Бас жүлде иегерімен сұхбат: Тәуелсіздікке қосылған үлестің үлгісі

 

Санкт-Петербург қаласында 10-22 жас аралығындағы оқушылар мен студенттер арасында “Адам құқықтары біздің көзімізбен” тақырыбындағы халықаралық бейнероликтер байқауының онлайн көрсетілімі ұйымдастырылған еді. Биыл бұл байқау алғаш рет халықаралық мәртебеге ие болды. Тәуелсіз мелекеттер достастығының құрамындағы елдерден бес мыңнан астам үміткер қатысқан тартысты сайыста еліміздің намысын қорғаған Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің 1 курс студенті Азамат Ибрагим бас жүлдені иеленді. Сарапшылардың назарына ұсынылған жобалардың арасында бәсекелестерінен оқ бойы озық танылған бейнероликтің тақырыбы:”Ар-ождан бостандығы және діни сенім”. Автор бұл шығармашылық жұмысының негізі ретінде Юрий Левитанскийдің “Әркім өзі үшін таңдайды” өлеңінің мазнұнын арқау етіпті. Осыған орай сырбойылық ізденімпаз жаспен әңгімелескен едік.

Шет мемлекеттердің арасындағы білім бәсекесінде тәуелсіз еліміздің абыройын асқақтатқан жемісті жетістігіңмен шын жүректен құттықтаймыз. Халықаралық байқауға қатысар алдында жанашыр жандар бағыт пен бағдар берген болар. Кез-келген студент үшін күрделі де мағынасы терең тақырып бойынша жаңаша жобаны әзірлеуде қандай қағидаттарды негізге алдың?

– Ең алдымен барша оқырмандарға айтарым бұл жүлдені менің тәуелсіз мемлекетіміздің ілгері дамуына алдағы кезде қосылуы мүмкін салмақты үлесімнің кішкентай бір бөлшегі ретінде қабылдасаңыздар. Ия, байқаудың ережесін оқып танысқанымда қатысушы үміткерлер әзірлеген жұмыстарын БҰҰ Бас Ассамблеясы (10.12.1948 ж) қабылдаған адам құқықтарының жалпыға ортақ декларациясының ережелеріне арнауы қажеттілігі жазылған екен. Сондықтан ата-анамның қолдауына сүйеніп, оқытушы ұстаздарымның ақыл-кеңесіне жүгіндім.

Халықаралық құқық туралы жазылған құнды еңбектермен танысуыма тура келді. Себебі қазіргі уақытта әлем жұртшылығы мойындаған құжат ұйымға мүше мемлекеттердің Конституцияларының негізін құрайды. Демек әрбір үміткер жеке жұмысы арқылы адам мен оның құқықтарын құрметтеудің маңыздылығын, оның құқықтарын неге құрметтеу керектігін және айналаңыздағыларға, достарыңа, жақындарыңа қатысты міндеттерін ұғыну қаншалықты маңызды екенін түсінікті тілмен жете ұғындыруы тиіс.

Білуімше бақ сынаған білім саласының жас мамандары мен студент жастардың дені бейне жазбаларын жалпыға бірдей декларациядағы білім алу, өмір сүру құқығын қамтамасыз ету және жеке басына қол сұғылмаушылыққа қанрсы, бауырластық рухындағы бір-біріне құрмет көрсету көзқарасына арнаған. Сондықтан бәсекелестіктің деңгейі жоғары болды деуге толық негіз бар.

Байқаудың ұйымдастырушылардың бұқаралық ақпарат құралдарына таратқан ресми мәоіметіне жүгінсек әділ қазылар алқасының мүшелері тікелей эфирде адам құқықтары туралы ұсынылған 1475 бейнероликтің отыз бес үздігін жариялап, саған бас жүлде бұйырды. Бұл бағытта арнайы зерттеулер жүргізіп, жан-жақты сараптама жасауға маманданған белгілі тұлғалардың барлығының бірдей көңілінен шыққан шығармашылық жұмысыңның басты ерекшелігіне тоқталсаң?

Бала кезімнен жан-жақты білім алуға және жаңашыл дүниелерді игеруге қызығатынмын. Мектеп қабырғасында мәнерлеп оқу, шығарма жазу бағытындағы байқауларға қатысып, жүлделі орындарға қол жеткіздім. Колледжде арнаулы кәсіби білімді меңгеру кезінде де түрлі қоғамдық шараларға белсене қатысатынмын. Тіл мамандығын таңдау арқылы педагогика саласының қыры мен сырына қаныға бастаған соң адам құқығын қорғауға негізделген жобаларды жасауды қолға алдым.

Мен соңғы кезде мемлекет тарапынан ерекше қамқорлық пен қаржылық қолдау көрсетіле бастаған инклюзивті қоғамды берік қалыптастыруға үлес қосу ниетімен тың дүниелерді ойластырудамын. Бейне роликте осы ойдың өзегі бар. ЮНИСЕФ балалар қорының «#пайдасыбаркарантин, Инклюзивті қоғам: #shekteusiz жобаларының түлегі ретінде бос уақытымды еріктілер жасағының құрамында жүктелеген жауапты жұмыстарды абыроймен атқаруға арнаймын.

Білім бәсекесінде бақ сынап, биік белесті бағындыру үшін көп оқумен қатар тынбай іздену де аса қажет. Алға қойған мақсатыңмен бөліссең? – Жандүние шығармашылыққа тым жақын болғандықтан шығар жаңашылдыққа ұмтылып шабыттанған кезде немесе тың туындының нобайын қағазға түсіргенде компьютердің алдында тапжылмай отырып, ізденетін әдетім бар. Себебі әрбір еңбектің түбінде терең ой мен астарлы мағына болуы шарт. Маған жеңіл әрі біреуден көшіру арқылы жасалған минимализм дүниелер ұнамайды.

Жобаны кәсіби тұрғыдан әзірлеудің күрделі қиындықтары көп уақытты алатындығымен қоса шаршататыны тағы бар. Байқау әуесқой шығармашылығыма тың серпін беріп, болашаққа нық сенім үстеген қызықты идеялар ұсынды. Алдағы уақытта алыс жақын көршілес елдердегі жастардың ынтымақты қарым-қатынасы бекемделе түсіп, көп жақты тәжірибелер алмасуға тағы бір жол ашылатындығына сенемін. Бұл жаңашыл жобалардың аламан бәйгесі емес таланттарды танытатын ашық алаң.

«Білімді ел – Образованная страна» республикалық апталығы арықылы жастардың жігерін жаныған П.Г.Олденбург ханзада атындағы Санкт Петербург құқық университетіндегі бастамашылдарға және маған жан-жақты қолдау білдірген салалық министрлік пен жоғары оқу орны басшылығына, барлық жанашыр жандарға айтар алғысым шексіз.

Мазмұнды әңгімеңізге рахмет. Тәуелсіз еліміздің намысын қорғау жолында жемісті жетістіктер тілейміз!
Сұхбаттасқан – 
Нұрлан ТІЛЕГЕНҰЛЫ,
Нұр-Сұлтан қаласы

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий