14  қазан – Стандарттау күні

Жыл сайын 14 қазанда әлем бойынша Стандарттау күні атап өтіледі. Стандарттау күнінің 14 қазанда тойлануы кездейсоқ емес. Себебі, дәл осы күні 1946 жылы Лондонда стандарттау жөніндегі ұлттық ұйымдардың конференциясының ашылуы өтіп, Халықаралық стандарттау ұйымы (ISO) құрылды. Қазақстан 1994жылдан  Халықаралық стандарттау ұйымының (ISO) мүшесі, қазіргі уақытта Халықаралық стандарттау ұйымына (ISO) 160-тан астам ұлттық стандарттау ұйымы кіреді. Аталмыш Халықаралық ұйым басшылары жыл сайын дүние жүзі халықтарына арналған Жолдауға қол қояды, 2020 жылдың ұраны – «Стандарттар – планетамызды қорғау үшін» болып отыр.

Стандарттар дамыған елдерге де, дамушы елдерге де білім мен жаңа технологияларды ашық бөлісуге мүмкіндік береді. Стандарттар энергияны үнемдеудің, су мен ауа сапасының барлық аспектілерін қамтиды. Олар үлгілік жұмыс технологиялары мен өлшеу әдістерін белгілейді. Оларды кеңінен қолдану өнеркәсіптік өндіріс пен процестердің қоршаған ортаға зиянды әсерін азайтуға көмектеседі, шектеулі ресурстарды қайта пайдалануға және энергия тиімділігін арттыруға ықпал етеді. Сондықтан біздің елімізде стандарттау саласын жетілдіруге міндетті.

Бұл мереке адамдардың назарын бірыңғай стандарттарды құрумен байланысты іс-әрекеттердің маңыздылығына аударуға, сондай-ақ өз өмірін осындай маңызды іске арнаған ондаған мың мамандардың үлесін атап өтуге арналған.  Осы орайда М.Әуезов атындағы ОҚУ «Стандарттау және метрология» бөлімі өз үлестерін қосуда. Бөлім қорында жиырма мыңға жуық мемлекеттік, мемлекетаралық нормативтік құжаттар қоры бар. Бөлім университет студенттері, оқытушылары,  магистранттар мен докторанттары күнделікті стандарт пен нормативті құжаттармен қамтамасыз етіледі. Сондай-ақ зертханалардың ғылыми-техникалық құралдарын тексеру, стандарттарын жаңғырту, ғылыми-техникалық құжаттардың нормасын тексерумен де айналысады.

Стандарттау саласының барлық мамандарын кәсіби мерекесімен құттықтаймыз!Ең күрделі мәселелі міндеттерді шешуде оңтайлы шешім, күш-қуат, оптимизм, кәсіби табыс тілеймін.Сіздердің жұмыстарыңыз әрі қарай да еліміздің стандарттау саласын дамытуға, қоршаған ортаны жақсартуға, қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, ғылыми-техникалық ынтымақтастықты дамытуға, келісілмеген нормативтік құжаттардың арқасында халықаралық саудадағы техникалық кедергілерді жоюға қомақты үлес қоссын!

Бағдагүл Садуақасқызы СЕРІКБАЕВА,
М.Әуезов атындағы ОҚУ “Стандарттау және
метрология” 
бөлімінің бас маманы, Түркістан облысы

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий