Білім берудің сапасын жақсарту жолдары

Қазіргі әлемде болып жатқан қарқынды өзгерістер әлемдік білім беру жүйесін қайта қарау қажет екендігін паш етті. Қарқынды өзгеріп жатқан әлемде білім саласындағы, маңызды мәселе болып отырғаны: «ХХІ ғасырда нені оқыту керек?» және «ХХІ ғасыр оқушысының мұғалімі қандай болу керек?» деген мәселе  алдыда  тұр.

Бүгінгі таңда білім берудің сапасы мен деңгейін жан-жақты көтеріп, жаңаша ойлайтын, оқыту мен тәрбиенің жаңа технологиясын күнделікті жұмысында қолдана білетін ұстаздардың ғана жұмысы жемісті болмақ. Тек терең білім, іскерлік дағды, кәсіби біліктілік кез-келген ұстаздың күнделікті іс-әрекетіне енгенде ғана қабілетті тұлға, яғни жан-жақты заман талабына сай, дүниетанымдық қасиеті дамыған, сыни тұрғысынан ойлауды көздейтін ойшыл азамат тәрбиелеу болса, оны атқаруда колледж әдіскерлеріне  үлкен жауапкершілік жүктелетіні анық.  

Осы орайда, Алматы облыстық білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы үздіксіз білім берудің ұлттық моделін қалыптастыру мақсатында білім беру сапасын арттыру бағытындағы әдістемелік жұмыстарды  жыл санап жандандыра түсуде. Осындай жұмыстардың бірі биылғы 2020-2021 оқу жылында  Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары арасында құрылған «Жалын» үздік педагогтер Ассоциациясы. Ассоциация мүшелері жаңартылған білім беру мазмұны аясында кәсіби қарым-қатынас аясын кеңейту мақсатында өз іс-тәжірибелерімен бөлісіп келеді. “Қашықтықтан білім берудегі заманауи технологиялар» тақырыбында ашық сабақтар шеруі ұйымдастырылды. 

Ашық сабақтар шеруі барысында Көксу ауылшаруашылық колледжінің арнайы пән оқытушысы Республикалық «Үздік педагог -2015» байқауының жеңімпазы Джунисова Бейбітгүл Авганбаевна «Жемістер мен көкөністерді өсіру технологиясы» пәні бойынша «Суару жүйесі» тақырыбында ашық сабағын әріптестеріне ұсынды. Қазіргі  таңда  ғылыми  ақпарат ағымы өте үлкен, оқыту уақыты шектеулі, соған қарамастан ең маңызды талаптардың бірі оқытудың  әдістері  мен  тиімді  мазмұнын табу болып  саналады. Оқытушының сабақ жоспары әдістемелік сауаттылықпен құрастырылған, сондықтан сабақ  құрылымы  дидактикалық мақсат  негізінде  және оқу материалының мазмұны, оқу іс әрекеті барысында жүзеге асырылатын практикалық тапсырмалар психологиялық заңдылықтар мен топтың жағдайына сәйкес алынған. 

Оқу материалының меңгерілу деңгейіне сәйкес оқытушы үйренудің логикасын, реттілігін дұрыс құра білген, ол оқытудың нақты әдістері мен амалдардың көптеген түрлерінің  сан  алуандылығы сабақта байқалды. Оқытушы кері байланысты шеберлікпен ұйымдастыра отырып, білімгерлердің оқу материалдарын, білімдерін  бақылауда олардың жауаптары  негізінде  сабақтың нәтижелігіне байланысты  нұсқау беріп  отырды. Оқытушының оқу барысын  басқару  кезінде, білімгерлердің  кәсіби  дайындау сапасын арттыру мақсатында, бағдарлама мен оқу жоспарын заманауи оқыту технологияларымен байланыстырылғаны айқындалды және оқытушы білімгерлердің мағыналық, операциялық және мотивациялық компоненті қызметін қалыптастырды,  білімгердің оқу  материалдарын  игеруін қадағалады, түзеді және  бағалады, уақытты тиімді пайдалана  отырып,  үй  тапсырмасын  орындауға  түсініктеме берді.

Сабағы  жоғары  деңгейде  өткізіліп,  оқытушының  барлық іс-әрекеті қазіргі заманғы психологиялық – педагогикалық  жетістіктерді ескеру негізінде сапалы  нәтиже  арқылы   жүзеге асырылды.  Осы орайда, «Сабақ беру – үйреншікті жай шеберлік емес, ол – үнемі жаңадан жаңаны табатын өнер»,-деген Жүсіпбек Аймауытовтың сөзін айта кету артық болмас. Осындай үздік педагогтардың жұмысын жүйеліндіріп, облыс, республика көлемінде таратылуына әдістемелік тұрғыдан көмек көрсетіп отырған Алматы облыстық білім беруді дамытудың оқу әдістемелік орталығының басшысы Алуа Жанатайқызы, Техникалық және кәсіптік білім бөлімінің басшысы Шынар Қабиқызы, әдіскерлер Лаура Байғазықызы, Эльмира Камардинқызына барлық колледж әдіскерлері тарапынан үлкен алғыс білдіреміз!

Жаннэль Абилдақызы АХМЕТОВА,
Талдықорған гуманитарлық техникалық
колледжінің әдіскері
Алтынай  Ақылшақызы БЕКБУЛА,
Жаркент  көпсалалы  колледжінің әдіскері,
Аламты облысы

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий