Заманауи мұғалімнің міндеті – оқушыларды шығармашылыққа баулу

– Егер мұғалім өн бойына, өз ісіне, шәкіртіне деген сүйіспеншілікті жинақтаса, ол нағыз ұстаз, – деген екен Л.Н.Толстой. Адамзат баласының қол жеткізген жетістіктері негізінде ашылған жаңалықтар – өркениеттіліктің белгісі. Жаhандану  заманында  ұлттық  бәсекеге қабілетті  болудың көрсеткіші  білім деңгейімен  өлшенетіні  айқын. Жиырма бірінші ғасырда экономикалық және қоғамдық жаңару қажеттіліктеріне сай келетін білім беру жүйесі қажет.

Иә,  білім – еркіндікке  барар жол. Олай болса, «тал бесіктен жер бесікке дейін білім іздеу», мәңгілік елдің ұғымтал ұрпағының жеке даралық ерекшеліктеріне мейлінше мән  бере отырып, білімі мен білігіне қоса үйренген дағдылары олардың  бүкіл  өмірлік  азығы болатындай  етіп  білім беру, оны  өмірге дайындау – бүгінгі күннің  басты міндеті. Білім беру саласында жүргізілген әлемдік зерттеулердің нәтижелері тиісті кәсіптік қасиеттерге ие, оқыту мен оқу үдерістерінің қажетті дағдылары мен терең түсініктерін игерген мұғалімдер жастардың білімін сапалық тұрғыдан өзгерте алатынын көрсетіп отыр.

Олай болса, сананың, ақылдың пайда болуы күнделікті өмірде тәжірибенің нәтижесінен туындайтын табиғи құбылыс. Сол құбылысты дамыту – тікелей өзіміздің қолымыздағы іс. Сондықтан қазіргі таңдағы оқыту саласына ендеп еніп келе жатқан жағартылған оқыту жүйесі  оң бетбұрыстардың  бірі деп санаймын. Мұнда оқытудың  әртүрлі  стратегиялары сарапталып,  жаңашыл ұстаздардың  іс-тәжірибесі зерттеліп, заман талабына сай сабақ беру әдіс-тәсілдері анықталуда. Махатма Ганди: «Әлемнің өзгеруін қаласаң, сол өзгерудің алғашқысы  өзің бол» деп  тұжырымдама жасаған. Олай болса, біздің алдымызда тұрған келелі міндеттердің бірі – оқытуда жаңа технологияларын қолдана отырып, саналы, тәрбиелі – тәртіпті, білімді – білікті жан – жақты дамыған, рухани бай, заман талабын орындай білетін тұлғаны тәрбиелеп дамыту.

Біліктілікті арттыру курсының мақсаты мұғалімдерді оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін енгізу арқылы Қазақстанның орта білім беру мазмұнын жаңарту бағдарламасын игеріп, өзгерістердің  мақсатын уақтылы  және  нәтижелі  орындау болып табылады. Яғни,  еліміздің ертеңін екшеп, болашақты бағамдайтын, ой-санасы жүйрік, ақпараттық коммуникациялық технологияны  жете  меңгерген, жаңа болмыстағы,  бәсекеге төтеп  бере  алатын, көшбасшы  ұрпақ тәрбиелеуші – ұстаз. Мектеп оқушыларының функционалдық сауатттылығын дамыту жөнінде білім сапасын арттыруды басқарудың стратегиялық жоспары дұрыс әрі бірізділікпен жасалса, онда жұмысымыз – нәтиже кепілі болары сөзсіз.

Білім беру саласындағы өзгерістер мен білім беру бағдарламасын жаңартудың өзектілігі мен оқытуда қолданатын педагогикалық тәсілдер мен бағалау әдістері туралы ақпаратты қамтиды. Жаңа заман мектептері оқушыларды өмірде, жұмыста және азаматтық ұстанымында өзгелермен ынтымақтастықта өмір сүруге дайындай отырып, ұлттық және жаһандық пікір алуандығының шынайылығын ұғына отырып, өзіндік дербестігі мен ерекшелігін дамытуға көмектесуі керек. Пән мұғалімдерінің ғылыми әдістемелік деңгейін кәсіби біліктілігін көтеріп отыру мақсатында жаңартылған бағдарламалар аясында қаншама мұғалімдер білімін жетілдіруде.

Әр мұғалімнің балалармен жұмыс жасауда өзіндік жолдары барына қарамастан  көпшілік мұғалімдерге ортақ негізгі педагогикалық қағидаттар бары анықталған. Мұны айтудағы себебім неде деп ойларсыздар? Жалпы қағидаттар қойылған мақсатқа қол жеткізу мақсатында ең қолайлы шешімдерді қабылдау үшін негізгі өлшем барын біле отырып, білім берудегі жаңа мүмкіндіктерге қолдануға дайын әрі қабілетті болуы маңызды. Жаңа форматты мұғалім болу – заманның көшіне ілесуде әр ұстаздың  өз қадамдары барын негіздейтін  іс-әрекеттері баршылық.

Қазіргі таңда еліміздің білім беру үдерісіндегі ұстаздар қауымының алдындағы үлкен міндет – оқушыларға тек сапалы білім, саналы тәрбие  беріп қана қоймай, оларды жан – жақты дамыған, заман талабына сай, жеке тұлға етіп, ғылыми зерттеу бағытында оқытып, тәрбиелеуді қажет етеді. Бұл мұғалімнен үнемі ізденіп, озық тәжірибені пайдалануды талап етіп отыр. Ұлы философ Конфуций «Оқымай ойлану бос әрекет» деген. Бала  білімін дамыту үшін жаңа ұғым, жаңа үлгі, жаңа тәсіл керек. Ол үшін оларды жақсы оқуға итермелейтін факторларды анықтау көп ізденіс пен зерттеуді талап етеді.

К.Д.Ушинский: «Қызықтырар ұстаз болса, қызықпайтын шәкірт болмас»- деуінің өзінде  оқушыларды жаңа заманға сай тәрбиелеу үшін ұстаз қауымы оқу –тәрбие жұмысына шығармашылықпен қарап, оқытудың жаңа әдістерін қолдану керек деген ой жатқан сияқты. Мұғалім – бұл қай кезде де ең алдымен кәсіби деңгейі жоғары, интеллектуалдық, шығармашылық әлеуеті мол тұлға. Ол-оқытудың жаңа технологияларын өмірге ендіруге дайын, оқу-тәрбие ісіне шынайы жанашырлық танытатын қоғамның мүшесі.

Мұғалімдік мамандық – бұл адамтану, адамның күрделі және қызықты, шым-шытырығы мол рухани жан дүниесіне үңіле білу. Педагогикалық шеберлік пен педагогикалық өнер – ол даналықты жүректен ұға білу болып табылады, – В.Сухомлинский. Ізденімпаздықпен еңбектенетін әрбір пән мұғалімінің шығармашылығындағы ерекше тұс оның сабақты түрлендіріп, тұлғаның жүрегіне жол таба білуі. Өзгермелі қoғамдағы жaңа фopмация мұғалімі педагогикалық құралдардың барлығын меңгерген, тұрақты өзін-өзі жетілдіруге талпынған, рухани дамыған, толысқан шығармашыл тұлға құзыреті.

Жаңа формация мұғалімі табысы, біліктері арқылы қалыптасады, дамиды. Әлемдегі озық тәсілдерді оқып меңгерген ұстаздар,  өз нәтижелерін таныстырылым арқылы көрстеді. Бағдарламаның басты мақсаты: жеке тұлғаға сапалы білім бере отырып, танымдық әрекетін ұштап, шығармашылығын дамыту. Бұл бағдарламаны үйренуге келген мұғалім міндеті заман талабына сай өз білімін өмірде қолдана білетін, көпшілікпен араласа алатын, өз ойын еркін жеткізе алатын ішкі мәдениеті жоғары дамыған, кез – келген кедергілерден жол тауып шыға алатын тұлғаны жетілдіруге жол тауып, әдістер мен тәсілдерді үйрену болып табылады.

Еңбегі  көптің – өнбегі көп,  бергені көп.  Ал  бергені  көптің  алары аз  болмайды.  Жаhандану  қоғамына  лайық  мінсіз  оқушы  тәрбиелеу, өркениетке  ұмтылыс  жолындағы  қазақ ұлтының  мемлекеттік  мәртебесін   көтеру үшін  ат  салысып,  жігерлі  де білімді  азаматтарды  тәрбиелейік!

Оразкул Тойшықызы НАЙЗАБЕК,
“Өрлеу” БАҰО АҚ филиалы Түркістан облысы
және Шымкент қаласы бойынша ПҚБАИ
Менеджмент және ақпараттық технологиялар”
кафедрасының аға оқытушысы
, ЖББ тренері

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий