Жас ғалымның ғылым саласындағы жаңа қағидалары

Жұмыс күрделі кезеңде басталып отыр. Елімізде жер-жаһанға зор қауіп төндірген COVID 19 және пандемия әлі де жалғасуда. Қазіргі күрделі жағдайда Сіздер және Біздер болып зор жауапкершілік және табандылық үлгісін жасау керекпіз. Сол кезде ғана қазіргі қиындықты міндетті түрде еңсереміз. Әлемнің жаңа болмыс-бітімі қалыптасып жатқан шақта, Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың биылғы Жолдауында айтылған басымдықтарды негізгі бағдар етіп ұстануымыз қажет.

Бізде жүйелі әрі біртұтас ұстаным жоқ. Соның салдарынан сансыз көп жобаға қаражатты ысырап етіп отырмыз. Ендігі мәселе ғылым саласын дамыту туралы бізге тың көзқарас пен жаңа тәсілдер керек. Ғылымды қаржыландырудың және қолдаудың маңызды көзі – ірі кәсіпорындардың, әсіресе шикізат саласындағы компаниялардың қаражаты. Бұл, ең алдымен, Жас ғалым мен өнеркәсіп арасындағы тұрақты диалог. Ірі бизнес өкілдері университеттердің ғылыми қызметін қызығушылық танытып, өнеркәсәппен қоян қолтық жұмыс жасау керек. Бұл – ғылым саласындағы реформаларды жан-жақты ойластырып, дәйекті түрде жүзеге асырған жөн. Оны жаңғырту ісі жалғаса береді. Осыған байланысты Аса маңызды мәселенің бірі –Жас ғалымдарды ынталандыру моделін әзірлеу

Мысалы, магистранттар мен докторанттардың бөлініп отырған мемлекеттік гранттардың артқаны ғылыми жұмыс немесе жобарының өзектілігі мен қолданбалық маңыздылығы туралы құнды ақпаратқа қатысты өндірістік сұраныс зерттеулерін артқанын көрсетіп отыр. Біз бір орында тұрған жоқпыз. Түйткілді тұстарымыз бен кемшіліктерімізді жақсы білеміз. Ғылыми даму жүйемізді ел болып, жаңа жағдайға бейімдеп, оны біртіндеп жетілдіріп келеміз. Ғылым саласында жаңа қағидаттар және жаңа бағдарлар салтанат құруға тиіс. Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлы: «Білімді болуға оқу керек. Бай болуға кәсіп керек. Күшті болуға бірлік керек. Осы керектердің жолында жұмыс істеу керек.

Азиза ҚЫДЫРАЛИЕВА, 
М.Әуезов атындағы ОҚУ-дың докторанты

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий