әл-Фараби ғұламаның қазіргі замандағы ізбасарлары

– Ғылым үйренем деген адамның ақыл-ойы айқын, ерік-жігері, тілек-мақсаты ақиқат пен әділдік үшін талап жолында болуы шарт. Жай ләззат іздеу, кәсіпқұмарлыққа ұқсас әрекет онда болмасқа керек, – деген әлемнің екінші ұстазы атанған Әбу Насыр Әл-Фараби бабамыз.

Көп жағдайда білім мен ғылымды ажыратпаймыз, бұл екеуін бір деп қараймыз. Әрине, бұл екеуі бір-біріне өте жақын дүниетаным нәтижесі. Бірақ бір емес. Біріншіден, ғылым-білімнен кейін дүниеге келді. Оның бастауы адам баласы тарихымен байланысты. Және әр елде, әр этноста түрлі жағдайларға байланысты қалыптасып, дамыған. Егер білім жай бір нәрсені көріп қалудан, естуден басталатын болса, ғылым олай емес. Әлемді пассивті қабылдау арқылы емес, объектіні активті байқаудан, пайымдап зерттеуден басталады. Ғылым негізінде қызығу, ішкі байланыстарын, олардың себеп-салдарын ашу жатыр. Бірақ, бұл оңай процесс емес, өмір бойы білім әр нәрсенің сыртқы көрінісі, себеп-салдарына байланысты болып, соны байқауымен шектелетін болса, ғылым олай емес, әр нәрсенің ішкі механизмін ашу арқылы жүргізіледі.

Ол үшін оны тудыратын себеп те басқа болуы тиіс. Ежелгі көшпелі қазақ елінде білім шарықтап дамыды. Ел сөзден неше түрлі ой өрнектерін құрды, даналық ойлар айтты, табанда өлең тудыратын «айтыс» өнерін дүниеге әкелді. Бірақ, ғылым болмады. Оны қажет ететін жағдай туындамады. Әлем дами келе білім мен ғылым ұштасқан үйлесім тауып, адамзат игілігіне жұмыс жасай бастады. Осы тақырыптарды басты назарға ала отыра, «Әл-Фараби ізбасарлары» Әбу Насыр Әл-Фарабидың 1150 жылдығына орай математика, физика, химия пәндері мен робототехника үздіктерінің бас қосуы атты 14 – ауысымы ұйымдастырылады.

Ауысым барысында балдәурендіктер Абай атындағы ҚазҰПУ мамандарының шебер сыныптарына қатыса отырып, заман талабына сай робототехника барысын толық меңгереді. Қапшағай қаласындағы күн көзінен электр көзін өндіретін «Samruk-Green Energy» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне барып, физика саласының тың қыр-сырларына қанық болады. Ауысым барысында аталып өтетін Қазақ даласының ұлы ғалымы, XIX ғасырдың екінші жартысында Қазақстанда туған демократтық, ағартушылық мәдениеттің тұңғыш өкілдерінің бірі, шығыстанушы, тарихшы, фольклоршы, этнограф, географ, ағартушы Шоқан Уалихановтың туған күніне орай Алматы облысы, Кербұлақ ауданы, Шоқан ауылында орналасқан «Шоқан Уәлиханов» мұражайына саяхатқа шығу жоспарланған.

Сонымен қатар орталықта роботатехника саласы бойынша үйірме жүргізіліп жатыр. «Балдәурен» орталығының ерекшелігінің бірі оқу мен қатар сауықтыру шаралары да қатар жүріп отыратынын біреу білсе, біреу білмес. Орталық дәрігерлерімен және спорт нұсқаушыларының ұйымдастыруымен өтетін емдік шаралары жүзеге асырылады. Атап айтар болсақ, балалардың бауыр, асқазан және өт жолдарының қызметін жақсарту мақсатында емдік сусындар, дәрумендер уақытылы беріліп отырады. Сақтық шараларын қатаң сақтай отырып, мектеп мұғалімдері балаларды білім нәрімен сусындап, ауысым барысында метематика, физика, химия пәндері бойынша екі кезеңнен құралған олимпиада жоспарланған. Олимпиада жеңімпаздары ақтық мәреде «Logic League» зияткерлік ойында бақ сынайтын болады. Алдағы уақытта балдәурендіктер біздің орталықтан алған білім және өнер тәжірбиелерін, өздерінің өңірлерінің мектептерінде қолданып, еркін елдің ерікті ұрпағы болып қалыптасуға үлкен көмегін береді деген сенімдеміз.

Нұрперзент ЕРПОЛАТ,
Балдәурен” республикалық оқу-сауықтыру
орталығының әдіскері,
Қапшағай қаласы

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий