Желөкпе жастардың ұстазы – Google, тәрбиешісі – You-Tube, досы – әлеуметтік желі…
Бас-аяғы он-он бес жыл ішінде біз оқырман ұрпақтан айырылып қалдық. Қаңсықты демей-ақ қояйын, жаңа технологиялық жетістіктерді таңсық көрген, смартфоннан бас алмайтын ұрпақ пайда болды. Ұстазы &ndash Google, тәрбиешісі &ndash You-Tube, досы &ndash әлеуметтік желі… Оған әкенің де, шешенің де сөзі өтпейді. Тіпті әке-шеше де қарын қамынан артыла алмай, бүкіл тәрбиені гаджеттердің қолына аман-есен өткізіп берді. Баласы оқымаса, мұғалімін кінәлайды, мектеп тапсырмасының тым күрделі екенін айтып жалтарады, – деп жазады журналист әріптесіміз Есей ЖЕҢІСҰЛЫ республикалық “АЛАШ АЙНАСЫ” ақпараттық порталындағы мақаласында.
Сондықтан қазір жаргондармен сөйлейтін, өз ойын жеткізуге қабілетсіз, бейпіл, былапыт, ең бастысы, білімсіз ұрпақ өсіп келеді. Орыстың атақты актері Олег Табаков бір сұқбатында: «Страна за теми, кто есть», &ndash деген еді. Осы бетпен кете берсек, біздің елдің тізгіні де білімсіз, бағдарсыз ұрпақтың қолына тие ме деп қорқамын. Сондықтан балаларға қандай қамқорлық жасаудың мүмкіндігі болса, соның бәрін қарастыруымыз керек. Балаларды баяғыда ажырап қалған ізгілік әлеміне қайта шақыруымыз керек.
Загрузка...Парламент депутаты Нұртөре ЖҮСІП ағамыз «Балдырған», «Ұлан», «Ақжелкенді» оқып өскен бала ертең аға газеттердің оқырманына айналады. Балалар газетін оқыту арқылы біз болашақ оқырман тәрбиелейміз», &ndash деп еді. Мен балаларыма осы үш басылымды да, оған қоса «Балабек», «Ертегілер елінде» журналдарын да жаздырып жүрмін. Әрине, сабақтары қиын, бос уақыты жоқтың қасы. Бірақ ауылға жиі апарып жатқаным жоқ, қатты дене еңбегімен де айналыса бермейді. Ендеше, олардың жанын шыңдауға тырысуым керек деп тырысып жүрмін. Тіпті оқыған кітаптары үшін анасы екеуміз ынталандырып та қоямыз. Саналарының бір түкпірінде біздің осы әрекетіміз әйтеуір бір жеміс беретіні анық. Өйткені біздің ата-анамыз да сондай үлгі көрсетті.