Ақмола облысында жыл соңына дейін 1320 орындық екі мектеп пайдалануға беріледі

Ақмола облысында Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру бойынша 2020 жылдың қорытындылары шығарылды, – деп хабарлайды осы жергілікті білім басқармасының баспасөз қызметі.

2020 жылы мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік білім беру саласында 2 нысаналы индикаторды, 19 көрсеткішті орындауды қамтитын бағдарламаны іске асыру барысы туралы Ақмола облысы білім басқармасы басшысының м.а. В.Г. Гамазов айтып берді. Облыста мектепке дейінгі білім берумен 1-6 жастағы 33136 бала (мектепке дейінгі ұйымдарда) немесе 77,6% (жоспар – 75,4%) қамтылған. МЖӘ шеңберінде мектепке дейінгі білім беру жүйесінде инвестициялар сомасы 800 млн.теңгеден асатын 13 жоба іске асырылуда.

Облыстағы барлық 249 балабақша бейнебақылау жүйелерімен жабдықталған. 2019-2020 оқу жылының қорытындысы бойынша білім сапасы 63,9% құрады (2019 ж. – 61,7%). Ағымдағы жылы жаңа жүйе бойынша облыстың 7,5 мыңнан астам педагог аттестатталды, оның ішінде 7 мыңнан астам пән мұғалімдері, бұл 53%-ды құрайды (оның ішінде педагог – модераторға-2059, педагог – сарапшыға-3210, педагог – зерттеушіге-2050 және педагог-шеберге-48). Білім беру ұйымдарының желісін кеңейту мен қолдауда құрылыс және жөндеу жұмыстары өте маңызды. 2020 жылы 25 білім беру нысанын салуға және қайта жаңартуға 15,0 млрд.теңгеден астам қаражат көзделген.

Оның ішінде: 4312 орындық 10 мектеп; Көкшетау қаласының мектептеріне 1680 орындық 4 қосымша оқу корпусы; 980 орындық 4 балабақша. Үш ауысымды оқытуды жою мақсатында ағымдағы жылдың қазан айында Целиноград ауданы Қажымұқан ауылында 300 орындық мектеп пайдалануға берілді, қарашада Көкшетау қаласындағы №6 ОМЛ-ға 300 орындық жапсаржай құрылысы аяқталды. 3200 орындық 6 мектептің және Көкшетау қаласының 1680 орындық мектептеріне қосымша 3 оқу кор пусының құрылысы жүргізілуде. Ағымдағы жылдың соңына дейін Целиноград ауданында 1320 орындық 2 мектеп және Көкшетау қаласының №13 ЭШГ-не 420 орындық қосымша оқу корпусын пайдалануға беру жоспарлануда.

Жаңа мектептер мен қосымша оқу корпустарын пайдалануға беру қосымша 6680 оқушы орнын, сондай-ақ екі жүзден астам тұрақты жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді. Жыл сайын оқу жағдайларын жақсарту үшін бюджеттен білім беру ұйымдарына күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізуге қаражат бөлінеді. 2020 жылы «Жұмыспен қамту жол картасы», «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы, облыстық бюджет шеңберінде білім беру жүйесі бойынша күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу көлемі айтарлықтай ұлғайды. 147 білім беру нысаны 9,5 млрд. теңгеге жөнделді.

Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында ағымдағы жылы облыстың 555 мектебін бейнебақылау жүйелерімен жабдықтау бойынша жұмыс аяқталды. Жалпы контингенті 21,5 мыңнан асатын 32 колледжде «Баршаға арналған тегін кәсіптік-техникалық білім беру» жобасын іске асыру жалғасуда. Мемлекеттік білім беру тапсырысы есебінен шамамен 17 мың немесе 77,6% студент білім алуда. Бүгінде облыс мектептерінде 45 мыңнан астам компьютерлік техника бар. Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен компьютерлік техниканы қосымша сатып алу 1 компьютердің 9 оқушыға арақатынасын 3 оқушыға 1 компьютер деңгейіне дейін төмендетуге мүмкіндік берді.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий