Мектепке дейінгі ұйым: Педагогикалық технологияларды қолдану жайы
Еліміздің болашағы, көркейіп өркениетті елдер қатарына қосылуға бүгінгі ұрпақ бейнесінен көрінеді. Жаңаша білім беру саласындағы проблема әлеуметтік педагогикалық және ұйымдастыру тұрғысынан, білім мазмұнына жаңалық енгізудің тиімді, жаңа әдістерін іздестіру, оларды жүзеге асыра алатын педагогтарды, тәрбиешілерді дайындау.
Қазіргі білім саласындағы білім берудің моделіне өту, оқыту мен тәрбиелеудің соңғы әдіс-тәсілдерін, иновациялық педагогикалық технологияны игерген, психологиялық педагогикалық диагностиканы қабылдай алатын, педагогикалық жұмыста қалыптасқан бұрынғы ескі сүрлеуден тез арада арылуға қабілетті және нақты тәжірибелік іс-әрекет кезінде өзіндік дағдылы жол салуға икемді, шығармашыл педагок-зертеуші, ойшыл педагог болуын қажет етеді. Мемлекеттік білім стандартты деңгейінде оқыту үрдісін ұйымдастыру жаңа педагогикалық технологияны ендіруді міндеттейді.
Қазіргі білім саласындағы оқытудың озық технологияларын меңгермейінше сауатты, жан-жақты маман болу мүмкін емес. Жаңа технологияны меңгеру тәрбиешінің интеллектуалдық, кәсіптік, адамгершілік, рухани, азаматтық және де басқа көп деген адами келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді. Өзін-өзі дамытып, оқу-тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі. Қазіргі кезде педагогикалық технология ұғымы біздің педагогикаға берік еніп келеді. Түсіндірме сөздікте: «технология – бұл қандайда болсын істегі шеберліктен, өнердегі амалдардың жиынтығы» делінсе Б.Лихачев педагогикалық технологияны оқу процесінде белгілі бір мақсат көздей әсер ететін педагогикалық ықпал деп түсіндіреді.
Бүгінгі педагогика ғылымының лексиканың да педагогикалық (оқыту) техноглогия ұғымы терең тамыр жайды. Педагогикалық технология-практикада іске асыратын педагогикалық жүйенің жобасы. Педагогикалық жүйе дегеніміз-белгілі бір қабілеті бар дара тұлғаны қалыптастыруға бағытталған педагогикалық әсерді ұйымдастыруға қажет құралдар, әдістер мен тәсілдердің өзара байланысқан бірлігі. Оқыту технологиясы-оқытудың тиімді жолдарын іздейді, ғылымда оқыту процесінде қолданылатын әдістер, тәсілдер мен қағидалар. Педагогикалық технология ұғымы төменгі деңгейлерде қолданылады. Жалпы педагогикалық жүйе ұғымының синонимі. Оған: мақсат, мазмұн, оқытудың құралдары мен әдістері, оқыту процесінің субъектілері мен объектілерінің әрекет алгоритмі кіреді.
Салалық (пәндік) – бір пән шеңберіндегі оқыту, тәрбие мазмұнын жүзеге асыруға негізделген әдістер мен құралдар жиынтығы. Ақыл-ой тәрбиесін жүзеге асыруда бағдарлама оқу процесінде, ойынды, еңбек әрекетінде зейінін, қиялын, ойлауын, ақыл-ой әрекет қабілеттерінің қалыптасуын салыстыра алу, саралау, қорытынды шығару, қарапайым себеп-салдар байланыстылығын анықтай алуын, жалпылай білуін қамтиды. Тәрбие тұлғаны дамытуда шешуші рөл атқарады. «Тұлғаның қалыптасуы» ұғымына баланың қоғамда өмір сүруге қабілеттілігі, өзінің тағдырына иелік ете білуі, мінез-құлқын жөнге сала білуі. «Мен», «Мен айта аламын», «Мен жасай аламын», «Мен қорықпаймын» деген ұғымдарды баланың бойына сіңіру.
Мектепке дейінгі кезең негізінде М.Монтессори педагогикасы балаларды еркін тәрбиелеп, өмірге бейімдеу, өмірде өз мақсаты бар екенін қалыптастыру, балалардың өзінің үйреніп, өзін дамытуына жаңа мүмкіндіктер беру, балаға өз жұмысын басқаруға көмектесу. Мектепке дейінгі оқыту мен тәрбие жүйесін жетілдіру мақсатында шынайы өмірде тиімді ету қабілеттерін дамыту үшін, М.Монтессори әдісін қолдану тиімді. Монтессори материалы арқылы бала затты түсінеді және оны қолдануға тырысады. Монтессори материалы қандайда бір іс-әрекетке итермелейді.
Сонымен қатар «Ой қозғау», «Кубизм», «Топтастыру», «Венн диаграммасы», «Ассоциация», «Сиқырлы таяқша» әдістерінде: «Кубизм» стратегиясы кубиктің әр қырларына сөз орнына суреттерді қолданады. Венн диаграммасын қолданғанда, ұйымдастырылған оқу қызметінде екеуінің ортақ қасиеттерін, ұқсастығын табады. Осы стратегияларды пайдаланғанда бала ойын анық, толық айтуға, өзін еркін ұстауға, екі ұйғарымнан бір пікірді таңдауға, достарын сыйлауға, құрметтеуге, топпен жұмыс жасауға тез бейімделінеді. Қазіргі бала – өздігінен ізденетін жеке тұлға екендігіне ерекше мән беруіміз керек.
Баламен жүргізілген тәрбие жұмысы олардың шығармашылық белсенділігін арттыруға, білімді өз бетінше алуға және оны қолдана білуіне септігін тигізеді. Шығармашыл тұлға – отанын, елін сүйетін патриот, білімді, тәрбиелі азамат, эстетикалық сезімі кең, жаны нәзік, сұлу, салауатты жан, өзін өзі, басқаны да өрге сүйрейтін қайратты жан, рухы таза, өнерпаз, өнертапқыш, өз елінің, басқа да елдердің салт дәстүрін, өнерін құрметтеуші. Қоғам дамуының ең басты шарты шығармашыл тұлға тәрбиелеу десек, сол шығармашыл тұлғаны тек шығармашыл тұлға ғана тәрбиелей алады.
Тәрбиеленушінің сапалы білім, сапалы тәрбие алуы тәрбиешілердің білімділік және кәсіби шеберлігін қажет етеді. Демек, шәкірт құзіреттілігі ұстаз құзіреттілігінен бастау алады. Оқу-тәрбие үрдісінде жаңа педагогикалық технологияларды қолданудың өзіндік ерекшеліктері, нновациялық білім берудің нәтижесінде оқыту мен тәрбиелеудің соңы әдіс тәсілдерін инновациялық-педагогикалық технологияны меңгерген, психологиялық-педагогикалық диагностиканы қабылдай алатын және нақты тәжірибелік іс-әрекет үстінде өзіндік даңғыл жол салуға икемді, шығармашыл педагог, зерттеуші жаңаша педагог болып шығады.
Айгүл Лұқпанқызы ИМАНГАЛИЕВА,
№8 “Ақбота” санаторлық бөбекжай
бақшасының әдіскері, Атырау қаласы