Шебер сабақтар – педагог мәртебесі

Жаңа оқу жылының жаңа форматта басталғаны баршаға белгілі. Оқу барысында қолданып жүрген онлайн, қашықтан оқу, бейне арқылы тілдесу секілді жаңа сөздер де таңсық болмай кетті. Дегенмен алыс-жақын аймақтағы педагогтардың тәжірибе алмасуына, семинар, шебер сабақтар өткізуге таптырмас құрал болғалы тұр.

Дәл осындай мүмкіндікті шығармашылық академиясының би әлемі және көркемдік бейнелеу факультетінің педагогтары да пайдалануда. Қосымша білім беру ұйымдарының басшылары мен педагогтеріне арналған, балалардың би әлемін түсініп қабылдаудағы талғампаздығын тәрбиелеу, эстетикалық сезімталдығын қалыптастыруда білімді, мәдениетті болып өсуіне әсер ету мақсатында «Қазіргі заманғы халықтық және классикалық би өнерін көрсететін көркем қозғалыстар» және сурет салу машығын қалыптастыру мен дамыту, қыр-сырларын үйрену мақсатында «Бейнелеу өнері сабақтарында оқушылардың эстетикалық талғамын және көркемдік-шығармашылық қабілеттерін дамыту» атты республикалық онлайн семинары республикалық оқу-әдістемелік қосымша білім беру орталығының ұйымдастыруымен өткізді.

Би – адам баласын үнемі көтеріңкі көңіл-күйде, қанаттанып жүруге мәжбүрлейтін өнер. Сұлулық, сымбаттылық, әсемдік сыйлайды, еңбектенуге баулиды. Ол этика мен эстетикалық тәрбие беріп қана қоймай, жанға қуат береді. Би өнерімен айналысу балалардың көркемдік талғамын дамытады, олардың орындаушылығының сұлулығы мен байсалдылығын тәрбиелейді, жалпы мәдениетін қалыптастырады, балалардың гормоникалық, көркемдік-эстетикалық дамуын қамтамасыз етеді. Классикалық бимен айналысу балаларды әдемілікке және қимылдарының нақтылығына үйретеді, күші мен икемділігін арттырады. Шебер сабақты шығармашылық академиясының қосымша білім беру педагогі «GULNAR» халықтық би ансамблінің жетекшісі Гульнар Байдильдинова «Қазақ халық биінің элементтері» тақырыбымен бастады. Қазақ халқының ұлттық биіндегі ер балалар орындайтын атпен шабу, қамшы тарту, қара жорға секілді би қимылдарын көрсетті. Қатысушылар Гульнар Вахитовнамен бірге қайталап, семинарды көтеріңкі көңіл-күймен аяқтады.

«Қазақ биіндегі қол, аяқ қалпы» тақырыбында қосымша білім беру педагогі Альбина Аккагазова семинарды әрі қарай жалғады. Қазақтың ұлттық биінің ерекшелігіне тоқталып, қол мен аяқ қимылдары арқылы тек би қимылдарын үйренуді ғана емес, баланың көркем-эстетикалық тұрғыдан дамуына қосар үлесін атап өтті. Мектепке дейінгі балаларға арналған «Кіші мектеп жасындағы балаларға арналған классикалық би» тақырыбындағы сабағы да жоғары деңгейде өтті. Баланың қызығушылығын арттыру үшін сабақ барысында қолданылатын түрлі жаттығуларымен бөлісті. Ақтоты Оразғалиеваның «Заманауи биінің негізгі элементтері» тақырыбымен жалғасқан сабақта қазіргі таңда әсіресе жастар үшін ең қызықты тақырыптардың бірі қозғалды. Замануи би жанрының Хип-хоп, Вакинг стильдеріне көбірек тоқталып, ерекшеліктері мен айырмашылықтары туралы түсіндірді. Еліміздің түкпір-түкпірінде тамашалап отырған қырыққа жуық педагог Ақтоты Абатқызымен бірге би қимылдарын қайталап отырды.

Байдильдинова Гульнар Вахитовна жоғары категориялы педагог. Өз ісіне жауапкершілікпен қарап ұжыммен, оқушылармен қызыға жұмыс істейтін белсенді ұстаз. Тәрбиелеген шәкірттері байқау мен фестивальдерден жүлдесіз оралған емес. Аккагазова Альбина Койшегуловна екінші категориялы педагог. Өзінің еңбекқорлығы мен табандылығын үздіксіз дәлелдеп отыратын жан-жақты мамандардың бірі. Оразғалиева Ақтоты Абатқызы ұжымдағы белсенді, ізденімпаз, білікті маман. «Бейнелеу өнері сабақтарында оқушылардың эстетикалық талғамын және көркемдік-шығармашылық қабілеттерін дамыту» атты шебер сабақтар да жоғары деңгейде өтті. Бейнелеу өнері баланың дамуына өте мол мүмкіндік туғызатын ерекше өнер түрі. Сурет салу – заттардың формасын талдауға және оны ұқыпты бақылауға үйретеді, дүниені тануға жәрдемдеседі, ойлауға және эстетикалық дамуға көмектеседі. Сурет салу – көру есін, кеңістікті ойлауды дамытып, образды елестету қабілетін арттырады.

Шығармашылық академиясының қосымша білім беру педагогі Эльвира Маратқызы «Натюрморт кубизм әдісімен» тақырыбында өткізген сабағы жаңашыл бағытты ұсынды. Францияда ХХ ғасырда пайда болған бұл жанр модернизмге бағыт алған, суретте ерекше орын алатын бейнелеу өнерінің түрі. Өзіне тән ерекшеліктері мен айырмашылықтарына тоқталды. Мәселен, бейнелеу өнерінің басқа түріне қарағанда, кубизм әдісінде солғын түстер пайдаланатындығы маған да жаңалық болды. «Глинамен жұмыс» тақырыбындағы шебер сабақты Академиядағы тәжірибелі педагог Гүлден Аязбаева өткізді. Глинаның көмегімен алқа, сырға және басқа да әшекей-бұйымдар дайындауды көрсетті. Қолдан жасалған бұйымдар қашан да бағалы. Оқушыларға қолөнер бұйымдарын дайындауды үйрету арқылы хоббиларын болашақ кәсіптеріне айналдыру мүмкіндігі де бар екенін ескеру қажет. «Үй жағдайында мандарин өсіру» тақырыбында қосымша білім беру педагогі Лаура Жанзакова шебер сабақты қорытындылады. Тыңдаушылар үшін қызықты әрі пайдалы тақырыптардың бірі болды. Себебі мандарин жемісін үй жағдайында егіп, баптау туралы лайфхактармен бөлісті. Сабақ соңында жемістің суретін акварельдің көмегімен салды.

Еліміздің түрлі аймақтарынан қатысқан педагогтардың тәжірибе алмасуға, жаңа дүниені білуге деген ынтасы ерекше болды. Оған толассыз жауған сұрақтары мен жаттығуларды балаша қайталап орындаулары дәлел бола алады. Осылайша Zoom онлайн платформасының көмегімен «Қазіргі заманғы халықтық және классикалық би өнерін көрсететін көркем қозғалыстар» және «Бейнелеу өнері сабақтарында оқушылардың эстетикалық талғамын және көркемдік-шығармашылық қабілеттерін дамыту» атты Республикалық онлайн семинары өз мәресіне жетіп, қатысушыларға сертификаттар жолданды.

Шамшат ЖҰБАЙ,
“Шығармашылық академиясы” МКҚК
директоры, Ақтөбе қаласы

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий