Жүректерге жылулық сыйлайтын үйдің шаттығы

Жылуы бар үйдің керегесі кең, шаңырағы биік болар, –  дейді халық даналығы. Былтырғы оқу жылында басталған қашықтан оқу биыл жалғасын табуда. Оқушылардың білім алуына мектеп әкімшілігі, пән мұғалімдері және ата-аналар тарапынан толықтай қолдау көрсетіліп келеді. Сабақ қашықтан болса да ата-аналармен байланыс жақсы жолға қойылған.

Соның бірі ретінде мектебімізде өткен кезекті сынып жетекшілер жиналысында мектебіміздің оқу-тәрбие меңгерушісі Ризакулова Бағила Нысанбайқызы осы үрдісті әрі қарай жалғастыру барысындағы шаралармен таныстырған болатын. Бекітілген жоспарда ата-аналармен «Жүректерге жылулық сыйлайтын үй» тақырыбында қашықтан мектепішілік ата-аналар жиналысын ұйымдастыру көзделіпті. Бұл басқосуды менің сыныбым 8 «Б» және 9 «А» сыныбы, сынып жетекшісі Абуова Зура Сұлтанқызымен бірлесе өткізген болатынбыз. Бұл қоғамымызда болып жатқан зорлық-зомбылықты болдырмау және соған қарсы әрекеттерге бағатталды. Негізгі мақсат – жүректерге жылулық сыйлау туралы өмірлік тәжірибеден пікір алмасып, жақсы істің бастауы болып, жүректерге жылулық сыйлау. Ата-аналар жиналысы бір-бірімен пікір алмасып, әңгіме-сұхбат түрінде өтті. Жиналыста бала тәрбиесінде алғашқы ұстаз-ата-ана екендігі, ата-ана-бала тәрбиесіндегі басты тұлға екендігі баса айтылды.

Өйткені, кез-келген бала үшін үй ішінен, ата-анадан артық тәрбиеші жоқ. Бала адамгершілік, бауырмалдық, татулық, қайырымдылық, әдептілік, инабаттылық сияқты қасиеттер-жанұяда тәрбие балаға сөзбен, теориямен дамымайды, үлкендердің үлгісімен сіңеді. Сондықтан ата-аналар балаларының жан- дүниесіне үңіліп, мінез-құлқындағы ерекшеліктерді жете білгені жөн. Ұл-қыздарымызбен әңгімелескенде олардың пікірімен де санаса білген жөн. Кейбір ата-аналар өз баласымен ашық сөйлесе алмай, сырласа білмейтіндіктерін мойындады. Себебі, қазіргі қиын-қыстау заманда барлығы жұмыста болып, кешкісін үй шаруасынан қол тимей, баласымен сөйлесуге уақыт болмай қалатынын айтты.

Бұның дұрыс еместігін ата-аналар біледі, бірақ амалдың жоқтығынан осындай қадамдарға барып жататындықтарын мойындады. Негізі, баламен сөйлесуге тіпті арнайы уақыт бөлудің қажеті жоқ. Ата-ана ұл-қыздарымен үй шаруасында жүріп-ақ әңгімелесіп, ой бөлісуге неге болмасқа. Баланың дамуы мен әсер ететін жағдай жанұядағы жанжал, үлкендердің аузына келген сөздерді айтуы, баланың көзінше басқа біреумен ұрысуы, біреудің сыртынан өсек айтуы. Кез-келген бала алдында ата-ана және үй ішінің үлкендердің әдептілік танытқаны жөн. Ішімдік пен темекінің толып жатқан зиянын біле тұра, балалардың көзінше арақ ішіп, үсті-үстіне темекі тартатындары бар. Ертең-ақ ұл өсіп ер жетеді, қыз өсіп бой жетеді, сол кезде отбасындағы тәрбиенің көрінісі көрінеді.

Сол себепті бала өз үйінен үнемі жылулық алып, ата-анадан жақсы сөздерді үнемі естіп жүруі керек. Сөзімнің дәлелі болсын, ата-аналар жиналысында бір ата-анамның айтқан сөзі есімнен кетер емес, үш баланы өзі бағып-қағып отырған ана қандай қиындық болсада балаларын кем қылмай өсіруге бел буғанын айтты. Ол кісі жолдасымен, яғни балаларының әкесімен отасқан кезде баста жақсы құралған отбасының аяқ асты әкелерінің ішімдікке салынуы, отбасында үнемі орын алатын ұрыс-керіс, балаларының сол кезде жылдың қай кезі болсада сыртқа қашуы, бір сөзбен айтқанда отбасында жылулықтың болмауына әкеп соғады.

Уақыт өте келе дұрысталар деген әкеден ондай қасиетті көрмеген ана ақыры ажырасып тынады. Бұл менің келтіріп отырған бір ғана мысалым. Бұндай жанұялар өкінішке орай өте көптеп саналады. Өмірге алып келген бала кез-келген жағдайда жақсы отбасында, мейірімге толы жанұяда өсіп, ата-ананың толық махаббатын алып өссе екен демекпін. Ешбір бала жыламай, толық отбасында жақсы тәлім-тәрбие алса екен. Барлық ата-аналар алдында жүрген балаға жылулық сыйлап, баланың үйге асығып келуі үшін барлық жағдай жасалынса екен деп тілеймін!

Гүлмира Сейтжапбарқызы МАХМУТОВА,
Мәшһүр Жүсіп атындағы №57 орта мектептегі
биология пәнінің жоғары санатты мұғалімі,
Нұр-Сұлтан қаласы

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий