Әлемдік білім кеңістігіне шығу заман талабы
Ұлт ұстазы,қазақтың өткен ғасырдағы руханияттың көшбасшысы Ахмет Байтұрсынұлы: Мектептің жаны – мұғалім. Мұғалім қандай болса, мектебі hәм сондай болмақшы, яғни мұғалім білімді болса, білген білімін басқаға үйрете білетін болса, ол меткептен балалар көбірек білім біліп шықпақшы. Солай болған соң, ең әуелі, мектепке керегі – білімді, педагогика, методикадан хабардар, оқыта білетін мұғалім, – депті. Арада бір ғасыр өтседе, Алаш арасының бұл сөзі әлі күні тәртінен түскен жоқ. Қазақстандық миллиондаған шәкіртке білім үйретіп, тәрбиеге толы тағылымын дарытып келе жатқан мыңдаған мүғалім қауымының еңбегі ерен.
Өзінің ісімен, өзінің сөзімен тәуелсіз еліміздің болашағын ойлайтын, намысын қорғайтын білімді ұрпақтың тәлімгері сіздерсіздер! Осы орайда сынып жетекшісінің тәрбиелік қызметі қаншалықты қиын болғанымен оқушылар ұжымы үшін қажетті іс. Себебі мектеп құрлымындағы ең негізгі буын – сынып болып саналады. Сыныпта оқушылардың таным әрекеті ұйымдастырылып олардың өзара әлеуметтік қатынастары қалыптасып отырады. Сондықтан сыныптағы оқушылардың тәрбие әрекетін ұйымдастыру, тәрбиелік шараларды ықпалып үйлестіру тек сынып жетекшісіне жүктеледі.
Сынып жетекшісі өз оқушыларын ұжымдық әрекетте ауызбіршілікте болуға, сыныпта дәріс беретін мұғалімдер мен тіл табыса білуге, оқушылардың ата-аналары мен байланыста бола отырып жұртшылықпен бала тәрбиесіндегі ықпалын біріктіре білетін ұйымдастырушы ретінде көмектеседі. Сынып жетекшісінің негізгі мақсаты – мектеп оқушыларын қоғамның белсенді және саналы азамат етіп тәрбиелеуге барынша ықпал жасау. Сынып жетекшісі, сыныптағы әрбір жеке тұлғаның ғылыми дүниетанымын қалыптастырудың, адамгершілік қасиеттерін, еңбекке сүйіспеншілігін қамтамасыз етіп, жан-жақты жарасымды дамуына жағдай туғызу.
Осыған орай жүйелі жұмыстың маңыздылығы мен тәрбиелік шараларының бәрі осы мақсатқа бағытталуы тиіс. Атап айтқанда тәрбиенің негізгі салаларына: ақыл-ой тәрбиесі, адамгершілік тәрбиесі, эстетикалық және дене тәрбиесі, құқықтық пен еңбек және тағы да басқа тәрбие міндеттерін мектеппен сыныптың нақтылы өмір жағдайларына байланысты қарастыру. Сынып жетекшінің міндеті сан алуан. Сол себепті сынып жетекші жүргізетін тәрбие жұмысы өзінің психологиялық мазмұны жағынан өте күрделі әрі көп ізденісті талап етеді.
Ұрпақ тәрбиесі жолында қызмет етіп келе жатқан мұғалімдердің ата-анадан кейінгі атқақрар рөлі ерекше. Мемлекет пен қоғамның басты құндылығы – бәсеккеге қабілетті білімді ұрпақ. Тек өз отанымыздағы ұлттық оқу үрдісімен шектеліп қалмай, әлемдік білім кеңестігіне шығу жолындағы қадамдарыңызға сәттілік тілейміз.
Игі тілекпен,
Назия Танатарқызы ЕЛБАЕВА.
№10 жалпы білім беретін орта мектеп
директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, Ақтөбе облысы