Кәсіби серіктестік – ұжымдағы тиімді коммуникация

«Тегінде адам баласы адам баласынан ақыл, білім, ар, мінез деген қасиеттерімен озады» деген дана Абайдың сөзі еш уақытта өз мәнін жойған емес. Егемен еліміздің жарқын болашағы –  жас ұрпаққа сапалы білім мен саналы тәрбие беруде жаңартылған білім мазмұнының ерекшеліктерін тәжірибеде үздіксіз қолдану нәтиже береді. Ұжымның алдындағы тиімді коммуникациялық міндет: табысты және әрекетке дайын қабілетті, әлеуметтік рөлін сезінетін құзырлы тұлғаны қалыптастыру.

Кәсіби серіктестік жұмысын  дамыту – ұжымның құзіретті үдерісіне айналған. Педагогикалық іс-тәжірибені жалпылау және тарату жұмыстары кәсіби серіктестікпен жүзеге асады. Ол үшін баланы субъект ретінде қарап, оқу ісіне өзінше қызықтыратын, оған қабілетін арттыратын жағдай туғызу керек. Осы мақсатта мектебіміздің жұмыс жоспары мынадай бағыттарға негізделген: мектептер серіктестігі; мұғалімдер серіктестігі; ата-аналар серіктестігі. Серіктес мектептермен мақсатты жұмыс жоспары құрылып,  жетекші мектеп «Жаратылыстану-математика» және «Тіл мен әдебиет» білім салалары бойынша  жұмыс жасауда.

Күтілетін нәтиже: мұғалімдердің іс-тәжірибесіне өзгеріс енеді; мұғалімдерге әдістемелік көмек беріледі; мұғалімдер өзара тәжірибе алмасады; мұғалімдер ынтымақтаса бірлесе жұмыс жасай алады; Ең алдымен жетекші мектеп қызметінің бағыттары, атқаратын міндеттері және функцияларымен танысып, SWOT талдау арқылы, мектептің мықты тұстары мен мүмкіндектері, әлсіз, қауіп-қатер тұстарына талдау жасалды. Мектептің мықты тұстары: мектеп тренері – 4; деңгейлік және көшбасшылық курстарынан өткен мұғалімдер – 12; шығармашылықпен айналысатын белсенді педагогтардың саны жоғары; ғылыми жұмыспен айналысатын мұғалімдердің көрсеткіші дамыған.

Мүмкіндіктері: NIS мектептерінің іс-тәжірибесін енгізу, озат тәжірибе алмасу; сыртқы бақылауға қатысу мүмкіндігін іске асыру; көшбасшылық, дарындылық, зияткерлік қабілеттері бар оқушылар санын арттыру; зерттеуді іске асыратын топтарды, жұмыс жоспарын, зерттеу тақырыбы мен зерттеу сұрағын құру; біліктілікті арттыру курстарынан кейінгі бірлескен іс-шаралар (мысалы, біріккен топтар күндері); жетекші және серіктес мектептердің мұғалімдерінің түрлі әдістемелік алаңдарда, кездесулерде, вебинарларда тәжірибе алмасуы; бірлескен коучингтер және тәлімгерлік (мысалы, «Сабақты зерттеу» тобы). Әлсіз тұстары: орта буынның білім сапасы мектептің білім көрсеткішінен төмендігі; мұғалімдердің деңгейлік курстан өту саны аз; шығармашылықпен жұмыс жүргізуге  кейбір педагог қызметкерлердің  қызығушылық танытпауы; мұғалімдер әзірлеген электронды оқулықтардың аз болуы; түрлі байқаулардан жүлделі орын халықаралық, республикалық деңгейде аз болуы; тиімді әдіс-тәсілдердің жеткіліксіздігі.

Қауіп-қатерлер: сабаққа деген уәжі төмен оқушылармен жұмыс жүргізу қиындықтары, ата-аналардың мектеппен ынтымақтастығының бәсеңдеуі; Кедергіден шығу жолдарын қарастыра келе, «Мектеп тәжірибесіндегі зерттеу» семинары өткізілді. Серіктес мектептердің шығармашылық топ мүшелері сабақты зерттеуді жүргізу үдерісімен таныстырды. Олар зерттеу сабақтарын қалай сапалы жүргізуге болатыны, ай сайын, әр циклде қандай деректер жинау, нәтижені талдау, алдыңғы іс-шараларды жоспарлау жолдарымен танысты. Жеке практикасын зерттеу бойынша кәсіби қоғамдастық мұғалімдеріне арналған біліктілікті арттырудың ішкі мектептік кеңес беру, оқыту іс-шараларын, семинарлар, коучингтер, вебинарлар, шеберлік сабақтары және тағы да басқа шаралар ұйымдастырылды.

Бұл іс-шараларды өткізудегі мақсат: мұғалімдердің кәсіби дамуына қатысты мәселелерді шешу, жаңартылған білім беру мазмұны бағдарламалары бойынша оқыту курстарынан өткен педагогикалық қызметкерлерді курстан кейін қолдау. Сонымен қатар, серіктес мектептер мұғалімдерінің кәсіби құзіреттілігін жетілдіруде, оқушының оқу-танымдық деңгейін қалыптастыруда «LS: сабақты зерттеу» әдісін тәжірибеде қолданудың алғы шарттарын ұсынып отырамыз. Бұл әдістің сабақ беру тәжірибесін жақсарту үшін өте тиімді екенін, сыныптағы ынтымақтастық ортаны, қарым-қатынас әрекетін бақылау мақсатында тәжірибені зерттеуге бағытталған тәсілдердің, яғни эмпирикалық тәсілдердің маңызы зор.

Бұл тәсілдер озық педагогикалық тәжірибені зерделеуде, сондай-ақ мұғалім өз тәжірибесінің белгілі бір қырларын зерттегенде қолданылатыны бақыланды. Сабақты зерттеу бойынша шығармашылық топ «Әдістемелік ұсыным» жинағын шығарды. Әдістемелік ұсынымның мақсаты –мектептегі, сыныптағы білім сапасын арттыру, сабақ процесін жақсартуға бағытталған әдіс-тәсілдердің тиімдісін анықтауға бағытталған «LS: сабақты зерттеу» жүргізуде мұғалімдерге әдістемелік көмек ұсыну. Әдістемелік ұсынымда сабақты зерттеудің жүргізілу барысы мен мақсаты туралы теориялық түсінік беріледі.

Ал тәжірибелік бөлімінде мектебімізде өткізілген зерттеу бойынша өз іс-тәжірибемізбен бөлістік. Жоспарлау, сауалнама жүргізу үлгілерімен, сондай-ақ сыныптағы түрлі деңгейлі оқушыларды таңдап алу, бақылау картасын толтыру, сабақтарды талдау мен оқушылармен сұхбат жүргізу бойынша ұсынбалар берілді. Сонымен қатар серіктес мектептердің педагог қызметкерлері бойынша жалпы база «Google Forms» онлайн-сервисі арқылы жасалды. Бұл базадан педагогтардың еңбек өтілі, зерттеу тақырыбы, қандай курстан өткендігі, статусы бойынша, шығармашылық топтардың мүшелері туралы, мұғалімдерді алаңдатып немесе қиындық тудыратын мәселелер бойынша мәліметтер жинақталған.

Жалпы және серіктес мектептердің әрқайсысының базасы құрылды. Осыған сәйкес  жетекші мектептің моделі құрылды. Жетекші мектеп ретінде бес мектеппен (№8, №9, №24, №2 МИ, №3 типтік интернат) серіктестікпен жұмыс жасаудамыз. Мектептердің педагог қызметкерлерімен бірлескен шығармашылық топтар құрып, іс-әрекетті бірлесе зерттеу мақсаттарына негізделген жұмыс жоспары айқындалды. Мұғалімдер серіктестігін жүзеге асыру барысында мектептегі пән бірлестіктерімен педагогикалық іс-тәжірибені жалпылау және тарату бойынша құрылған шығармашылық топтармен айналысатын мұғалімдердің жұмысын  оқу үдерісіне енгізу, зерттеу нәтижесін рәсімдеу.

Жалпы мұғалім сапасы – 52%. Ағарту ісінің үздік қызметкері -2, Алтынсарин төсбелгісінің иегері – 2, жаңартылған білім мазмұнында курстан өткен – 81 мұғалім  іс-тәжірибені жетілдіруде үздіксіз қызмет атқаруда. Білім берудің әр түрлі кезеңінде сабақтастықтың мазмұнын шешудің жолдарын арттыру үшін шеберлік сынып, воркшоттар, вебинар, ғылыми-практикалық конференцияларға  жүйелі қатысу бағытталған. Кәсіби серіктестік жұмыстарының мұғалімдермен болған тиімді коммуникация бағыты бойынша қала мектептерімен іс-тәжірибе таратуда «Жаңартылған білім мазмұны: ізденіс, тәжірибе, нәтиже», «Мектептің білім беру моделі: Не? Қалай? Не үшін?», «Білім беруден – білім алуға, оқытудан – оқуға», «Функционалды сауатты мұғалім», «Шығармашылық идеяларды тәжірибемен ұштастыру», «Білімді ел – Мәңгі ел», «Кәсіби диалог – ізденіс пен тәжірибе», «Жетекші мектеп тәжірибесінен: қашықтықтан оқытудағы тиімді тәсілдер» атты семинарлар мен вебинарлар өткізілді.

Бұл іс-шаралар педагогтардың білім берудегі сабақтастық пен шығармашылық, мазмұнды коммуникативтік құзырлығын жан-жақты дамытуға негізделді. Осындай мақсатты серіктестіктің нәтижесінде мектептің педагогикалық ұжымы толайым байқаулар мен ғылыми-практикалық конференцияға, форумдар мен ғылыми жобаларға, әдістемелік басылымдарға үздіксіз қатысып отырады. Республикалық ғылыми-педагогикалық жураналдарға әдістемелік  іс-тәжірибелері таратылды. Бірқатар мұғалімдер халықаралық, республикалық, облыстық деңгейдегі іс-шаралардың жеңімпаздары атанып, төсбелгі, мадақтама, алғыс хаттармен марапатталды.

Атап айтсақ, «Жастар және қазіргі заманауи әлемдегі мәселелер» Республикалық студенттер, магистранттар, доктаранттар және жас ғалымдардың ғылыми-практикалық конференциясы жұмысына қатысқаны үшін екі мұғалім сертификатқа ие болып, мақаласы жинаққа енді. Облыстық ғылыми-практикалық конфененцияға үш мұғалім қатысып, мақаласы жинаққа енсе, бастауыш сынып мұғалімі «Келешек ұрпаққа патриоттық тәрбие берудің маңызы» мақаласы негізінде облыстық онлайн конференция арқылы өз тәжірибесін әріптестеріне таратты.

Республикалық ашық «Әдістемелік вернисаж» фестивалі ұйымдастырған «Үздік презентация» байқауының «Оқыту сабағы» номинациясы бойынша қызықты жұмыстар ұсынғаны үшін ұйымдастыру комитетінің Мадақтамасын 16 мұғалім иеленді. Менің педагогикалық қоржыным» республикалық байқауының «Әдістемелік ұсыным» номинациясы бойынша 12 мұғалім қатысып, жүлделі ІІ орынмен 6 мұғалім, бір орынмен 4 мұғалім марапатталды. Республикалық  педагогикалық ғылыми әдістемелік журналдарға биылғы жылы 15 мұғалімнің  сабақ әзірлемесінің жоспарлары енсе, infourok.ru.USTAZ tilegi республикалық ұстаздар сайтына 12 мұғалім сабақ әзірлемелерін ұсынып сертификатқа ие болды.

Білім мен тәрбие егіз деп бекер айтылмаса керек, мектеп жұмысындағы кәсіби серіктестіктің де маңызы өте зор. Осы бағытта Қамқоршылық кеңесінің, Аналар мектебі, Әкелер мектебінің жұмысы жүргізіледі, өзге оқу орындарымен, кәсіби білім беру орындарымен байланыс орнатылған. «Білім беру ұйымдарында қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастыру және оны сайлау тәртібінің үлгілік қағидаларына» сәйкес құрылған Қамқоршылық кеңесі мектептің түрлі іс-шараларына қатысып, ұйымдастыру жұмыстарына көмек береді.

Қамқоршылық кеңес мүшелері мектеп ауласын абаттандыру және көгалдандыру жұмыстарына қатысып,  жазғы еңбек тоқсанын ұйымдастыруға көмектесті. Ұлы Абайдың 175 жыл толуына орай «Абай – дана, Абай – дара» тақырыбымен әдеби кешке, «Ерлік-елге мұра, ұрпаққа ұран!» тақырыбымен сазды әдеби кешке де Қамқоршылық кеңесі мүшелері қатысты. Тұлғаның өзін кәсіби анықтауына саналы қарым-қатынасын қалыптастыру, экономикалық ойлауын және экологиялық  мәдениетін дамыту мақсатында кәсіби білім беретін оқу орындарымен бірлестікте жұмыс жасаймыз.

Тәуелсіз мемлекетіміздің ертеңі өткен тарихымызбен тығыз сабақтасып келеді. «Жаста берген тәрбие – жас шыбықты игендей», — деп Ы. Алтынсарин айтқандай халқымыздың сан ғасырлық тарихынан өзек тартатын рухани мұрасын ұрпақ бойына сіңіргенде ғана еліміздің жұлдызы жанып, әлемдік мәдениетке ұмтылары айқын.

Сайлаугүл Тұрарқызы СЫЗДЫҚОВА,
№16 лингвистикалық бағытағы жалпы
білім беретін орта мектептің директоры,
Қарағанды облысының Балқаш қаласы

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий