Табысты мектептің алғы шарты – сауатты оқушыны қалыптастыру
Биылғы жылдың қараша және желтоқсан айларында “Өрлеу “БАҰО” АҚ филиалы Павлодар облысы бойынша ПҚ БАИ курсаралық іс-шаралар аясында Екібастұз қаласындағы №12 жалпы орта білім беру мектебінің мұғалімдеріне арналған практикаға бағытталған семинарлар сериясы ұйымдастырылды. Осы оқу жылында педагогикалық ұжым мектептің даму бағдарламасы бойынша «Табысты мектеп болудың алғышарты – функционалды сауатты оқушыны қалыптастыру» тақырыбында оқу-тәрбие үрдісінің жұмысын бастады.
Педагогикалық ұжымға ғылыми-әдістемелік көмек көрсету мақсатында мектеп басшылығымен бірлесіп білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру бойынша практикаға бағытталған семинарлар сериясын өткізу жоспарланды (пандемияға байланысты бірінші семинар ZOOM пайдалана отырып, қашықтықтан өткізілді). Практикаға бағытталған семинарлар сериясының тақырыбы: «Оқытудың жаңа тәсілдері арқылы оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту; «Табысты мектеп болудың алғышарты – функционалды сауатты оқушыны қалыптастыру»; «Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту үшін оқу іс-әрекетін ұйымдастыруда белсенді оқыту әдістерін қолдану».
Төртінші – «Оқушының функционалдық сауаттылығын бағалауға арналған тапсырмаларды әзірлеу технологиясы»; «Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында оқушының функционалдық сауаттылығын дамытуға сабақты жобалау». Практикаға бағытталған семинарлардың мақсаты: білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту бойынша мұғалімдердің кәсіби шеберлігін арттыру. Бірінші тәжірибеге бағытталған семинарда оқушылардың негізгі және пәндік құзыреттіліктері қарастырылды. Негізгі және пәндік құзыреттіліктің білім берудің нәтижесі ретінде нақты, өлшемді, қолжетімді, шынайы және уақыты анықталған болуы қажет екені айтылды.
Практикалық жұмыс “4 сөйлем” стратегиясын қолдана отырып, сессия залдарының көмегімен топтарда жұмыс істеу ұйымдастырылды (тапсырма: «Функционалдық сауатты тұлға – бұл қандай тұлға?» сұраққа жауап беру). Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру және дамыту моделі ұсынылды. Семинар барысында білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру үшін қандай педагогикалық технологиялар, белсенді оқыту әдістерін қолдануға болатыны туралы ұсыныстар берілді.
Екінші тәжірибеге бағытталған семинарда мұғалімдердің практикалық тәжірибесін қолдана отырып, мектептің әдістемелік бірлестіктері таңдау бойынша презентация ұсынылды: табысты мектеп моделі; табысты мұғалімнің моделі; табысты оқушының моделі; табысты мектеп үшін қандай жағдай жасау керек?. Бесінші тәжірибеге бағытталған семинарда келесі сұрақтар қарастырылды: сабақты жоспарлауда не өзгерді; SMART форматында сабақтың мақсаттары қалай әзірленеді; сабақтың әр бөлігі оқушылардың осы мақсатқа қол жеткізуін қолдайды ма; оқу процесіне оқушыларды тарту және мақсатқа қол жеткізу мақсатында оқыту оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытуға оқытудың қандай белсенді әдістері қолданылады; әр оқушыны оның мүмкіндіктері деңгейінде оқыту мақсатында саралау тәсілдері қандай қолданылады.
Практикалық жұмыс сесиялық залдардың көмегімен ұйымдастырылды, “Бірге ойлаймыз” стратегиясын пайдалана отырып, топтарда жұмыс істей отырып, мұғалімдерге оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытуға SMART форматында сабақтың мақсатын әзірлеу ұсынылды. Сессия залдарының жұмыс қорытындысын топ спикерлері ұсынды. Мұғалімдердің практикалық тәжірибесі мен топта жұмыс істей білуі орындалған жұмыстың нәтижелілігін көрсетті.
Семинар барысында білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында оқушының функционалдық сауаттылығын дамытуға сабақты жобалау бойынша нақты ұсыныстар берілді. Мұғалімдердің ынтымақтастыққа деген оң көзқарасы мен практикалық бағдарланған семинарлар сериясының мәлімделген тақырыбының өзектілігін түсінуге деген ұмтылысын атап өткім келеді.
Балкен Жебеновна АБУТАЛИПОВА,
“ӨРЛЕУ” БАҰО АҚ Павлодар облысы
бойынша филиалы ПҚ БАИ білім беру
процесінің психологиялық педагогикалық
сүйемелдеу кафедрасының аға оқытушысы