Жаңа сипаттағы білім ықпалдастығы

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің білім кеңістігіндегі жаңашылдық дәстүрі әлем­дік білім-ғылым ықпалдасуына орай қарқынды дамып келеді. Бұл саладағы негізгі басымдықтарға әлемдік деңгейдегі үздік университеттер­мен, ғылыми орталықтармен байланыс орнату, маман алмасу, одақтас елдердің орнық­ты тә­жірибесін үйрену секілді іргелі бағыттар жатады,-деп хабарлайды осы жоғары оқу орнының баспасөз қызметі.

Осындай серіктестік, ынтымақтастық жұмыстарын ары қарай жалғастыра түсу мақсатымен үстіміздегі жылдың 28 қазан күні филология факультеті практикалық қазақ тілі кафедрасы мен Мәскеу мемлекеттік лингвистикалық университетінің ТМД және таяу елдердің тілдері мен мәдениеті кафедрасы бірлесіп бірлесіп «Тілдерді оқытып-үйретудегі озық тәжірибелер» атты халықаралық ғылыми-әдістемелік онлайн-семинар өткізді. Семинарды Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің оқу ісі жөніндегі проректоры, з.ғ.д., профессор Е.Ә.Оңғарбаев құттықтау сөзімен ашты. Ол өз сөзінде осындай ғылыми семинарлардың қажеттілігіне, екі жақты өзара серіктестіктің жемісті болып келе жатқандығына тоқталды. Ары қарай да бұл үрдістің жалғасты болатындығына сенім білдірді. Бұдан кейін өз лебізін білдіру мақсатымен ММЛУ ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің тілдері мен мәдениеті базалық ұйымының директоры В.Н.Конев сөз алды. Онда ЕҰУ секілді беделді оқу ордасымен байланыстың ұзақ жылдардан бері қалыптасқанына ризашылығын білдіріп, алда да жемісті жұмыс жасауға ниетті екендігін айтып өтті.

Шараның ашылу рәсімінен кейін Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, практикалық қазақ тілі кафедрасының меңгерушісі, ф.ғ.к., профессор Қ.С.Құлманов модератор ретінде келесі сөз кезегін баяндамашыларға беретіндігін және ресейлік әріптесі Ж.С. Хулхачиеваға қосалқы модераторлық тізгінін ұсынатындығын айтып өтті. Баяндамашылар ретінде Мәскеу мемлекеттік лингвистикалық университетінен Г.Т.Хамеденова «Изучение казахского языка в вузах Москвы», З.И. Рустамова «О некоторых принципах составления учебно-методических пособий для обучения иностранному языку», А. Мартиросян «Преподавание иностранного языка: современные методы и пути», Б.Х. Караева «Из опыта работы преподавания узбекского языка как второго иностранного в МГЛУ», Лаба Думитрица «ONLINE-занятия как одна из форм дистанционного обучения иностранному языку», А.А.Овсянникова «Обучение иностранному языку посредством экскурсионных маршрутов по местам, связанным с деятелями или историей страны изучаемого языка», Х.Ш.Сайдумаров «Дистанционное обучение аспектам иностранного языка», Ж.С. Хулхачиева «Языки стран СНГ и Ближнего Зарубежья в поликультурной среде МГЛУ» атты тақырыптарымен қазіргі тіл оқыту жүйесіндегі заманауи талаптар мен оңтайлы әдіс-тәсілдерге сай қызықты әрі тарихи-танымдық шолулар арқылы тартымды баяндамалар жасады.

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің доценттері, ф.ғ.к. С.Е.Кәрібаева және М.Н. Жұмаділова «Практикалық қазақ тілі кафедрасының әдістемелік ресурстары: қазақ тілін үйретудің жаңаша тәсілдерін меңгеру» тақырыбы айналасында кафедраның бағыт-бағдары, әдістемелік жетістіктері, қазіргі қашықтықтан оқытудағы жаңашылдықтар, оқытушылардың іргелі еңбектері, тіл үйретудегі заманауи тәсілдер жайында тұшымды баяндама жасады. Қазақ тілін үйретуге арналған бес деңгейлі оқу құралдарын мен ондағы тілдік құзыреттіліктердің берілу тәсілдері, инновациялық ерекшеліктері, тапсырмалардың құрылу реті, көркемдік безендірілуі мен қызықтыру ойындарын түрлі слайдтар арқылы көрсете отырып, көпшілік назарына мәнді мәліметтер ұсынды.

Халықаралық ғылыми-әдістемелік онлайн-семинарда ғылым-білімдегі өзара тү­сіністік пен ықпалдастық; маман әзірлеудің жаңа тұжырымдамалық деңгейі; тілді оқытып, үйретудегі жаңаша талаптар, дәстүр мен академиялық еркіндікті қатар ұстау секілді өзекті мәселелер талқыланды. Семинар соңында практикалық қазақ тілі кафедрасының меңгерушісі, ф.ғ.к., профессор Қуандық Сәндібекұлы Құлманов білім кеңістігінде қатар келе жатқан әрі көрші, әрі тамырлас оқу орнына әріптестік ықпалдастығы үшін алғыс айта отырып, бұл үрдістің әлі де дәстүрлі сабақтастыққа айналатынына сенім білдірді. Ресей тарапынан ММЛУ ТМД және таяу елдердің тілдері мен мәдениеті кафедрасы меңгерушісінің м.а., ф.ғ.к., доцент Ж.С. Хулхачиева да өз кезегінде барлық қатысушылар мен өзекті тақырыптарға баяндама жасаған әріптестеріне ризашылығын айтып: «Серіктес екі оқу орны биік деңгейлерден көріне берсін!» деген ізгі тілегін жолдады.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий