды.

Кәсіби қасиеттері қазіргі кезеңде олардан әдебиетті таратып, оларды картотекада жіктей білуді ғана емес, сонымен қатар республикалық және әлемдік маңызы бар кітапхана қорының шексіз ақпараттық кеңістігін түсінуді талап ететін кітапханашылардың мәртебесі де мазалайтынын қозғады. Еңбекақыларының көлемін атқарылатын функциялары мен талаптарға сәйкес теңестіруін де өтінді. Әсіресе білім беруді сандық кеңістікке трансформациялау қажет жағдайында кітапханашылардың да міндеттері артатынын басшылыққа алу қажет. Сондықтан, кітпаханашылар өздерін маман ретінде педагог мәртебесіне теңестіру туралы орынды пікірлерін білдірді.

Секциялық отырыстар, оқулықтарды әзірлеу, апробациялау және сапасын мониторингілеу мәселелері туралы өзекті тақырыптардың бірін талқылаумен аяқталды. “Оқулық” Орталығы (Ә.Дүйсебек, директордың орынбасары) сарапшылар базасын кеңейту, оқу басылымдарын әзірлеу және сараптау процесіне жас мамандарды тарту жобаларымен, сондай-ақ, оқулықтарды әзірлеуге және олардың мазмұнының сапасына қойылатын заманауи талаптармен таныстырды. Оқулықтардың авторлары мен әзірлеушілері (Р.Қаратабанов, Д. Карес) өз тәжірибесінде қолданатын жобалау әдістерін ұсынды және әдістемелік аппараттың ерекшеліктерін көрсетті. Инновациялық технологиялар STEAM-білім берудің мазмұны мен әдіснамасын ашу арқылы ұсынылды (А.Түсіпжанов).

Семинарда қозғалған мәселелер мен іске асырылып жатқан жобалар қызу талқылаулармен жандана түсті. Қатысушылардың қамтылған контингентіне қарамастан, спикерлер де, тыңдаушылар да ұсыныстарын, пікірлерін еркін білдіруге, проблемаларды ашық айтуға және оларды шешу жолдарын іздеуге мүмкіндік алды. Республикалық семинар және секция жұмыстарының оқулықтар мен оқу әдебиеттері мазмұнының сапасын қамтамасыз ету және жетілдіру, сараптаманы, апробация мен мониторингті іске асыру мәселелерін талқыға салуы, “Оқулық” орталығының қызметін одан әрі жоспарлау траекториясын анықтауға мүмкіндік берді. “Оқулық” орталығы барлық спикерлер мен қатысушыларға қолдау көрсетіп, пікір алысып, толыққанды және қызықты тәжірибе-жобалармен бөліскені үшін шексіз ризашылығы мен алғысын білдіреді.

Дана РАУ, Нұр-Сұлтан қаласы

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий