Математикалық логика оқушылардың ойлау қабілеттерін арттырады

Қазақстан өз дамуындағы жаңа серпіліс жасау қарсаңында, – деп Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев барша отандастарымызға арнаған кезекті Жолдауында айтқан болатын. Тұңғыш Президентіміз тәуелсіз мемлекетімізді әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясының жеті басымдығын нақтылап бергені есімізде.

Біздің заманымыз ғылым мен техниканың  қарқынды  дамуымен ерекшеленеді. Қазіргі көптеген мектеп оқушыларына болашақта есептеу техникасы мен  автоматтық  құралдармен  жабдықталған цехтарда, кәсіпорындарда еңбек етуге тура келетіні сөзсіз. Жастарда жаңа техниканы басқару үшін қажетті әзірлік бар ма? Олай болса, орта мектепті оқып жүргеннің өзінде-ақ оқушылар азды-көпті шығармашыл, іздемпаз болуы шарт. Бұл мәселелер қазір аса маңызды тақырыпқа айналып отыр. Мектеп оқушысының алдында тұрған міндеті – қазіргі заманғы  математикалық формальды логика – кибернетикалық теорияның бастауы екенін түсініп, білуі тиіс.

Осы ғылымның негізін салушы әйгілі математик Н.Винер кибернетиканың  шығуының өзі математикалық логикасыз ақылға  қонбас еді деп  атап көрсетеді. Математикалық логика техникадағы, тірі организмдер дүниесі қоғамдық құбылыстағы аса күрделі процесстер мен құбылыстарды басқару заңдылықтары жайындағы ғылым кибернетикамен тығыз байланысты. Математикалық логика ақыл-ой еңбегін техникаландырудың құралы болып табылады және ойлау процесін арнаулы математикалық әдістер, символдық аппараттар  арқылы  зерттейді.

Бірақ дәстүрлі математикалық логика пәнін білмейінше, оны ойдағыдай меңгеру қиын, өйткені бүгінгі күні ғылыми – технологияның дамуына байланысты адамзат баласы ой және дене еңбегін жеңілдететін техникалық құрылғылардың түр-түрін ойлап табуда. Мысалы, қазіргі кезде электронды есептеу машинасын қолдана отырып, кез-келген күрделі есептің шешімін аз ғана уақыт аралығында табуға болады. Тіпті, қарапайым есептеу құралы – калькуляторлардың өзі бүгінгідей нарық заманында қарапайым халық үшін аса тиімді. Әрине, мұның бәрі адамның ойлау қабілетінің ең ірі жетістіктері болып табылады.

Алайда, қалыптасқан жағдайдың пайдасымен қатар зияны да жоқ емес. Атап айтқанда, бүгінде кез-келген оқушының қарапайым көбейту кестесін біле бермеуі мүмкін. Сол себепті де, баланың логикалық ойлау қабілетін дамыту бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің бірі деуге болады. Сондықтан осы мәселерді шешудің қандай   жолдары бар екендігіне, оларды орындау  үшін  қандай мәселелерді шешуге тура келетіндігіне күмән жоқ. Математика сабағында аталған мәселелер туралы оқушыларға түсінікті болатындай ақпараттық мағлұматтар беру және математикалық есептеудің кейбір әдістерін зерттеуді  жүзеге асыруда әр түрлі  есептердің арасында  үнемі  байланыс  болатындығын үйрету көзделеді.

Әр мұғалімнің мақсаты – өзінің білім деңгейін көтеру, оқушының сабаққа деген қызығушылығын арттыру, ойлау қабілетін дамыту. Ойлау – шығармашылық, ойлау – еңбек. Бұны іске асырудың бір жолы қызықтыратын тапсырмалар таңдай білу.  Математиканың сан алуан сырын, сандар әлемінің қызық құбылысын, ойлау элементтерімен өрнектеп  сабақты қызықты, әрі ұтымды жүргізу. Лезде көбейту әдістері, кейбір бүтін сандарының бөлінгіштігі, ескілікті халық есептері, қызықты есептер, логикалық есептер, математикалық фокустар мен ойындар өткізу. Сандар теориясының элементтерін зерттеуді жүзеге асыруда әр түрлі есептердің арасында үнемі байланыс болатындығына есептер шығару, кез-келген санның квадратын қолдана отырып, сол санның маңайындағы сандардың квадраттарын оңай және ұтымды түрде табуға болатынын көрсету.

Логикалық есептер, ұлттық мазмұнды есептер шығару қисынды ойлаудың негізін қалауға көп көмектеседі. Іс жүзінде осы тәсілді игерген, қисынды ойлауы мықты дамыған әрбір оқушы есептеу кестесі мен калькулятордың көмегінсіз-ақ кез-келген санның квадратын еш қиналмай табатыны сөзсіз. Шапшаң есептеудің әртүрлі әдістерін үйрету. Ауызша есептеу дағдылары математикалық білімнің маңызды элементі болып табылады. Логикалық ойлау қабілетін дамыта отырып, пәнді жан –жақты тереңірек түсінуге ықпал ету.

Логикалық жаттығуларды орындау баланың ақыл-ойын, қиялын, ой ұшқырлығын дамытады. Бұл оқушылардың түрлі мазмұнды есептерді шығаруда, есептің шартын құра білуге қалыптастырылады. Әрбір сабақта қызықты есептер, логикалық тапсырмалардан пайдалансақ, оқушының танымдық белсенділігін, кітапқа, оқуға, білім алуға деген құмарлықтарын арттырамыз.

Зухра Калиаскаровна МУКАШЕВА,
«Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру
орталығының математика пәні мұғалімі,
Ақмола облысының Бурабай ауданы

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий