М.Әуезов университеті: Атомдар мен иондардың радиустарын анықтаудың жаңа тәсілі ұсынылды

Университеттің «Химия және химиялық технология» кафедрасының аға оқытушысы Ермеков Саят Рақымбайулы (РhD) диссертациялық жұмысын ойдағыдай қорғады. Химиялық технология салаларында сулы-тұзды жүйелер көптеп қолданылады. Мұндай жүйелерде шикізаттар ретінде пайдаланылатын минералды заттардың атомдары мен иондары мақсатты өнімдерді қалыптастыруда шешуші роль атқарады, – деп хабарлайды осы жоғары оқу орнының баспасөз қызметі.

Ғылыми химия саласында қазіргі кезде қол жеткен нәтижелер көрсеткендей, иондық бөлшектердің және олардың материалдық негізі болып табылатын атомдардың радиустары туралы шынайылылығы жоғары, толықтама ғылыми дәйектелген мәліметтер аз. Химиялық элементтердің атомы мен ионы радиустары мәндері берілген әдеби мағұлматтарда бір элемент үшін 30 жуық мәндер келтірілген. Олар бір-бірінен өте алшақты.

Осы зерттеулер АҚШ, Жапония, Германия, Канада, Англия, Франция секілді мемлекеттерде жүргізілген. Аталған шетелдік ғалымдардың ғылыми  нәтижелері бүгінде де аса жоғары бағалы. Олардың ең көрнекті өкілдері ретінде Нобель сыйлығының химия саласындағы лауреаттары Малликен Сандерсонды, Нильс Борды және Лаинус Полингты атап өтуге болады. Олардың зерттеулері нәтижесінде алынған химиялық элементтердің атомдар мен иондар радиустары есептік немесе сан алуан физика-химиялық жолдармен анықталған. Сондықтан молекулалық жүйенің құрамдастары – атомдар мен иондардың радиустарын анықтау бойынша бүгінде қол жеткен жетістіктер ғылымда жүргізіліп отырған ілімдік те, қолданбалық та зерттеулерді қанағаттандырмайды.

Бұл бағытта жаңа шешімдер тауып, ұтымды ізденістер жүргізіп, атомдар мен иондардың шынайы нақты сенімді мәндерін анықтау аса өзекті мәселе. Осыған байланысты, зарядталған элементтік бөлшектер арасында пайда болатын тартылу және тебу заңдылықтарын және атомдар мен иондар құрылысының құрылымы туралы жалпылама мойындаған заманауй ғылыми мәліметтерді ескере отырып, элементтік бөлшектердің орбиталдық радиустарын анықтаудың жаңа тәсілі ұсынылды.

Ұсынылған жаңа тәсіл өте қарапайым, тұрақты шамалары аз. Жүргізілген есептемелік зерттеу жұмыстарының нәтижесінде периодтық жүйенің барлық химиялық элементтері үшін олардың атомдары мен иондары радиустарының жаңа мәндері алынды. Табылған мәндер олардың белгілі мәндер аумағында орналасады және қайталанбайды. Анықталған радиустар мәндері элементтен элементке көшкенде заманауи химиялық ғылымның жалпыға ортақ қабылданған ілімдік заңдарына толықтама сәйкес өзгереді. 

Атомдар мен иондардың орбиталдық радиустарын анықтаудың жаңа есептік тәсілдері мемлекеттік құқықтар тізілімінде авторлық құқықпен қорғалатын объектілік мәліметтер ретінде енгізіліп, №8917, 8944 куәліктері алынды. Алынған тың нәтижелер Евразиялық патент одағына және ҚР интеллектуалды меншіктеу ұлттық институтына патенттік құжаттар дайындауға негіз болды.

Жаңа тәсілмен табылған атомдар мен иондардың орбиталдық радиустары мәндері химиялық технологияда, нанотехнологияда, мембраналық технологияда, сондай-ақ адамзаттың шығармашылық қызметінің басқа да заманауи жоғары технологиялық бағыттарда шынайы нәтижелік қолданыс табады.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий