Ұстаздар: Мұғалімнің беделі ең алдымен өзіне байланысты (бейне жазба)

Қазақстандық педагогтер мұғалімнің беделі ең алдымен оның өзіне байланысты деп есептейді. Ұстаздардың пайымдауынша, мұғалімнің беделі оның кәсіби тұрғыдағы біліктілік қасиеттерімен және кәсібіне деген адалдығымен өлшенеді. Осы ретте назарларыңызға педагогтердің “Мұғалімнің беделі неге байланысты?” деген сауалға берген жауаптарын ұсынамыз, – деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі.

View this post on Instagram

?Қазақстандық педагогтер мұғалімнің беделі ең алдымен оның өзіне байланысты деп есептейді. Ұстаздардың пайымдауынша, мұғалімнің беделі оның кәсіби тұрғыдағы біліктілік қасиеттерімен және кәсібіне деген адалдығымен өлшенеді. ?Осы ретте назарларыңызға педагогтердің «Мұғалімнің беделі неге байланысты?» деген сауалға берген жауаптарын ұсынамыз. ?Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, 31 жылдық еңбек өтілі бар Гүлмира Рыскелдиева мұғалімнің беделі ең алдымен оның біліктілігі мен біліміне, сондай-ақ адамдық қасиеттеріне байланысты деп санайды. ?«Мұхтар Шаханов айтқан ғой, оқушы деген – күйсандық. Күйсандықты кілтін таба алған адам ғана аша алады. Сол кілт табылған кезде мұғалімнің оқушы алдында беделі артады. Ұстаздың беделі оның білімділігіне, адамдық қасиеттеріне байланысты», – дейді Г.Рыскелдиева. ??????????????? ?ПЕДАГОГИ: УВАЖЕНИЕ К УЧИТЕЛЮ ФОРМИРУЮТ ЕГО ЗНАНИЯ И УМЕНИЯ ?По мнению казахстанских педагогов, уважение к учителю формируется в первую очередь на основе его высокого профессионализма и личностных качеств. ?По словам учителя русского языка и литературы с 34-летним стажем Айжан Ерболатовой, уважение к педагогу основывается на его знаниях и навыках, уровне профессиональной подготовки, но немаловажную роль в повышении статуса учителя играет общество. ?«В 2019 году в Казахстане был принят закон «О статусе педагога». Этот документ очень важен для нас, для учителей», – отметила А. Ерболатова. @edu_news_qz

A post shared by EDU NEWS (@edu_news_qz) on

Отыз төрт жылдық еңбек өтілі бар орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Айжан Ерболатованың айтуынша, мұғалімнің беделі бірінші кезекте өзіне, одан кейін қоғамға байланысты. – Ұстаз мәртебесі ең алдымен өзіне және қоғамға байланысты. 2019 жылы “Педагог мәртебесі туралы” Заң күшіне енді. Бұл құжат біз үшін, яғни ұстаздар қауымы үшін аса бір маңызды болғандықтан, мұғалім мәртебесін көтерді, – дейді ұлағатты ұстаз. Ал қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, 31 жылдық еңбек өтілі бар Гүлмира Рыскелдиева мұғалімнің беделі ең алдымен оның біліктілігі мен біліміне, сондай-ақ адамдық қасиеттеріне байланысты деп санайды.

– Мұхтар Шаханов айтқан ғой, оқушы деген – күйсандық. Күйсандықты кілтін таба алған адам ғана аша алады. Сол кілт табылған кезде мұғалімнің оқушы алдында беделі артады. Ұстаздың беделі оның білімділігіне, адамдық қасиеттеріне байланысты, – дейді Г.Рыскелдиева. Тарих пәнінің мұғалімі Жазира Кирбаева болса, мұғалімнің беделі – оның кәсіби тұрғыда нағыз шебері болуымен өлшенетінін айтады. “Мұғалім өз пәнін жақсы көріп, жетік меңгеруі керек және өзінің ұстаздық қызметіне адал болуы керек. Сол кезде ғана ұстаздың беделі өседі”, – деп өз ойымен бөлісті Жазира Кирбаева.

Келе жатқан кәсіби мерекелеріңіз құтты болсын, құрметті ұстаздар! Мерейлеріңіз өсіп, мәртебелеріңіз арта берсін! 
#ҰстазымаМыңАлғыс
#СпасибоВамУчитель

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий