ЕҰУ ғалымдарының жарияланымдары ең жоғары дәйексөз алу көрсеткішіне ие болды
Clarivate Analytics халықаралық компаниясы 2020 жылғы Web of Science халықаралық ақпараттық-талдау платформасының дерекқоры бойынша дәйексөз алудан жоғары көрсеткішке ие болған Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ ғалымдары Максим Здоровец пен Артем Козловскийді үздік деп таныды. Зерттеушілер «Ғылым көшбасшысы – Web of Science Awards» тәуелсіз марапатының иегерлері атанды.
Ядролық физика саласының ғалымдары Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-дің Инженерлік бейінді зертханасында жұмыс істейді.
Атап өтетін жәйт, ЕҰУ ғалымдарының жұмысы үш жыл қатарынан Web of Science нұсқасы бойынша дәйексөз алу индексі жоғары көрсеткішке ие болып келеді.
Загрузка...