Асхат Аймағамбетов: Инклюзивті білім алатын оқушылардың саны көбейіп келеді

ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен бүгін ұйымдастырылған Үкімет отырысында мүмкіндігі шектеулі жандарды әлеуметтік қорғау мәселелері қаралды, – деп хабарлайды primeminister.kz ресми сайты. 

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов, денсаулық сақтау министрі Алексей Цой, білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов, индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов, Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев, Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Құмар Ақсақалов, сондай-ақ «Шырақ» мүгедек әйелдер қауымдастығының төрайымы Ләззат Қалтаева баяндама жасады.

Мүмкіндігі шектеулі жандарды әлеуметтік қорғау – мемлекет баса көңіл аударатын өте маңызды мәселе. Біздің міндетіміз – мүгедектігі бар адамдарға қолайлы орта құру, — деді А. Мамин. «Nur Otan» партиясының жаңа бағдарламасына сәйкес алдағы 5 жылда жұмыспен қамтылған мүгедектігі бар адамдардың үлесі 30%-ға өсуі тиіс және де олар медициналық оңалтумен 100% қамтылады. Мүмкіндігі шектеулі жандардың құқығын қорғау және тұрмыс сапасын жақсарту үшін Қазақстанда 2025 жылға дейінгі ұлттық жоспар іске асырылып жатыр, ол 64 кешенді іс-шарадан тұрады. Биыл мүгедектерді әлеуметтік қамсыздандыруға 448 млрд теңге жұмсалды, бұл өткен жылғыдан 12%-ға көп.

Тұңғыш рет мүгедектер арбаларын жасайтын отандық өндіріс іске қосылды, бұл аталған арбаға мұқтаж адамдарды бес жыл ішінде толық қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Мүгедектігі бар адамдарға ұсынылатын кәсіптер мен жұмыстар анықтамалығы әзірленіп жатыр. Мүмкіндігі шектеулі жандарды медициналық оңалтумен қамту үлесі биыл 60%-ға дейін, 2021 жылы 75%-ға дейін арттырылады. Көлік саласында оны мүмкіндігі шектеулі жандар пайдалана алуы үшін елеулі жұмыс атқарылды. Жол жүру үшін жеңілдікті жағдайлар жасалды. Вокзалдардың 93%-ы мүгедектерге қызмет көрсету талаптарына сәйкес келеді. Барлық жолаушылар пойыздары 100% мүгедек арбаларымен жабдықталған. Үкімет басшысы жыл соңына дейін мүмкіндігі шектеулі жандар үшін 100% кедергісіз қолжетімділікті қамтамасыз ету жөніндегі жол картасын әзірлеуді тапсырды.

Үкімет басшысы Білім және ғылым министрлігіне әкімдіктермен бірлесіп, келесі жылы балаларды инклюзивті біліммен қамтуды 50%-ға дейін кеңейтуді, білім беру бағдарламаларының мазмұнын және педагогтарды даярлауды өзектендіруді, түзету кабинеттері желісін және психологиялық-медициналық және педагогикалық комиссиялардың қызметін кеңейтуді тапсырды. 

Асхат Қанатұлының мәлімдеуінше ерекше білімге қажеттілігі бар азаматтардың 160 мыңнан астамы білім алуда. Жыл сайын инклюзивті білім алатын балалар саны өсіп келе жатыр. Олар үшін жалпы білім беру ұйымдарында жағдай жасалуда. Сәйкесінше, арнайы мектептер мен арнайы балабақшалардағы балалар саны азаюда. 

Жалпы білім берудің барлық деңгейлеріндегі ұйымдарда, балабақшалардан бастап докторантураға дейін осы санаттағы азаматтар бүгінгі күні оқып жатыр. Ерекше білімге қажеттілігі бар балалардың басым көпшілігінің психикалық дамуы тежелген. Екінші орында сөйлеу қабілеті бұзылған балалар, одан кейін ақыл-есінің тежеуі бар балалар. Одан басқа тағы алты санаттағы балалармен жұмыс жүргізіледі. Соңғы жылдары аутистикалық ауруларға шалдыққан балалардың саны артуда, – деді министр.

Министр ерекше балалар үшін жағдайларды жақсартудың басты міндеттеріне тоқталды. Ең алдымен олардың ерекшеліктерін және ауытқуларын ерте анықтауды қамтамасыз ету, екіншіден ерте түзетуге мүмкіндік беріп, реабилитациямен қамту, үшіншіден инклюзивті білім берумен қамтуды ұлғайту, төртіншіден кедергісіз ортаны қалыптастыру, бесіншіден оқу-әдістемелік сүйемелдеуді жетілдіру, педагогтердің әлеуетін арттыру. Аталған мәселелерді шешу бойынша нақты көрсеткштер бекітілді. Осы ретте Аймағамбетов бірнеше маңызды бағытты атап өтті.

Кедергісіз орта құру бойынша қазіргі күні балабақшаларда 31%, мектептерде 70%, колледждерде 45%, ЖОО-ларда 30%-інде ғана жағдай жасалған. Бұл жеткіліксіз. 2025 жылға дейін балабақшаларда 70%-ке, мектеп, колледж бен ЖОО 100%-ке қол жеткізу жоспарланған. Келесі мәселе – ерекше балаларды бір немесе екі жасында болған кезінде зерттеп, ауытқуларын анықтау және оларға нақты бағдарламаны бекіту. Көп жағдайда өкінішке орай, балалардың осындай ерекшеліктері мен ауытқулары өте кеш анықталып жатады. Соның салдарынан уақытылы көмек көрсетілмегеннен кейін бұл балалардың денсаулығын ары қарай түзеуде қиындықтап кететіні анық. Осы проблемаламен айналысатын арнайы психологиялық орталықтарды арттыру қажет. Тағы бір сұрақ – инклюзивті білімді дамыту. Осы ретте инклюзияны қолдау барысында қабылдаған мектептерге төленетін қаржыны екі есеге көбейттік. Яғни ерекше баланы мектеп оқуға алса, онда сол мектеп басқа балалардың сомасынан екі есе көп ақша алады, – деді еліміздің бас педагогы.

Ведомства жетекшісі өз сөзінің соңында Парламентте инклюзивті білім беру бойынша арнайы заң жобасы қаралып жатқанын еске салды.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Асхат Аймағамбетов: Инклюзивті білім алатын оқушылардың саны көбейіп келеді

  1. Это хорошие новости от Министра, желаю успехов ему в дальнейшем! Но в дополнение к принятым мерам, не мешало бы убрать требование по наличию общеобразовательных дисциплин: Физкультура, История и др, которые относятся и изучаются еще в школе. Вузы по своей сути должны быть сориентированы на профессиональное обучение, узкой специализации. На данный момент из-за большого компонента таких общеобразовательных дисциплин, Вузы не могут себе позволить ряд профессиональных дисциплин. Например, в экономическом вузе могли бы ввести дисциплины, которые обычно присутствуют в ведущих вузах мира: история ведущих компаний, современные технологии защиты данных и ноу-хау, анализ Биг дата и т.п.

Добавить комментарий