Қашықтан оқыту: Сабақты тиімді ұйымдастырудың жолдары

 – Мұғалім ісі сырттай қарапайым болғанымен – тарихтағы ең ұлы істің бірі, – дейді К.Д.Ушинский. Осы ұлы тұлғаның сөзін ұран етіп қана қоймай, ісімізбен дәлелдейтін уақыт келді. Әрбір жаңа дүниенің тиімді және тиімсіз тұстары болады. Қиын кезең кемел адамдарды қалыптастыратыны шындық. «Адамның адамгершілігі –жақсы ұстаздан», – деп дана Абай айтқандай, бүгінгі тәлім мен тәрбие беретін білікті ұстаз болу – бүгінгі күннің басты талабы. Білім де, ғылым да динамикада жылдамдықпен дамып отыратын үдеріс болғандықтан, заман бір орында тұрмайтыны белгілі.

Заманауи ұстаз қазіргі қоғамда өз ісінің шебері,кәсіби біліктіліктің критерийлері мен талаптарына сай болуы қажет. Білім және ғылым министрлігінің қашықтан оқыту туралы бұйрығы шыққалы ұстаздар қауымы барынша жауапты жұмыстарын жаңаша жалғастыруда. Қ.Дуйсебаев басқаратын арнаулы оқу орны алғашқы сәттерде кездескен қиындықтарды еңсеру арқылы тағылымды тәжірибе жинап үлгерді. Google Classroom – білім беру платформасында алғаш жұмыс бастағанымыз әлі есте. Кейіннен оқытушылар  мен студенттерінің қызметін ақпараттық техникалық тұрғыдан жақсарту негізінде білім беру қызметтерінің сапасын арттыратын «PLATONUS-COLLEGE» өзгеше жүйеге ауыстық.

Бұл – білім беру жүйесін басқару процестерін, сондай-ақ жоғары және орта оқу орындарының оқу процесін басқаруды тиімді ақпараттық қолдауды қамтамасыз етуді тиімді реттеуге бағытталған. «Басқадан өзіңді асырма, шын сөзді бүгіп жасырма» дегендей қашықтан оқытуда білімгерлердің кең ауқымда жауап беруіне мүмкіндіктерді аз екені аян. Берілген тапсырманы жан-жақты талқылап, сын пікір айтып, ойын жеткілікті деңгейде ашуда қиындық туындап отыр. Алайда, қашықтан оқыту – оқытушы үшін де тиімді және  қолайлы жүйе.

Қашықтан оқыту – қашықтықта болу деген емес, керісінше бұрынғыдан да қатты жақындау. Білімгерге барынша түсінікті болатындай етіп жағдай жасау. Жаңа жүйенің басты артықшылығының бірі – уақытты үнемдей отырып, қалған сағатты кәсіби деңгейің мен шеберлігіңді арттыруға жұмсауға мүмкіндік береді. Әрбір оқытушы сабақтың қызықты болуына көңіл аудара отырып, түсіндірілетін тақырып бойынша қосымша тың мәліметтермен таныстырып, білімгердің  қызығушылыын арттыру арқылы білімге  белсенділігін арттыруға болады.

Қазіргі кезде ақпараттық коммуникациялық технологияның заманауи талаптарға сай дамуы білімді бағалау және пайдалану жүйесін уақытылы өзгертіп отыруды талап етеді. Осыған байланысты оқытуда қолданылатын амал-тәсілдер, әдістемелер, технологиялар уақыт талабына байланысты жаңартылып отырады. Сапалы терең білімді меңгеруге талпынған өскелең ұрпақтың жеткілікті дәрежеде сандық сауаттылығы бар. Себебі олар өмір жағдайлары барысында жаңа технологияның барлық мүмкіндіктерін пайдаланады. Әрі нәтижелі қолдану оқытушының біліктілігіне, біліміне, тәжірибесіне байланысты.

Сабақтың тақырыбы мен түрін анықтау мақсатында жаңа тақырыпты зерделеу, қайталау, тереңдету, бақылау және тағы да басқа әдістерді қолдануға болады. Моделді ұйымдастыруда оқу құралдарының тізбесін анықтау қажет. Білімгерга қажетті оқу материалдарына қолжетімділілікті қамтамасыз етіп, электрондық пошта, whatsapp, желісіндегі жеке чаттар,дің барлық білімгерлерде болуы басты назарда. Әр күнге оқу тапсырмаларын, әдістері мен құралдарды білімгерге ыңғайлы уақытта орындауына мүмкіндік бар. Қашықтан оқыту жадайында сабақты тиімді ұйымдастырудың қандай жолдары бар? Тиімді кері байланысты дұрыс жасап жүрміз бе?

Кері байланыс – оқу үрдісінің барысы туралы түсінік қалыптастырудың бірден-бір құралы. Оқу мақсатына жетуімен бағалау критерийлерін орындау деңгейін анықтауға мүмкіндік береді.Кері байланыс арқылы оқытушы білімгердің жетістігі мен қиындықтарынан хабардар болады. Мақсатқа жетелейтін нақты әрекет сұрақтар мен тапсырмалар, түсінік беру мен түсінік алу тиімді кері байланыс жасаудың ,сапалы оқытудың негізі болып табылады. Кері байланыс нәтижесінде оқытушы сабақ сапасын арттырады, ал білімгер оқу материалын меңгереді. Оқытудың қандай түрі болмасын оның тиімді әрі ыңғайлы әдістерін таңдау-оқытушының тәжірибесіне, ізденісіне байланысты.

Қашықтан оқу тәжірибемізді жетілдіруге, оқытудың осы формасы бойынша өз жұмысымыздың деңгейін бағамдауға мүмкіндік береді. Қашықтан білім беру кезеңінде тиімді сұрақ қою, кері байланыс орнату, көркем шығармаларды оқыту барысында сапалы әрі мазмұнды бейне жазбаларды қолдану арқылы кәсіби біліктілігін шыңдай бастаған тәлімгерлеріміздің есімін айрықша атап айтқан абзал. Олардың қатарында физика пәнінен А.Жамалова, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен Б.Байториева, тарих пәнінен Ж.Шыңғысова, орыс тілі мен әдебиеті пәнінен И.Михайлиди мен Г.Шумкова, ағылшын пәнінен А.Бакасова, арнайы пән оқытушылары С.Ашимов пен Г.Изамединова, химия мен биология пәнінен З.Сидирова бар.

Қазіргі кезде білім сапасын жақсарту – маңызды міндет. «Қай істің болсын өнуіне үш түрлі шарт бар. Ең әуелі ниет керек, одан соң күш керек, одан соң тәртіп керек» деп, ұлы жазушы Мұхтар Әуезов айтқандай бір шаңырақтың астында ерен еңбектерін еселей арттырған ұйымшыл ұстаздар ұжымының ортақ мақсаттағы берекелі бірлігі бекемделе беретіндігі даусыз.

Ляззат Советбековна НУРСЕИТОВА,
Шелек политехникалық колледжінің әдіскері,
Алматы облысының Еңбекшіқазақ ауданы

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий