Есімі елдің есінде: Өресі биік ұстаздың тағылымы
«Рухани жаңғыру» бағдарламасының жалғасын тапқан «Ұлы даланың жеті» мақаласында атап көрсетілгендей елдің есінде есімі сақталған танымал тұлғаларды ұлықтау басты парызымыз. «Өрлеу» «БАҰО АҚ филиалы Павлодар облысы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының білім мұражайы өскелең ұрпаққа үлгі-өнеге болатын, тәлім-тәрбие беру мақсатында Разия Молдабекованың ұстаздық дара жолын зерттеу мақсатында арнайы бейнефильм жасау ісін ұрпақтарымен бірге қолға алған еді.
Оған ерекше мән беріп отырған себебіміз біздің өңірдің білім беру саласына еңбегі сіңген педагог, Қазақ КСР ағарту ісінің еңбегі сіңген ұлағатты ұстаз, қайраткер педагог болған ұстаздардың ұстазы бола білген білікті, іскер, өзіне де, өзгеге де талап қоя білетін Разия Асқарқызының кәсіби тұрғыдан қосқан ереше үлесін зерделеу. Ізгілікті ісіне қоса ақылымен абыройға бөленген облыс орталығындағы №10 Абай атындағы қазақ орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиет пәнінің білікті ұстазы Разия апайымыз көзі тірі болғанда биылғы жылы желтоқсан айының 28-і күні, яғни бүгін 95-жасқа толар еді.
Разия Асқарқызы 1925 жылы 28 желтоқсанда Лебяжі ауданына қарасты Қорт ауылында дүниеге келген. Оның атасы Молдабек деген қажы болған. Молдабек өзінің туыстары ішіндегі ең озығы, білім мен ғылымды діни оқудың кеңістігінен таба алған зерделі жан екен. Сол кездегі Кереку аймағының, бүгінгі Лебяжье ауданының Қорт елінде тұңғыш рет жастарды сауаттандыру мақсатында медрессе ұйымдастырған. Молдабек қажы әлемдік мәдениетті ғылыммен ұштастырып, шәкірттерге қарым – қабіліті мен ойлау танымдарының өрістеуіне ықпал жасаған. Білім мен ғылымды бойына дарытқан Молдабек ұстаз қазақтың болашақ талантты дарындары жас өрен кезінен жан-жақты оқытуды өзіне міндет еткен.
Сондықтан болар Разия Асқарқызының Павлодар қаласындағы №10 қазақ орта мектебінде көп жылдар бойы, асқан жауапкершілікпен, абыроймен қызмет етудің сырын да осыдан көруге болады. Разияның әкесі – Асқар білікті, заманынан озық туған жан еді. Шамшикамал анасы «Ғалия» медресінен білім алып, Кереку жерінде медресседе ұстаздық қызмет атқарған. Білім мен ғылымды қуған атасы Молдабек, әкесі Асқар мен анасы Шамшикамал өздеріне рухани күш–куат жия білген халқының зиялы өкілдері болды. Халықтың айтуы бойынша ол жандар ерік-жігері қайратты, байыпты, салиқалы, парсатты болған екен. Разия Асқарқызының анасы – жыл, ай, апта, күнделікті өмір тіршілігіне қатысты космогондық білім мен ғылым нәтижесінде өзіне қажетті болжамдар жасай алған.
Яғни әр адамның өз өмірін дұрыс, бақытты құра алуын алдын ала болжай білген. Осындай ілімге медрессе шәкірттерін қызықтыра отырып, өздерінің іс-әрекеттеріне, шығармашылық қабілеттерін шыңдалуына бағыт пен бағдар беріп отырған. Әрине осындай ортадан Разия Асқарқызының тәлім-тәрбие алған алуының өзі тектілікке бой түзеуіне себепкер екені сөзсіз. Ата-ана ұстанымын ұшқан ұясынан бойына сіңірген Разия Асқарқызы қазақтың салт –дәстүрді, әдет-ғұрыпын мектеп өмірінде өте бір жауапкершіліпен қарап, оны оқушылардың бойына сіңіре алды. Өзінің ата-тегіне дақ түсірмей, өз болмысын жақсы істері арқылы таныта білді. Разия Асқарқызының ана сүтімен дарыған ақылдың шырағы, білімнің жарығы, даналыққа ұмтылуы, зерделігі өмір бойы шәкірттеріне адал болуына көп пайдасын тигізді десек артық айтқан болмас.
Жанұяда екі қыз тәрбиеленіп өсті. Оның апасы да Рауза Асқарқызы көп жылдар аянбай ұстаздық қызметті адал атқарып, нәтижесінде Қазақ ССР-нің еңбек сіңірген ұстазы атағына ие болған жан. Балалық шағы Разия Асқарқызының қызығы мен қиындығы мол жылдарды бастан кешірді деуге болады. Жанұяларында ер бала болмағандықтан әкесінің сұрауы бойынша қыздары тұрмысқа шығып, жанұя құрса да өз тектерін ауыстырмаған екен. 1942 жылы Павлодар қаласындағы №10 Абай атындағы қазақ орта мектебін бітіргенен кейін Алматы қаласындағы Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтының тіл және әдебиет факультетіне оқуға түседі. Бұл оқу орны республикадағы ең алғаш жоғары білім беретін институт болып саналатын. Екінің бірі түсе бермейтін оқу орны еді. Бұл уақыт Ұлы Отан соғысының ең ауыр жылдары болатын.
Разия Асқарқызы студенттік тұрмыстың ауыртпалығына қарамастан алғашқы күндердің өзінде-ақ ұлы адамдардан білімге, ғылымға аса құштарлықпен зер салып оқыды. Сол кезден бастап студенттер арасындағы ғылыми конференцияларға, қазақ әдебиетінің әр түрлі жанрларынан ғылыми баяндама жасап, белсенділік танытатын. Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтында халқымыздың аса көрнекті ғұлама оқымыстылары дәріс оқитын еді. Солардың ішінде Мұхтар Әуезов, Қажым Жұмалиев, Сәрсен Аманжолов, Шамғали Сарыбаев және тағы да басқа таымал тұлғалар бар болатын. Сонымен бірге Разия Асқарқызы Кеңес одағына қарайтын туысқан елдер әдебиетінің көрнекті қайраткерлері еңбектерін үзбей оқуды дағдыға айналдырды.
Ал, жоғарғы курстарда ол әлем әдебиетінің классиктеріннң үздік шығармаларының іздеп жүріп оқитын еді. Институттың белгілі ғалым маманы А.Смирнов және басқа да орыс әдебиетінің фольклордан бастап «Алтын ғасыр» деп аталатын мәңгі өшпес әдеби туындыларды өмірге әкелген И.Тургенов, Л.Толстой, Н.Гоголь, А.Чехов сынды тарихи тұлғаларды аса зер қойып бар ықыласымен тыңдап, олардың әрбір дәрісін өзіне жазып отыратын. Міне, осы студенттік жылдарды – ол өз білімін талаптанып іздеп, оған аса мән беріп барынша толықтыра түсті. 1946 жылы институтты үздік бітіріп, Павлодар қаласындағы Абай атындағы №10 қазақ орта мектебінде алғашқы ұстаздық қызметін бастайды.
Қазақ тілі әдебиеті пәні мұғалімі Молдабекова Разия Асқарқызының №10 қазақ мектебіне сіңірген еңбегі зор, қазақ интеллегенциясының негізін құруға, олардың мамандық алуына жол ашқан ұстаз. Мұғалімдік қызметтің маңызды ерекшелігі оның жас ұрпақты тәбиелеу мен оларға білім беру. Мұғалімнің рухани қасиеттерінің ішінде ең негізгі орын алатыны – оның білімнің көлемділігі мен тереңдігі және шығармашылығы. Әрбір мұғалім бүкіл педагогикалық қызметтің мәні менн мазмұны бүгінгі таңда іске асып келе жатқанғылым мен техниканың жңа табыстарына байланыстырып, сабақ берудің, теориялықсапасын көтеруге тиісті.
Мол білімді мұғалім өзінің оқу әдістемелік шеберлігі арқылы оқушыларды қызықтырып, олардың сана сезімінде әдеби шығармалардағы кейіпкерлердің қиялы портреттері арқылы дүние сырын, табиғат қүпияларын ашуға құмарлықты оятады. Разия Асқарқызы табиғатынан әрбір іске жауапкершілікпен қарайтын ұстаз еді. Ол әрбір сабаққа шығармашылықпен дайындалып, оқушылардың өздігінен ойлау қабілетін мейлінше дамытуды көздеп отыратын. Өнердің қай түрі болмасын өмір танытады. Адамның ойын өрістетіп, сезімін сезіндіреді. Осы тұрғыдан қарағанда,өзара байланысты әдебиеттің, бейнелеу өнерінің музыка мен сахна өнерінің жас ұрпақты тәрбиелеуде мәнінің зор екендігін үнемі есінде ұстайтын.
Әдебиет пен көркем өнердің байланысы олардың тақырыптық және идеялық ортақтастығынан, мақсат бірлігінен туады. Ал, әдебиет музыкамен байланысы өте күшті. Өйткені әдебиет адамтану ғылымы болса, музыка – сол адамның жан азығы. Әдебиет пен сахна арасындағы байланысты дәлелду үшін мұғалім ұлт сияқты азаттық және революциялық рухта жазылған көркем шығармалармен бірге сол тақырыптағы “Түңгі сарын», «Исатай-Махамбет», «Шоқан Уәлиханов». «Біржан-Сара» пьесаларының мектеп сахнасында қойылуын атап өтсекте болады. Разия Асқарқызы жоғары сыныптарды әдебиет сабақтарында әдістемелік түрлі мақсаттарда, мысалы көрнекілік үшін эмоциялдық әсерді күшейту үшін бейнелеу өнері туындыларын, музыкалық шығармаларды фильмдер мен спектакльдердің үзінділерін, фрагменттерін кеңінен пайдаланып отырды.
Разия Асқарқызы сыныптан тыс жүргізілетін жұмыстарға өте үлкен мән берді. Үйірме жұмысы мұқият жасалған жоспар бойынша сыныпта өтілетін сабақтармен тығыз байланыста болатын. Әрине, бұл үйірме жұмыстарының мүмкіншілігі мол, әрі өрісі кең. Әдеби – драмалық үйірме арқылы өткізілген алуан түрлі сыныптан тыс жұмыстарды кейдесоқ емес. IX-X сыныптарындағы қазақ тілінің бағдарламасына сәйкес, ондағы білім көлемі мен жаттығу дағдыларын оқушыларға жан-жақты терең игерту мақсатында жүргізілетін. Бар ғұмырын ұстаздық жолға арнаған шәкіртерінің аяулы ұстазы. Жақсы адамның өзінше ерекшелігі болады. Разия Асқарқызының бойында өзгеше нұр, шұғылалы шуақ алдынан білім алған шәкірттерінің жүрегінде мәңгі сақталған.
Оның ерекше бейнесін әр жылдары оқып бітіріп кеткен түлектерінің естелігінен көруге болады. «Шұғылалы білім ордасы» кітабында өзімен әріптес болып кезінде бірге ұстаз болған Ибраева Зару Мажитқызы Қазақстан оқу озаты, III дәрежелі «Ана даңқы» меделі иегері, Лениннің 100 жылдық медалы, Ұлы Отан соғысының тылдағы еңбегі үшін және Еңбек ардагері медалінің иегері, орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі былай деп есіне алады: «Маған берілген 5 сыныпқа Разия Асқарқызы бір тоқсан бойы келіп, оқушыларды қадағалап отырды. Сол кезде пән мұғалімдері өзі берген пәндеріне қорытынды жасап, кештер ұйымдастыратын едік. Сондай кештің бірін Молдабекова Разия Асқарқызы қазақ әдебиеті пәні бойынша өткізді.
Тақырыбы: «Абай шығармашылығы». Қатысып отырған мұғалімдер, қонақтар дән риза болды. Көркем сөз, әуелеген ән мен Абай шығармасынан алынған жеке көріністер, мұғалімнің өзі қатысып, жатқа оқыған үзінділер бізді таң қалдырды. Ұстаздың өзі жүріс –тұрысы мен үстіндегі киімімен, терең біліммен шұғылалы жарық шашып тұрғандай. Жалпы оның мінезі ақ жарқын, кішіпейіл, адамды өзіне баурап алатын ерекше жақсы қасиеттері бар еді. Жас мұғалімдерге үнемі қамқорлық көрсетіп, жақсы өткен сабақтарымызға терең талдау жасап, байыпты баға беруші еді. Ал, енді кемшілктеріміз болса, түсіндіріп, көңілге жара салмай ұғындырып беретін. Тіпті жаңа киім киіп келсек, оның түсіне, жарасымдылығына көңіл бөліп, серпін үстейтін еді.
Қонақжайлығы сонша, тіпті “дос жарандар, қонақтарың көп болсын, мен мынандай жаңа тағам жасадым» деп отырушы еді. Зара Қожахметова Қабдышқызы сол мектептің түлегі, ұстазы ҚСР-нің Білім беру ісінің үздігі, Қазақстан мұсылман әйелдер Лигасының Павлодар облыстық төрайымы да естелігімен бөліскен екен: «Қазақ тіліне деген махаббат, ана тілімізге құрмет берілген білімнің арқасы деп ойлаймын. Апалы–сіңілі Рауза мен Разия ұстаздарым қоғам жұмысына белсене қатысуыма барынша үлес қосты. Өзім қазақ тілі маманы болған соң ба, есіме жиі түсетін аяулы ұстазым Разия Асқарқызы. Шіркін, оның киім киісі, сөйлеген сөзінің өзі үлкен өнеге еді ғой! Қоңыраудан кейін кірген балаға қатты сөз айтып, дауыс көтеру деген жоқ, жай сөйлеп, екінші рет кешікпейтіндей ететін. Желді күні сырттан келген баланың шашы үрпейіп тұрады ғой, сонда Разия Асқарқызы: «Чердакта ұйықтаған Гавриллаға ұқсап, неғып тұрсың, отыр орныңа–дер еді. Немесе, әр түрлі себептермен сабаққа дайындалмай келген оқушыға «Баяғы жартас, бір жартас… отыра ғой, жаным» … дейтін.
Өте ақылды, адамгершілігі мол ұстазымыз Разия Асқарқызы бізді әдебиетке құштарлықты, кітап оқу арқылы халқымызды, оның терең тарихынан бастап, әдет-ғұрпына қоса салт-дәстүрін бойымызға сіңіруді үйретті. Мәнерлеп оқуға, әр сөздің мән-мағынасын терең түсініуге, халқымыздың бай мақалы мен мәтелдерін орынды қолдануға баулыды. Сауатты жазу да ұстазымнан алған өнеге. «Менің сүйікті ұстазым: «Мұқтар Әуезовтан оқыдым»-дейтін. Мен Разия Асқарқызынан сабақ алғанымды әрдайым мақтан тұтып айтып жүремін. Ол кісі ұстаздардың ұстазы еді. Разия Асқарқызына «Сіздің сабағыңызға кіруге бола ма?» – деп тұрған мұғалімдерді талай көрдім Мен бесіншіден онбірге дейін сол кісіден дәріс алдым.
Ол кісіні жақсы көргенен болар, әдебиет үйірмесіне қатысып, жаңа шыққан кітаптарды оқып, жағымды-жағымсыз кейіпкерлерді талдап, авторға пікір жазып жүрдік. Мұғалімім Алматыдағы Жазушылар Одағымен тығыз байланыста болды. Бірде С.Сейфуллиннің 70 жылдығына орай А.П.Чехов атындағы орыс драма театрында атап өтті. Оныншы класта оқимын, 10 мамыр 1964 жыл еді. Сол кезде мен поэма оқыдым. Беріліп кеткенім соншалық – жүрек тұсым кеудемді қатты қағып қалсам керек, театрдағы тыңдаушылар түрып, ұзақ қол соқты, мұғалімім Разия Асқарқызы «балаға айтуға мүмкіндік берейік» – деді. Кейін сабаққа барғанымда «Көп алдында маған бедел әпердің» – деп өз баласындай жақсы көрді» -деп еске алады шәкірті Толеу Тілеуленов.
Дана да данышпан, кемеңгер де кемел біліктіліктің иесі атанған Қорқыт ата: «Әйелдер төрт түрлі: бірісі – тұқымды аздырыды, бірісі тоймен тоздырады, бірісі үйдің тірегі, бірісі не айтсаң да қозғалмас», – деген екен. Менің осы естелігімнің негізгі кейіпкері болып отырған өзімнің тағдыр табыстырған адал жарым, балаларымның ардақты аяулы анасы Разия Асқарқызы Молдабекова. Шын мәнінде бұл кісі үйдің, отбасының тірегі, ажары, құт-берекесі болды. Разияның бұл қасиеттерін шаңыраққа келімді-кетімді адамдардың бәрі бағалап, аңыз етіп айтып, үнемі үлгі тұтатын. Осы қасиетінің әзінің қыздары мен келіндеріне де дарығанын бүгін мақтанышпен айтуға әбден жөн деп ойлаймын.
Кезінде құдай қосқан, қол ұстасқан қосағымның осынау жарық дүниеден озғанына биыл он жыл болса да.оның қайталанбас өсем келбеті, жылы мінез құлкы, мейірімді, аяулы жүрегі, әйел затына тән даналық қырлары, зор қасиеттері жадымнан ешқашан өшкен емес, өшпейді де. Әйткені аяулы жарым, өмірімнің барлық мәні мен шырайын, берекесі мен мерекесін, ащы мен тұщысын бірге бөлісті, тарыққанда демеу, қысылғанда медеу болды. Сексеннің белесінен асқан маған Разиям әмірімнің соңына дейін дара да дана да тұлға болып қала бермек. Мен өмірінде қандай бір жетістікке жетсем, биіктерді бағымдырсам, игіліктерге ие болсам, сөз жоқ, Разия осылардың барлығына өзінің үлесін қосқан жәрдемшім еді. Шығыс данышпаны Қыдырғали Жалайри «Жақсы еркектің атын жақсы әйел шығарады» деген ғой. Сол сияқты менің өмірдегі барлық жақсылықтарыма Разиям тікілей ықпал етті, мұрындық болды, жағдай жасады. Қапалансам бірге қапаланып, қуансам бірге қуанып, үнемі байыз таппай, бәйек болып жүретіні бүгінгідей көз алдымда.
Онымен бірге өткізген өмірімнің белестерін сәт сайын еске алып, мезгіл сайын тебіренемін, тоғанамын. Халық даналығының бірінде «Әйелдің үш тірегі болады: алғашқы тірегі – алтын елі, екінші тірегі – ар намысы, соңғы тірегі таңдаған жары», – деп айтылады. Менің Разиямның тәрбие алған, өскен ортасы, туған мекені көргенді және мәртебелі болды, ол өзінің орнын, ар-намысын, абыройын үнемі жоғары ұстады. Төрге шақса төбедей, төбеге шықса төредей көрінуші еді. Оның қайталанбас қырларымен қасиеттері әр ісінен айқын көрініп тұратын еді. Дана ғалым Құтып «Әйел де ай сәулесі сияқты» – дейді. Сол айтқандай Разия Асқарқызы мен үшін, біздің шаңырағымыз үшін ай сәулесіндей жарқырап,нұр шашып, еңсемізді көтеріп, өрісімізді кеңітіп отыратын.
Разия марқұм бір туар асыл жан еді, облысымызға аты әйгілі, ғасыр жасаған Ертай молда: Разиядан мін іздеу, күннің көзінен кір іздеумен бірдей, – деп еді. Шынында да Разия гүл іспетті адам болды. Күнделікті жұмысымның өнімді, тындырымды әрі нәтижелі болуына, қашанда болмасын қызметке көтеріңкі көңіл-күймен кірісуіме, алаңсыз жүруіме Разиядан артық ешкім де әсер ете алмағанын ерекше атап айту парызым. Аяулы жарым Разиям менің өмірімдегі сенімді жан серігім, ақылшым, жанашыр досым болды. Балаларымның дұрыс тәрбие, үлгі-өнеге, жоғары білім алып, еліне, халқына абыройлы қызметтер атқарып отырғаны да Разияның өлшеусіз баянды еңбегінің арқасында.
Осы орайда ұлы бабамыз Шәкәрім қажының әйелдер туралы төмендегі өлең жолдары әркімді болсын терең ойға, ұғымдарға жетелейтіні даусыз.
Мал да аяулы,
Жан да аяулы болса егер,
Малды аяма,
Жаның үшін малды сат,
Жан да аяулы,
Жар да аяулы болса егер,
Жанды аяма.
Жарың үшін жанды сат! – дейді данышпан ақын. Қандай терең философия, неткен мағыналы әрі мазмұнды ой-толғамдар десеңізші. Сүйікті жардың бәрінен биік тұрғанын осыдан артық, осыдан асырып қалай бедерлеуге, қайтіп бейнелеуге болар еді.
Мен тағдыр қосқан қосағым, сүйікті жарым Разияны осындай биіктік тұғырынан көрдім. Ол тұтастай отбасымыздың аяулысы ғана емес, өзі қызмет еткен ұжымының, қала берді, халқының құрмет тұтқан тірегі болды. Разия Асқарқызымен елу жылдай жан жолдас болуыма, тағдырыма мың мәрте ризамын. Өйткені мен үшін жер бетінде Разиядан асқан әйел заты жоқ. «Сүйіктінің әрбір ісі сүйкімді» деп айтылатын қағида да өмірден алынғаны белгілі. Разияның кез келген ісі сүйкімді де әрлі, берекелі де бедерлі өрілетін. Шаңырақтағы шаттық та, қуаныш та оның әрбір ісі арқылы еселеніп отыратын. Ол өмірде мұңға мұқалмай, жоққа жұтамай, барға қанағат жасап, үлкен жүректілік, ибалылық пен іздеттілік танытып өтті.
Отбасы өз алдына бір мемлекет қой. Оның өзіндік жөн-жосықтары да болатыны аян. Ал мұның бөрін ойдағыдай үлестіру, реттеу оңай шаруа емес. Менің Разиям бұл ретте жоғары деңгейден көрініп, отбасындағы әрбір істі шеберлікпен үйлестіріп, ақылымен жол тауып отыратын. «Әйелде де сүйек бар» – депті ғой ілгеріде бір білімдар. Сол айтқандай, өмір болған соң әйелдің де жанына бататын, көңіліне кірбің ұялататын жағдайлар, қапаландыратын сәттер аз болмайды. Міне осындайда оның көңілін аулап, көкіректегі кірбіңін сейілтуге, жанын жадыратуға тырысатынмын. Осылайша біз өмірімізде бірімізге біріміз демеуші, тірек болып тереңнен түсінісе білдік. Қазақта «Атаның орнын ұл басар, ананың орнын қыз басар» – деген қанатты сөз бар.
Күні кеше Разия салып кеткен сара жолды кейіндері қыздары, келіндері және шәкірттері – қыз балалар оның мағыналы әрі тәрбиелі үлгі-өнегесін өмірлік ұстаным етіп отырса дұрыс болар еді. Мұның өзі немереө шөберелер арқылы болашақ ұрпақтарымызға жұғысты болатыны сөзсіз. Мәртебелі уақыт алға жылжыған сайын аяулы Разиямның жарқын бейнесі, жайдары мінезі, мейірімі мен махаббаты көкірігімде жаңғыра түседі. Бүгінде оның рухына тағзым етіп, Алладан медет тілеп, дұға ету мен үшін басты міндет. Жыл сайын туған күні қарсаңында адал жарымның денесі қойылған зират басына барып, рухына тәу етіп, дұға бағыштаймыз. Ағайынның арасын жақындатып, шаңыраққа келген қонақтарға барын тосып, құрмет көрсететін, ұрпақтарына ізеттілік пен инабаттылықты сіңіретін, отбасының шаттығын шалқытып, берекесін арттыратын, екі жұртты жақындастыратын, қиыншылыққа қайыспайтын жан болса, ол әйел адам.
Мені тағдыр таныстырған жарым. Разия Асқарқызы осындай жар болды. Осы үшін Аллаға мың да бір шүкіршілік етемін. Біз тәубешіл халықпыз. «Тәубе» дегенді Тәңірі қолдайды ғой. Мен де Разиядай жарымның болғанына тәубедеуден ешқашан жаңылмаймын. Әлемге танылған академик Қаныш Сәтпаев әсерлі бір әңгімесінде: «Үй қамын әйел, ел қамын еркек жейді. Ал қоғам алдындағы ерен міндетін орындау әйелдің қолында. Әйелі ауқымсыз – еркектің соры. Мен өзімді алғашқыға жатқызамын. Менің ойға алған істерімнің үлкен нәтижеге жетуінің бір себебі әйелімнің жақсылығынан көремін. Тұрмыс мәселесінде өзімді бақытты еркекпін деп санаймын» – депті.
Сол секілді мен де өзімді тұрмыс жағдайында бақытты ер адаммын дей аламын. Менің Разиям атақты академик айтқандай, ойлай білетін, білігі терең, танымы зор, бойына әйел затына тән барлық қасиеттерді сіңіре білген асыл адам. Мен үшін осыдан артық бақыт бар ма. Тек бір ғана өкінішім – енді ғана елу жылдық алтын тойымды қарсы алуға дайындық барысына кіріскенде сүйікті жарымнан қол үзіп қалғаным. Осы жылдар аралығында мен оның жоқтығын қатты сезініп келемін. Разия таңым да бағым да еді. Ол имандылық мінезімен және ақ ниетімен көпке жаққан ізгі жан болды. Осы жақсылықтарын арғы дүниеге ала кетті.
Жылдар өткен сайын Разия маған алыстан зәулім таудай болып көрініп, менің өзіне деген сағынышымды арттыруда. Өлім деген ұзақ жолдың алысы, қайтып оралмайды. «Өткенге өкінбе, келмеске кейіме, болмасқа болаттай берік бол» – дейді халық даналығы. Қайғымды қозғамай, қолдайтын туыстарым, ел азаматтары бар, осыған шүкіршілік етемін. Біздер, әрқашанда, уақыт өткен сайын Разия марқұмға топырағың торқа, жатқан жерің жарық жұмақтың төрі болсын, иман байлығын берсін деп тілек тілеудеміз, – деп жиі жазған екен өзінің зайыбын сағынына іздеп, жыл сайын естелік жариялаған жан жары марқұм Қабдеш ағамыз Нуркин.
Сыйлаған өмір балаға,
Бас имес кімдер анаға,
Тәлімің мәңгі қалады,
Жаңғырып ой мен санаға, – деп керекулік Мэлс ақынымыз жырлағандай, ана жайында қаншама толғансақ та, көптік етпейді.
Ананың берген ақ сүті, түн ұйқысын төрт бөлген, анадан артық жан бар ма? Анадан артық, анадан жақын, жан жоқ шығар мына жер бетінде. Сондай аналардың бірі, аялап бағып, мәпелеп өсірген, жақсы тәлім-тәрбие берген, бәрімізді жоғары оқу орнында оқытып, білім берген біздің асыл анамыз Молдабекова Разия Асқарқызының ерте қайтыс болғанына әлі күнге дейін қатты қайғырамыз. Еске алу сәтінде ерекше сағыныш, толғаныс, тебіреніспен мақала жазып отырамыз. Қалай сағынсақ та, Алланың ісіне не шара? Анамыздың өмірден өтуі біз үшін, орны толмас ауыр қаза. Анамыздың рухы, асыл бейнесі, аяулы жарқын жүзі әр уақытта көз алдымызда, жанымызда, жатсақ та, тұрсақ та аруағына тағзым етіп, еске алып отырамыз.
Анамыздың немерелері ержетіп, шөбере келіп жатқанын анамыз көре алмаған шөберені әкеміз көріп отыр. Осы жылдың, шілде айында, бізге ардақты әке, елге сыйлы, қырық жылдан аса партия қызметінде еңбек еткен, соғыс ардагері, аты облысқа әйгілі әкеміз Нұркин Қабдеш Темірбайұлының сексен жасқа келгенін тойлап, сол күні облыс әкімі Қайрат Нұрпейісов әкеміздің кеудесіне «Шапағат» медалін тақты. Шіркін-ай, анамызға осы әкеміздің 80 жасқа келген дүбірлі тойын көруге жазбапты. Егер ол кісі тірі болғанда, қандай қуанар еді. Өйткені біздің анамыз өмір бойы әкемізді ардақтап, ерекше құрметпен, сыйлап өтті. Сол сыйлықтың арқасында жарты ғасыр тату-тәтті өмір сүріп, перзент көріп, немере сүйді. Әкемізбен ғибратты ғұмыр кешкен ұмытылмас сәтті бірге атап өтуге жетсем ғой деген, асыл арманына, біраз күн қалғанда, сұм ажал жеткізбеді, қандай өкінішті.
Анамыз өзінің бүкіл саналы өмірін ұстаздыққа, оқу-ағарту қызметіне арнаған еді. Павлодар қаласының №10 Абай атындағы қазақ орта мектебінде қазақ тілі мен әдебиетінен сабақ берген «Қазақстанға еңбек сіңірген мұғалімі» атағын алған, ұлағатты ұстаз болған еді. Ол кісінің түлектері, еліміздің барлық өңірінде мұғалім, дәрігер, инженер, журналист мамандықтарымен тәуелсіз мемлекетіміздің ілгері дамуына азаматтық кәсіби үлестерін қосуда. Лауазымды қызмет атқаратын және ғылыми ізденістерімен кандидаттық қорғап, доктор атанған белгілі адамдар қаншама. Бұл ұстаз үшін, бағасы жоқ, өмірлік мақтаныш. Өзінің зор адамгершілігінің арқасында қалың қауымға өте беделді, жұрттың құрметі пен қошеметіне бөленген жайсаң жан еді.
Қазір, анамыздың көзі жоқ болса да шәкірттері, ұстазын жиі-жиі еске алып, жылы лебіздер білдірсе, кейбірі өлең жырын арнап, мақалалар жазуда. Ой бөлісетіндердің саны тіптен көп. Еліне елеулі, халқына қалаулы болған біздің анамызды, яғни ұлағатты ұстазды еске алу кештері Бұқар жырау атындағы әдебиет және өнер музейінде, одан кейін өзінің қызмет істеген Абай атындаға №10 лицейінде ұйымдастырылды. Қазір біздер, өткенге біраз көз жүгіртіп отырсақ, анамыздың өрбір айтқан сөзі, берген ақылы, үйреткен тәлім-тәрбиесі, бәрі санамызда сайрап тұр. Ол кісінің балаға деген мейірімі, сүйген жарға деген махаббатты, шәкірттеріне деген қайырымдылығы, туыстарға деген жанашарлығы, бәрі-бәрі бөлек еді.
Тіпті, жолдас-жораларға, келген қонақтарға деген ықыласы керемет болатын. Қонақ шақырғанда өзіне көмектескен, абысын, келін, сіңілеріне, қонақтардан кейін, не ертеңінде ерекше ықылас танытатын. «Қонақ күтісіп, тамақ іше алмадыңдар» – деп, оларды төрге отырғызып, барынша құрметтейтін. Сондай бір жаны жайсаң, қолы ашық адам болатын. Осы жоғарыда айтылған адамдарға, жеке-жеке көңіл бөліп, солардың көңілінен шығуын ойлап тұратын, қандай абзал жан! Осылардың бәрін жұдырықтай жүрегіне сыйғыза білген, зеректігі мен зейінділігіне зиялылығына бас иеміз. Бір бойына осындай жақсы қасиеттерді жинай білген, терең ойлы, өте ақылды, қандай кішіпейіл адам екені сезіліп тұр. Ол кісінің өмірі жақсылыққа толы, даңқы зор, қасиеті мол, ұрпағына, шәкіртіне көп мирас қалдырған.
Анамызды біз ешқашан да ұмытпаймыз. Осындай асыл, абзал анадан туғанымызды әрдайым мақтан тұтамыз! Қайта жылдан-жылға ой мен санамыз жаңғыруда. Әкеміз де, сүйген жарын ұмыта алмай тамыз айын тағатсыздана күтіп, жыл сайын газетке естелігін жариялайды. Бізбен бірге аяулы анамызды еске алып, көңілдегі шерін босатады. Осының бәрі сыйластық, бір-біріне деген шын сүйіспеншілік пен махаббаттың мәңгілік екенін өшірмей дәлелдеп тұрғанына, біз балалары, әкемізге өте ризамыз. Осы әке-шешеміздің махаббатының беріктігі туралы анамыздың шәкірті «Өшпейтін мәңгілік махаббат» – тақырыбында облыстық «Сарыарқа самалы» газетіне мақала жазды.
Осындай сүйіспеншілігі жарасқан, адал жанұяда тәрбиеленгеніміз, біз үшін мәртебелі мерей! Біздің ардақты әкеміз, тамырын тереңінен жайған мәуелі бәйтерек, қазір балаларының жемісін көріп, немер-шөбелерінің қызығына бөленіп, аман-есен ортамызда жүргеніне қуанамыз. Марқұм анамыздың аруағына басымызды иіп, иман байлығын тілейміз! Енді артында қалған ұрпағына қайырлы ғұмыр берсін. Бұл деректі фильмнен өресі биік ұстаздың ақылшы, сабақты шебер ұйымдастырушы, іскер адам, әрбір іске үлкен жауапкершілікпен қарайтын Қазақ КСР ағарту ісінің еңбегі сіңген ұлағатты ұстаз, Разия Асқарқызы Молдабекованың тұлғалық келбетін, бөлек болмысы мен пайым парасатын байқадық.
Уақыт өткенімен Разия Асқарқызы Молдабекованың есімін ұмытпайтындардың жадында ізгілікке толы жарқын келбеті сақталып қалады әр адамның жан жүрегінде. Мектеп жұмысын жетілдіру мен онда оқып-тәрбиеленушілердің нәтижелі білім алуына ең басты діңгек – мұғалім. Ол білім бәйтерегін баптайтын, өсіретін бағбан секілді. Осындай білім бағбаны бола білген Разия Асқарқызы Молдабекова өзінің бар саналы ғұмырын Павлодар қаласының №10 мектебінде өткізді. Елуінші жылдардың бас кезі кімге болсын күрделі оқиғалармен танымал. Соғыс қазақ елінде болмағанымен, тылдағы жанталас, әр отбасынан ең кемі бір адамның алыстағы майдан даласында оқ пен оттың ортасында жаумен алысып туған жерін қорғағанымен ауылына аман сау оралғаны саусақпен санарлық.
Міне, осындай аласапыран кезде Разия Асқарқызы балдәурен шағымен қоштасып, Павлодар қаласының киелі шаңырағы, данышпан, хакім Абай атындағы №10 орта мектебіне бастауыш сыныптың ұстазы құзырына ие болады. Кешегі пәк, сәбилік дәурені алаңсыз балауса бойжеткен таңдаған мамандығымен білімге құштар жандарды шуаққа бөледі. Себебі әрбір ата-ана ұлы мен қызын сенімділікке, мақсаткерлікке үйретіп, қиындықтар мен кедергілерді жеңуге баулыды. Жас маманның мектеп оқушыларыа аналарындай мейірім лебі мен білім нұрын төккен ерен еңбегі жемісін берді. Ұстаздық қызметтің алғашқы кезеңінде атасы мен әкесінің елге танылған ерекше есімдеріне дақ түсірмей, кір келтірмей, тек өзінің болмысын жақсы харакеттер арқылы таныту мәселесін басымдық орында ұстайды.
Ұлағатты ұстаздың ана сүтімен дарыған ішкі пайымы ақылдың шырағы, білімнің жарығы, қоршаған кеңістіктен өзіне қажетті зердені жинақтай білудің нәрі еді. Аталған асыл қасиеттердің жалғасы – біліктіліктің белгісі – парасат дамытар ақыл сөзін ұғуы, даналыққа ұмтылуы, ізгі істің ел мақтаны екендігін түйсінуі, кісімсінудің ақыры – бақытсыздық әкелеріне көзінің жетуі. Ана сүтімен дарыған ізгілікті әрекеттер – ұсақ-түйек кінәмшілдікке қарсы төтеп тұруы, кең пейілді күйректікке және өкпеге ерік бермеу. Ізгіліктің оң, ессіздік істің сол, көтерер жүгінің ар мен ұяттан тұратынын естен шығармауы. Кеңестік дәуірдегі совет мектебінің тағдыры саясатқа бағынысты қызмет атқарушы еді. Педагогтік ғылымда Бүкілодақтық мұғалімдердің (сол кездегі атауы) съезі барлық ұстаздық ісінің негізгі тірегі, арқа сүйер құжаты дәрежесінде қабылданатыны зиялы қауымның есінде мәңгілік сақталып қалды.
Бұнда дәстүрлі қалыптасқан заңға Разия Асқарқызы да бағынып, өзінің ұстаздық жұмысының тетігін аталған құжатқа сүйеніп құрастыруға ықыластанады. Сонау тың игеру науқаны тұсында бастауыш сынып оқушыларына дәрісті ана тілінде меңгерту әр ұстаздың өз ісіне үлкен нұрлы жүректі, асқан сүйіспеншілікті, ерекше жауапкершілікті, талап ететін. Ішкі ойын тәртіптеп отыратын Рауза Молдабекованың негізгі тәрбие мен білім меңгертудегі ұстанымы: Біздер, ұстаздар ең күрделі іс-харекетті жүзеге асыруда қорқақтық танытпауымыз – ерліктің нышаны.
Барлық құндылықтардың бастауы – адам, олай болса, қоғамға лайықты ақиқаты бар кішкентай бүлдіршіндерді бесінші сынып қатарына қосуымыз – адамгершілікті істің қисыны. Одақ көлеміндегі барлық нысандарын республика аумағындағы оқу қазақша жүретін мектептеріне өз мәнінде енгізу, дамыту мемлекеттік адам тәрбиелеуге қойған сұранысын орындаудың көрінісі. «Мен» деген ішкі ізгілікті ұстанымның жасампаз ұстаздық дәрежеге ұдайы бағытталуына қарапайымдылық құлықпен күш-қуат көздерін аша білу – шығармашыл еңбектің жемісі. Жан-жақты үйлесім нұрына бөленетін дара тұлғаны бастауыш сынып қабырғасында дарыту – жас жеткіншектердің болашақ есігін қиындықсыз ашуына әкеледі. Жинақтаған білімі мен ғылыми танымының (мектеп жағдайында) бүгінгі талап-мүддесінен қалып қоймауына қам жасау – шәкірттерімнің менен озуының дәйегі.
Шәкірттерді озық үлгімен тәрбиелеу – уақыттың өзін қалауымызға сәйкестендіріп құруымыздың харакеті. Уақыт рухын, адамдар қарым-қатынасын жалпы адамзаттық дәрежеде ұйымдастыру – одақ құрамындағы тұлғалардың еркін араласып, бірін-бірі дамытудың қозғаушы күші. Аталған білім меңгерту ұстанымымен бірге ұстаз шәкірттердің оқу еңбегі мен білім меңгеруге құлшынысының ұдайы оянуы мен өзіне сенімділігінің тууына, жағымды іс-харекеттен өзіне жақсы сезім ұялатуына мүмкіндіктер жасау тұрғысында тұжырым құрастыруға ынталылық туғызады. Оқушылардың орта буын сыныптарына барған уақытында қоғамға сай мәдениетінің өрістеп отыруы үшін оқу еңбегінің мәні зор екені елуінші жылдың оқу үрдісіндегі ең басымдық мәселе болатын.
Ұстаз әр оқушысының оқу еңбегін үш түрлі жүйемен ұйымдасуына және аталған үш жүйенің бір-бірімен ұштастықта үйлесуіне ерекше көңіл бөлуді жөн көрген. Біріншісі – оқушының оқуы іс-харакетіне қажетті құралдардың мемлекеттік стандартқа сәйкес келуі. Атап айтсақ, отыратын партасы мен орындығы өзінің бойына, физиологиялық сымбатына лайықты болып келуі, күнделікті сабақ кестесіне байланысты құралдарының болуы, жарықтың оқушы столына (партасына) дұрыс түсуі, тақтаға ілінетін көрнекті құралдардың оқушы назарына өз деңгейінде ілігуі және тағы да басқалар. Екіншісі – оқушының жазбаша-ауызша сөйлеу мәдениетін барлық өтілетін пәндердің оқытылу мазмұнына қатысты меңгерту, әр (1-4 сынып) сыныптың ауызша-жазбаша минимум тілдік сөйлеу мәдениетіне сай әр оқушының білетін тілдік қорын жеке-жеке тексеріп, оның үзіліссіз, ұдайы өнімділік үрдісте болуына нысаналы дидактикалық материалдарды жинап отыруы.
Үшіншісі – өтілген материалдарды толықтыруға тиісті қосымша анықтама беретін әдебиеттер және сөздіктермен жұмыс жүргізу мәдениетін меңгеруі. Берілген әр оқушының оқу еңбегін ұйымдастыру жүйесін сыныптан-сыныпқа, сабақтан-сабаққа ыңғайлап, алдын-ала оның ықтимал жауаптары мен жақын аймағын анықтап қарау мәселесі Разия Асқарқызына бір сәт маза берген емес. Егер аталған оқу еңбегінің талаптарына бір оқушының ойлау іс-харекеті сәйкес келмесе, директор және тексеруші инспекторлардың ұстазды айырықша жазалайтыны – сол дәуірдің басты саяси ұстанымы. Ұстаз өзінің тұлғалық, шығармашыл іскерлігінің тереңдігінің нәтижесінде мемлекеттік сұраным деңгейінен көріне біліп, өзінің мүддесін, педагогтік арман-мақсатын тек сол сырттан берілген үкімнің аясында жүзеге асыратын.
Мұның өзі жас ұстазға оңай емес-тін. Күнделікті естен шықпас ережелердің алгоритмі төмендегідей құрылымда болып келетін: мектеп директорының басқару ісіне өз қызметіңді ұдайы икемдеп, бейімдеп отыру үдесі. Сабақтың сапалы болуы көптеген мәселелерге қатысты: өздігінен біліміңді арттыруы, отбасы мен қатар олардың интеллектуалды әлеуетінің өсіп отыруы, сабақтан тыс уақытта оқушылардың өздік жұмысын орындауы, сыныптан тыс оқу, әдістемелік шеберлікті ұштауы; оқыту үрдісінде әр бүлдіршіннің ақыл-ойының үйлесімділікте дамуы, оқушылардың бағдарламаны меңгеруі, сынып талаптарына сай оқу іс-қарекетін ұйымдастыра алуы; әр оқушының интеллектуалды әлеуетінің дамуы сынып бағдарламасын толықтыратын қосымша білімін үнемі дамытуына ынталы болуына екпін берілді.
Оқу-тәрбие үрдісінің ең өзекті мәселесі – әр оқушының білім алуға ыждаһат танытып, рухани байлықты зейініне жинақтай білуі; тәрбиені білім меңгеру үрдісінде игеріп, ізгілікті және білікті мәртебеге өзін бағыштай алуы; азаматтық және адамгершілік тәлімін меңгерудің арналарын, тетігін дәл табу іскерлігін ұштауы; ұстаз бен ата-ананың түсінік-сенімінің түйісуі, бірлігінің тұтастық нышаны, педагогтік мәдениеттің ең ұтымдысын жинақтай алуы. Бастауыш сынып оқушыларының жауаптарын көркемдік деңгейге көтеру, олардың өздеріне тиесілі ой-тұжырымдарын өтілетін материалға лайықты етіп айта білу сияқты қабілеттілікті жаңарту айтылған ереженің орындалу сипаты секілді әсер беретінін Разия Асқарқызы сабақ үрдістерінде аңғарған.
Ұстаз әр оқушының негізгі деген пәндерден меңгерген түсініктерін айқындайтын жауаптарын жазып отыруды дағдыға айналдырады. Әр оқушының нақтылы жауаптары арқылы олардың пәндерден білім жинақтай аларлық психологиялық жоғары қабілеттіліктің барын не жоғын ажыратуға мүмкіндік беретіні түсінікті болады. Осындай келелі оқытудың мәселелерін дұрыс шешу мақсатында Ж.Пиаженің ғылыми еңбегіндегі баланың сөйлеуі мен ойлау мүмкіндігі жайлы тұжырымды Разия Асқарқызы өзінің жұмысының қозғаушы күші ретінде пайдаланады. Соғыс алдында (М.-Л., 1932) жарық көрген бұл еңбектің жас бүлдіршіндерді тәрбиелеуге, білім игертуге берері мол екендігін ескеріп, ондағы тұжырымдардан өзіне алған түйіндері төмендегідей жүйеде өрбіді.
Егер ұстаз жас ұланның психологиялық қабілеттіліктерін ақиқатты тұрғыда зерделесе, олардың қабылдау әдістерінің төмен, орта, не жоғары екендігін дәл де дәйекті анықтай алатыны анық. Тек құбылыстар мен үрдістердің жинақылық мәнімен оқыту әр оқушының психологиялық өзіндік ерекшеліктерін ескермеуге бағыттайтыны; бүгінгі кеңестік дәуірдің балалары білім қорын жинақтай алып, еліміздің бүгінгі жетістіктері – тәуелсіздіктің жемісі. Отандық білім саласында айрықша орны бар біліктілік арттыру жүйесінің жаңа ғасыр талаптарына сәйкес қайта жаңғыруы уақыт талабынан туындағаны белгілі.
Еліміздің әрбір саладағы қол жеткізген табыстары – жас мемлекет тарихындағы жаңа қадам. Алдағы уақытта атқарылатын ауқымды істердің басты бағыты мен негізгі ұстанымы айқын. Осы орайда аймақ тарихында, өлкенің өркендеуінде өзіндік орны ерекше дарынды балаларға арналған Абай №10 лицей-мектебінің қоғамдық саяси орны ерекше. Ең алғашқы 1930 жылы қаламызда «Казкаммунна» деген атпен кедей жұмыскерлердің балаларына арналған мектеп болған. 1937 жылы 3-қаңтарда қалалық кеңістіктің №1 хаттамасында жаңа мектеп құрылысы туралы айтылған. Ұлты қазақ балаларын оқумен қамту, білім алуына жағдай жасау үшін Толстой және 25 октябрь көшелерінің қиылысында мектеп салуға жер бөлу туралы шешім қабылданған.
Сол кездегі Павлодар ауданы оқу бөлімінің меңгерушісі Ногоспаев Павлодар қалалық советіне 21 шілде 1937 жылы №379 тіркелген хатында «Павлодар қаласында қазақ онжылдығын ашу үшін дайындық жұмысын ұйымдастыру үшін Ленин көшесіндегі №140 үй босатылып қазақ онжылдығына берілсе және тағы 60 орындық асханасымен, интернат үйі қажет екендігін ескерткім келеді» деп сұраныс жасаған. 1937 жылы 23 маусымда 2-ші шақырған Павлодар ауданы атқару комитетінің пленумында Павлодар қаласында жаңа оқу жылында оқыту тілі қазақша 10 жылдық мектеп ашу туралы қаулы қабылданады. Аудандық кеңеске мектепке сай орын және жатақанамен қамтамасыз ету міндеттеледі. Мұрағаттан табылған деректерге сүйенсек 1937-1938 оқу жылының 1 қазанында мектептер бойынша тапсырылған есепке «СШ Казахская» (құжатта осылай) деп, яғни «Қазақ орта мектебі) орны, «Горсовет» деп мұғалім саны 16 болып көрсетілген.
Кейіннен Павлодар қалалық жұмысшылар депудаттары кеңесінің №57 шешімі бойынша 1940 жылдың 14 сәуірінде «Қазақ онжылдық» мектебіне ғұлама ақын, данышпан ойшыл Абай Құнанбаевтың есімі берілді. Мектептің алғашқы мекен-жайы болып, 1937 жылы ВЛКСМ-ге 40 жыл көшесі тіркелген. 1938-1976 жылдары Толстой көшесі, 22 үйде орын тепсе, 1976 жылдан бүгінгі күнге дейін Толстой көшесі, 95 үйде орналасып талай қазақ балаларының өмір мектебіне, балалық шақтың көктеміне айналды. Қазіргі мектепті салғызуға облысымыздың 75 жылдық тарихында орны ерекше тұлға, мектебіміздің түлегі, қазақтың білімді қыздарының бірі Асия Байзакованың еңбегі сіңді.
«Үлгілі қазақ мектебі» деп аты берілген таза қазақ балаларына арналған бұл мектептің алғашқы директоры болып, 1938-1939 оқу жылында Темір Насырұлы Шығаев бекітіледі. Бұл жылдары Алматыдағы КазПИ-ді бітірген жас мұғалімдер: Төлеутай Ақшолақов кейіннен атақты ғалым, «Қазақ әдебиеті» оқулығының авторы болған, Мадин Имаш – кейін үлкен ғалым, КазПИ-дің проректоры қызметін 20 атқарған осындай мықты қазақ азаматтарының, сол кездегі оқыған көзі ашық жастардың еңбек етуі ел арасында мектеп беделін бірден көтереді. Білім іздеген жастар ауыл-аймақтан ағылып келіп, мектеп жанындағы панионатқа орналасады. Мектеп директоры болып математик Мадин Имаш тағайындалады. Ұлтының қадірлі ұлдары басқарған бұл шаңырақтың қасиетті шаңырақ аталуы заңды.
Сол алғашқы жылдары осы аталған адамдармен еңбек жолын жас мұғалім Молдабекова Рауза Асқарқызы бастап, кейін қырық жыл табжылмай еңбек етті. Мадин Имаштан кейін мектепті Сыздыков Күлібай 1940-1941 оқу жылында, Надыр Мағамбетов ағамыз 1941-1943 оқу жылдары, ал Закарьянова Әкіш 1943-1945 оқу жылдары мектепті басқарып, елден ағылып келіп білім алуға бет бұрған қазақ балаларына әке орнына әке болып, қамқорлық жасай білді. Соғыс жылдары мектепте оқитын бала саны күрт азайып кетті, тіпті 1941-1945 оқу жылдары мектеп бітірген бірде-бір түлек болмады. Сол бір отты жылдары мектепті Аймағанов Ерғали Аймағанұлы басқарды. Өжет, намысшыл азамат 1945 жылы соғыс жылдары жүдеп қалған мектепте күрделі жөндеу жасап, қалпына келтірді.
Кейіннен ол облыстық оқу бөлімінің меңгерушісі қызметіне ауысады да, Ибрагимов Әбді директор болып тағайындалады. Соғыстан кейінгі 1946-1947 оқу жылында көп жылғы үзілістен кейін 10 сыныпта 7 оқушы аяқтап, бәрі бірдей жоғары оқу орнына түседі. 1950-1951 оқу жылы мектепті Ленинград қаласындағы Н. Крупская атындағы педагогикалық институтты бітіріп келген жас қыз Софья (Сәбиля) Әжіғалиқызы басқарады. Бұл жылы мектепті 17 оқушы аяқтайды. 1951-1952 оқу жылдары Қарағанды педагогикалық институтының проректоры Байтасов Қабзәкір Байтасұлы директор болып тағайындалады және Молдбаекова Разия Асқарқызы оқу ісінің меңгерушісі болып қызмет жасайды. Бұл кез мектептің дәуірлі кезеңі, бала саны көбейіп, жанында 90 орындық интернат-пансионат жұмыс істеген.
Маңайдағы қазақ ауылдарын айтпағанда сонау Алтай өлкесінен Новосибир, Омбы облыстарындағы қазақ ауылдарынан білім іздеп келген балалар саны олардың құлшынысы мектеп беделімен бірге ұстаз мерейін тасытты. Бұл жылдары мектеп Алматыдан оқу бітірген ұстаздар легімен толықты. Кейіннен мектебіміздік ардагер ұстаздары атанып алдарынан талай шәкірт ұшырған Өтегенов Әдбірәсіл Қонайұлы, Қойшыбай Мұхаметжанұлы, Сыздықжанов Өскенбай, Таубеков Мұқан, Сара Ерденқызы, Әсия Саттарқызы, Сара Жакенқызы. 1946-1962 жылдары мектеп жанында интернат-пансионатының жұмыс істеуі білімге құштар қазақ баласын қамтуда үлкен нәтиже берді.
1962 жылы 21 пансионаттың балалары облыстық қазақ мектеп интернаты сонда түгелдей көшіріледі. Қазіргі Ыбырай Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған гимназия-интернат осылайша енші алады. Байтасов Қабзәкір ағадан соң мектепке 1954-1955 оқу жылы басшылыққа Сыздықов Бәри Еркебайұлы келеді. Ал 1956-1962 жылдары мектепті алғаш мектеп түлегі Қабылдин Апшау басқарады. Бұл орта білім беру жүйесіне реформа жасалып, еңбек сабақтары мен өндірістік оқуды іске асыру басталады. Онжылдық мектеп 11 жылдыққа айналады. Апшау Қабылдыұлының жарты ғасырлық педагогикалық өтілінің 30-35 жылы мектеп өмірінен байланысты. Мектеп тарихында орны ерекше басшы 18 жыл үзбей басшылық жасаған, кеңес дәуірінің солақай саясатының талай ауыр кезеңін бастан кешірген, ұлттық мектепті білім ордасы ретінде сақтап қалуға күш салған Төлегенов Мүбарак Жанбосыұлы ағамыз.
1963 жылдан 1981 жылға дейін үздіксіз директор болады. 1981 жылы құрметті демалысұа шығады, Ұлы Отан соғысының ардагері, дербес зейнеткер Мүбарак Жанбосыұлынан кейін 1981 жылдың тамызында Апшау Қабылдыұлы директор болып тағайындалады. 1990 жылы құрметті демалысқа шыққанша, мектеп директоры болып еңбек етеді. Қазір мектеп тарихында алтын әріппен жазылған бұл ағаларымыз ортамызда жоқ, бірақ олар жүріп өткен сара жол, біз үшін даңғыл жол болды. Осындай абзал адамдар, қазақтың біртуар азаматтар басқарған білім ошағына бүгінде 75 жыл толып отыр. Өйткені тарихымызды жаңғыртып, өшкенімізді жандырып, ер еңбегін ұлықтау бізге парыз. Алдыңғы толқын ағалардың еңбек жолы, қажыр-қайраты, жанашыр қамқорлығы табанды қайсарлығы біз үшін рухани мол мұра.
«Қуатты ойдан бас құрап…» – деп Абай атамыз айтқандай парасат пен білімді қатар қойған білім ұжымынан халқының ризашылығына бөленіп, елінің қалаулысы болған даралар шықты. Олар айырылмас үш дос: Оспанов Қабиболла, Жәутіков Темкеш, Қақамбетов Оразалы бітірген сынып 1950 жылдың түлектері. Оспанов Қабиболла химия ғылымдарының докторы, «Платиналы Тарлан» сыйлығының иегері. Халықаралық минералды ресурстар Академиясы мен Нью-Йорк академиясының академигі, ҚР еңбегі сіңген өнер тапқыш және Халықаралық ғылыми жаңалықтар Қауымдастығының күміс, алтын медаль иегері. Жәутіков Темкеш металлургия саласының ғылым докторы, Халықаралық минералды ресурстар академиясының академигі, ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері, Қақамбетов Оразалы көп жылдар кеңес қызметінде аймақ өркеуінде үлкен үлес қосқан жан.
Жанғожин Мақаш – Қарағандыда кең инженері, шахта бастығы қызметін атқарған сыныптарының арасында ұшқыр ой қабілетімен ерекше дараланған шәкірт болған. Абдраимов Шақанай – 1947 жылғы түлек, философия ғалымдарының кандидаты. Мектеп тарихындағы алғашқы «Алтын медаль» иегері – 1948 жылғы түлек, ғылым докторы Камалова Хабиба. Омаров Хайыр – қазақтан шыққан алғашқы елшілердің бірі, көп жыл Маңғолиядағы Совет үкіметінің елшісі болған. Наурызбаева М., Мақатаева Р. – медицина ғылымының докторлары, Идрисова Рата – ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты, Хамитов Х.Х., Сирекбаева З.М. – экономиа ғылымының кандидаттары, Бекежанова З.И. – педагогика ғылымдарының кандидаты. Міне, бұл бір топ, 1950 жылы мектеп бітірген аға-аналарымыздың бір сыныпта оқыған 14 түлектің жетістігі. 1951-1952 оқу жылында 19 түлек бітіріп (8 қыз, 11 ұл) барлығы жоғары оқу орнына түседі.
Облыстың дамуына ерее еңбек еткен, қашанда биліктің басында жүрген мақтан тұтар аға буын арасынан республикаға танымал тұлғалар шықты. Олар Әсия Байзакова облыс тарихында тұңғыш аудандық (Индустриялдық) партия комитетінің бірінші хатшысы болған, 16 жыл үзбей басқарып, қала өмірінде үлкен қолтаңба қалдырған жан. «Баянауыл», «Аврора», «Космос» кинотеатрлары, қаладағы алғашқы «Ақбұлақ» қазақ балаларына арналған балабақша мектептің бүгінгі ғимараты, сол кісінің басшы болып тұрған кезінде бой түзеді. Әшімбетов Кемір – облыстық атқару комитеті төрағасы, көп жылдар аудандық партия комитетінің бірінші хатшысы болып, ауыл шаруашылығы саласын дамытуға үлкен үлес қоқан жан.
Асылханов Табылды – облысымыздың мақтан тұтар дәрігері, дәрігерлер әйлетінің тірегі, көреген басшы, білгір маман ұрпақтар сабақтастығын сақтаған жан. Немерелері өзі оқыған мектеп қабырғасынан үлкен өмірге қанат қақты. Кобдиков Қапур Нұралыұлы ҚазМУ-дың экономика финанс факультетін тәмамдаған, соғыс ардагері. Павлодар қаласындағы атақты бухгалтерлер дайындайтын мектепті 25 жыл үзбей басқарып, ел экономикасына жаңа лек мамандар тәрбиелеген жан. Қожанов Оралбек облысымыздың дамуына үлес қосқан қайраткер. Алинов Мақсат – мектеп медалистерінің бірі, көп жылдар кеңес-партия қызметінде еңбек еткен. Махметов Иманжүсіп-Алюминий зауытында ұзақ жылдар электр дәнекерленуші болған, 1965 жылы Кеңестер одағының ең жоғары сыйлығы Ленин орденін алған санаулы қазақ жігіттерінің бірі.
Дербес зейнеткер Қайырбеков Едіге полковник, мемлекет қауіпсіздігін қамтамасыз етуде адал еңбек еткен жан, құрметті демалыста. Қонқаев Қаратай – Москвадағы Бауман атындағы техникалық училищені бітірген, аймақта ұзақ жылдар ерең еңбек еткен парасат иесі. Жақсыбаев Серік, Жақсыбаев Ахат – бірі ғалым, бірі танымал жазушы, Тиыштыбаев Жәкен, Сайранов Бақтияр, Абишев Мұхаммедқасым құқық қорғау органдарында қызмет жасаса, Керімбаев Рамазан қаламызды көркейтуде мәңгілік қолтаңба қалдырған құрылысшы. Тізе берсек, атақты елге еңбегі сіңген, халық қалаулысы, ұлтының адал перзенті болып табылатын біздің мектеп шәкірттері жүздеп табылады. Оқу-білім саласында бедел мен атаққа ие тұлғаларды жеке атап өткім келеді.
Қайдаров Қажкен – физика-ғалымдарының кандидаты, профессор, жоғары ғылым Академиясының корреспондент мүшесі. Ахметова Гүлназ Кенжетайқызы – педагогика ғалымдарының докторы, Қазақ Ұлттық мемлекеттік университетінің тарихындағы қыздардан шыққан алғашқы проректор, «Құрмет» орденінің иегері. Мектебіміздің түлегі, құрметті ұстаз Қазақстан мұсылман әйелдері лигасының Павлодар облыстық филиалының төрайымы қызметін адал атқарған Зара Қабдешқызы Қожахметова. Мектеп түлегі, өзіміздің ардагер ұстазымыздың: Жүнісова Тайкен Бейсембекқызы, Исаханова Наскен Исаханқызы, Мырзатаева Сәулеман, Иманбекова Зора Уалиқызы, Тулемісова Майда Шәкенқызы. Күміс медаль иегері ұстаздардың ұстазы бола білген Ташева Полина Шакауовна сынды түлектеріміздің білім саласына қосқан еңбегі ерен. Кеңес дәуірі кезінде солақай саясат ұлттық тәрбиенің тамырына балта шауып, туған тілде баланың білім алуына тосқауыл қойғандай шақта да, мектеп өзінің ұлттық мектеп дәрежесін жоғалтқан жоқ.
Жанындағы №9 мектепте орыс тілінде білім алған бір азамат, өз естелігінде: – Біз №10 мектепке қазақ тілінде сөйлесіп, есту үшін жүгіріп келіп кететінбіз, ана мектепте өзімізді ықтиярсыз жүргендей сезінетінбіз, – дейді. Осындай қасиетті қара шаңырақтың өз ішінде ешқандай мөрсіз бекітілген дәстүрі мен салты бар. Ұлы Абай атындағы мектептен білім алған, тәрбие көрген шәкірттің өзгеден биік тұрар өресі, терең парасатты зерделі болуы, асқан ыждахаттылықпен еңбек еткен ұстаздардан көргені, алған үлгі-өнегелері. Мектеп жетпіс бес жылдық тағылымға толы терең айтулы үш кезеңді бастан кешірген. Біріншісі, алғаш ірге тасы қаланған күннен бастап, білімге құштар қазақ балаларына терең де сапалы білім беріп, үлкен өмір жолына мәдениеті мен білім тең жастарды аттандырған.
Қаладағы сол кездегі мектептердің ішіндегі көшбасшысы болып, дәуірі туған кезеңі ол: 1937-1975 жылдар аралығы. Отыз жыл ішінде мектептің әр шәкірт оқуды таласып оқып, қызыға оқып өмірден өз орнын таба білді. Сол жылдары мектепте 180 түлек аяқтаған рекорд жасалды. Екіншісі, 1975-1990 жылдар қазақ мектебінің басынан бақ тайған кезең болды. Ата-аналар қазақ мектебіне баласын құлықсыз бере бастады. Топ жаратын, жүзден жүйрік шығатын бала саны азайды. Бірақ мектеп жабылған жоқ, ұлтжанды жандар өз балаларын жетектеп әкеліп, қазақ мектебінің табалдырыңын аттатты. Осылайша бала саны азайып, мектеп өмірі көңілсізденген кезеңді өтті. Үшіншісі, тәуелсіздік туы желбіреген 1991 жылдан бергі мектептің философиялық тамыры тереңдеп, міндеттер жиынтығы молайған кезі. Ұлтымыздың кемелді келешегінің ең басты кепілі сапалы жаңа заманның талаптарына сай білім беру жүйесін қалыптастыру жүйелі жолға қойылды.
Павлодар қаласында білімнің қара шаңырағы саналатын, 75 жылдық тарихы бар Абай атындағы №10 мектеп-лицей ұжымы елдің үкілі үмітін ақтауға барлық іс-әрекет, күш-жігерін жұмылдыруда. Міне, шұғылалы мекен талайларға өмір мектебі болған өресі биік, салауатты өмір салтын дағдыға айналдырған, ұлттық сана-сезім жоғары, білімге құштар, халықаралық білім кеңістігіне шығуға даяр ұрпақ тәрбиелеп жатқан дарынды балаларға арналған Абай атындағы №10 лицей-мектебінің кешегісі үлгі, бүгінгісі – айқын, болашағы – жарқын. Мерейлі ұжым мәртебесі арта беретіндігіне сенім мол. Мәңгі нұрдың қызметшісі – мұғалім Г.Аубанова ҚР Денсаулық министрлігі Павлодар облысы бойынша «Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитеті», Павлодар қаласы «Ұстаздық – ұлы құрмет, себебі, ұрпақтарды ұстаз тәрбиелейді, болашақтың басшысын да, данасын да, ғалымын да, еңбекқор егіншісін де, кеншісін де ұстаз өсіреді.
Өмірге ұрпақ әкелген ананы қалай қадірлесек, сол ұрпақты тәрбиелейтін ұстаздарды да солай қадірлеуіміз керек» деген батыр бабамыз Бауыржан Момышұлының құнды ойы ешқашан ойдан шықпауы керек. Себебі, «өз уақытын аямайтын, өзгенің бақытын аялайтын» мұғалім мамандығының қырсыры баршамызға аян. Бүгінгі заманға сай ұрпақты тәрбиелеуде де күш мұғалімдер қауымына ерекше түседі. Жаңа заманның тұлғасын дайындау үшін мұғалімнің өзі де сол деңгейге сай, ақпаратпен толық қаруланған, техника тілін меңгерген, заманауи пікірі қалыптасқан тұлға болуын бүгінгі күн талап етеді.
Тұңғыш Президентіміз – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен әзірленген ұзақ мерзімді «Қазақстан – 2050» стратегиясында: – Отандық білім беру жүйесіне инновациялық әдістерді, шешімдерді және құралдарды қарқынды енгізуге тиіспіз. Оқу жоспарларын бағыттылығы мен басымдықтарын оларға тәжірибешілік машықтарға үйрету бойынша және тәжірибелік біліктілікке ие болу бағдарламаларын қосып өзгерту, – деген міндет қойылды. Бұл әлемдік деңгейде нақты нәтижесін көрсеткен тәжірибе, оны бүгінгі таңда баршамыз білеміз. Инновациялық әдістерді пайдалану арқылы жас ұрпақты бәсекеге қабілетті тұлға ретінде тәрбиелеу үлкен жауапкершілік жүктейді.
Алия Рахметжанқызы ЖУНУСОВА,
Павлодар облысы бойынша педагогикалық
қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтындағы
білім мұражайы ісі бөлімінің басшысы