Электронды күнделіктегі әртүрлі жарнама оқушының ойын бұзады

Оқушылардың электронды күнделігі – Kundelik.kz  порталы жарнама алаңы ма? Балалардың сабақ үлгірімін білу үшін сайтқа кірсек, алдымен баланың бағасы емес, түрлі жарнама көзге түседі. Ата-аналар осылай деді. Тәтті тағамнан бастап, қымбат гаджеттердің жарнамасы толып жүр. Бұл ата-ананы ғана емес, оқушының да ойын бұзады, дейді 24.kz

Кейде тіпті ата-ананы ыңғайсыз жағдайға қалдырады екен. Мұхит Құдықбаевтың 5-сыныпта оқитын оқушы қызы бар. Қамқор әке жұмыс арасында қызының сабақ үлгірімін қадағалап отырады. Бұрынғы тап-таза, әдемі толтырылатын қағаз күнделікке көзі үйреніп қалған әке сандық форматтағы күнделіктегі жарнаманы түсінбей дал.

 Мұхит Құдықбаев, ата-ана:

– Біздің кезімізде күнделік деген үлкен құжат болған. Ал қазір енді әрине ол ыңғайлы электронды күнделік деген, бірақ та ол жерде неше түрлі жарнама бар:  ішетін, жейтін, киетін жаңағы киносы бар, басқасы бар, оның барлығы ата-ананы өйткені бала деген «ананы алып бер, мынаны киемін, үйт, бүйт» деп ата-ананы ыңғайсыз жағдайға қояды. Бұл деген күнделік ғой, оны магазин қылып жіберген.  

Расында «Күнделік.кз» порталындағы жеке кабинетіңізге кірсеңіз мұнда бетке жағатын кремнен бастап, гауһар тастарды, соңғы үлгідегі смартфондарды ұсынады. Баланың бағасын көремін деп, қымбат ішік сатып алып жатсаңыз таңқалмаңыз. Жоба авторлары «жарнама компанияның негізгі табыс көзі» дейді. 

Мұхтар Ілиясов, «Күнделік» компаниясының бас директоры:

– Бізге мемлекет тарапынан қаражат бөлінбейді. Сондықтан біз өз компаниямызды сақтау үшін, оның дамуы үшін, жұмыскерлерге жалақысын төлеу үшін дегендей біздің табысымыз біріншіден, жарнаманың арқасында, екіншіден, ақылы қосымшалар арқылы. Сол екі табыстан біз күн көреміз.  

Бірімізге қымбат смартфон немесе баланы отырғызатын арба жарнамаланып жатса, оның өзі бекер емес екен.

Мұхтар Ілиясов, «Күнделік» компаниясының бас директоры:

– Алдын ала ол фильтрациядан өтеді. Контент 6+ деген. 6 жастан көрсетілетін контентті ғана көрсете аламыз. Екінші мәселе ата-ана жүйеге кірсе, жүйе оны көріп отырады. Ата-ананың кіргенін. Ата-анаға бөлек жарнама көрсетеді, егер бала кірсе балаға екінші жарнаманы көрсетеді. Ол логині пен пароліне байланысты болып тұрады. Біздің жүйе біліп отырады кім кіргенін. Оқушы кірді ма, ата-ана кірді ме, немесе мұғалім кірді ме? Сондықтан әр қолданушының роліне әртүрлі жарнаманы көрсетеміз. 

Бұл компания 2015 жылы өз стартап жобалар арасында үздік деп танылған. Күнделік.кз жобасы мемлекет тарапынан мақұлданып, компания мен мемлекет арасында мемлекеттік-жекеменшік серіктестігі аясында келісім-шарт жасалады. Жоба операторы осы компания болғанымен ондағы дербес ақпараттың барлығы  мемлекеттің құзырында. Қазіргі таңда бұл порталдың 6 млн астам қолданушысы бар. Бірінші тоқсанда орта есеппен күніне 800 мың адам кірген.    Және бұл платформа білім жобалары  арасындағы әлемдік рейтингте 38-орынға шыққан. Әрине жармана берушілер де осы көрсеткішке көз тігіп отыр.

 

 

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий