Қашықтан оқыту: Педагогтерді қолдаудың көмегі

Коронавирустық пандемия (COVID-19) жағдайында оқытуды ұйымдастыру шараларына байланысты, білім беру бүкіл әлемде айтарлықтай өзгерістерге ұшырады. Әлемнің көптеген елдері онлайн оқытуға толық немесе ішінара көшті. Қазақстан да коронавирустық инфекцияның алдын алу мақсатында қашықтан оқыту форматын  таңдады.  

Жыл сайын қазан айының 5-і бүкіл әлемде Дүниежүзілік мұғалімдер күні (World Teachers’ Day) аталып өтіледі (мереке 1994 жылы ЮНЕСКО- мен жарияланған). Бұл күн бүкіл әлем бойынша ұстаздардың еңбегін бағалау барысында қорытындылар шығаруға және білім беру саласының алдына қойған міндеттерін жүзеге асыруға  бағытталған күш-қуаттың ортасында тұрған мұғалімдердің үніне назар аударуға арналған. ЮНЕСКО сайтында хабарланғандай биыл Дүниежүзілік мұғалімдер күніне арналған мерекелік іс-шараларға «Мұғалімдер: дағдарыс кезіндегі жетекші рөл және болашақты қайта қарастыру» тақырыбы арқау болған. Себебі, пандемия  дәрігерлерден кейін алдыңғы қатарда тұрған мұғалім мамандығының қаншалықты маңызды екенін көрсетті.

Қашықтан оқытуға шұғыл көшу, негізінен, техникалық жарақтандырудың жеткіліксіздігімен, педагогтердің және білім алушылардың жаңа жағдайларда жұмысқа дайындығының болмауымен немесе төмендігімен байланысты мәселелерді тудырды. Әрі айқын сын мен тегеуріндер және проблемалармен қатар, оқытудың жаңа форматы білім беру жүйелерін өзгерту және жетілдіру үшін кең мүмкіндіктер мен перспективаларды ұсынды. Өз кезегінде, бұл жағдайды қашықтан оқытуды енгізу мен жүзеге асырумен байланысты жаһандық табиғи эксперимент ретінде қарастыруға болады. Қашықтан оқытуды  жүзеге асыру үшін мұғалім оқытудың белсенді әдістерін меңгеруі және білім алушыларға онлайн-режимде оқудың өзіндік стилін қалыптастыруға көмектесуі, жаңа жүйенің мүмкіндіктерін және қажетті бағдарламалық қамтамасыз етуді игеруі, электрондық қарым-қатынастың қиындықтары мен кедергілерін еңсеруі тиіс.

Дәстүрлі оқу үдерісіне қашықтан оқыту технологияларын тиімді қолдану бойынша педагогтердің кәсіби құзыреттілігінің деңгейін арттыруға мүмкіндік беретін біліктілікті арттыру жүйесінің рөлі мен маңыздылығы артып келеді. Осы орайда біздің іргелі ұжым салалық министрліктің мемлекеттік тапсырысын орындау аясында ақпан айынан бастап, күндізгі және онлайн режимінде орта және қосымша білім беру ұйымдарының педагогтері қатарынан 8528 тыңдаушыны қамтыған, 351 біліктілікті арттыру курстарын (онлайн форматта – 320 топ,  Blended learning – 5 топ) ұйымдастырды.

Қашықтан оқытуды ақпараттық-әдістемелік сүйемелдеу шеңберінде бірқатар шаралар атқарылды. Түркістан облысы мен Шымкент қаласының білім басқармаларымен бірлесіп қашықтан оқыту мәселелерін түсіндіру бойынша саll-орталық құрылып, белсенді жұмыс істеуде. Осы аралықта үшжүзге жуық өтініш қабылданыпты. Ата-аналар мен білім алушылар және педагогтер үшін қашықтықтан оқытуды ұйымдастыру ерекшеліктері  туралы кең түсіндіру жұмыстары жүргізілді (You Tube платформасында 50-ден астам вебинар  ұйымдастырылды). Әлеуметтік желілерде (сайт, Instagram, Facebook парақшаларында) педагогтерге онлайн сабақтарды дайындау, өзіндік жұмыстарды, тестілерді әзірлеу үшін интерактивті құралдармен танысуға мүмкіндік беретін түрлі білім беру және цифрлық платформаларға сілтемелер беріліп, «Google сервистерін мұғалім жұмысында пайдалану» тақырыбында деңгейлік оқыту вебинарлары циклі  тұрақты жүргізілді.

Әлеуметтік желілердегі парақшаның мазмұны кеңейіп, «Тренермен онлайн-кездесу», «ІТ-фишкалар»,  «Бірге оқимыз», «Психолог кеңесі», «Бүгінгі күнге өзекті», «Ауыл мектебі мұғаліміне әдістемелік көмек», «Педагогика әлемінде»  «Бейне-пікірлер», «Рухани жаңғыру», «Өз кәсібінің үздігі» сынды жаңа айдарлармен толықты. Онда педагогтерге қашықтан оқытуды ұйымдастыруға көмек ретінде 90-ға жуық материалдар аудиодәріс, бейнетаныстырылым, әдістемелік ұсыныстар түрінде жарияланды. Онлайн оқытуда педагогтерге сапалы  сандық ресурстарды ұсыну мақсатында «Қазақстан тарихы», «Дүниежүзі тарихы», «Құқық негіздері», «Қазақ тілі мен әдебиеті», «Көркем еңбек» пәндері бойынша үшжүзден  астам бейнесабақтар әзірленіп (І тоқсан), You Tube платформасының «Өрлеу» білім беру арнасында орналастырылды.

Педагогтерді курстан кейінгі қолдау онлайн форматта жүзеге асырылуда. Ағымдағы жылы қашықтықтан оқытуды ақпараттық-әдістемелік сүйемелдеу бойынша бес мыңнан аса жергілікті педагогтерді қамтыған 40 аса іс-шара өткізілді (конференция -3, вебинарлар -28, байқау -2, шеберлік сыныптары- 8). Институт ПОҚ әзірленген әдістемелік ұсынымдар: «Virtual brick: роботтарды виртуалды басқару жүйесі», «Қашықтан оқыту үдерісінде білім беруді психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу», «Қашықтан оқыту  сабақтарын жобалау әдістемесі». Ұтымды үйлестірілген шаралардың нәтижесі – көрсетілген әдістемелік көмек пен қолдау үшін алғыстарын білдірген әлеуметтік желілерде жарияланған жүзден асатын ұсынысты пікірлер. Қазіргі кезең – бұл  жаңа тәсіл, жаңа challenge, шығармашылық ізденістердің сынағы. Осындай сын сағатта отандық ұстаз әріптестерге күш-қуат және сәттілік сенімді серік болсын.

Лаура Тұрлыбекқызы ИСКАКОВА,
“Өрлеу”
 БАҰО” АҚФ  Түркістан облысы және
Шымкент қаласы бойынша ПҚБАИ директоры

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий