Жоғары білім саласының сапасын арттыруға қызмет етеді

Ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты халыққа биылғы Жолдауында білім сапасын жақсарту міндетін қойғаны белгілі. Осыған орай, Парламенттің бір топ депутаттары дайындаған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне білім беру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасының бірінші оқылымы  12 желтоқсан айының 12-і күні ұйымдастырылған Сенаттың отырысында кезекті тыңдалды. Халық қалаулыларын заң жобасымен сенатор Бақытжан Жұмағұлов таныстырды.

Барлық еңбек жолы отандық білім және ғылым саласымен тығыз байланыста өрбіп келе жатқан академик Бақытжан Жұмағұловқа осы стратегиялық салалардың қыр-сыры жақсы белгілі.  Сенатор заң жобасындағы білім саласының көсегесін көгертуге бағытталған нормалар туралы тұжырымды ойларын ортаға салды. Атап айтқанда, «қашықтан оқыту» ұғымының нақтылануы, оны өткізу тәртібінің айқындалуы, оқулықтар сапасын жақсартуға мүмкіндік жасайтын тетіктерді көрсетіп берді. Аталған құжат аясында қосымша білім беруді мемлекеттік қаржыландыру, студенттердің кәсіптік практикадан өту уақытын ресми түрде еңбек өтіліне жатқызу және таға да басқа өзекті  мәселелер тиімді шешімдерін таппақ.

Ұлттың адами капиталын дамыту шаралары соңғы жылдары ғана қарқын алды десек, шындықты айтқанымыз.  ҚР Білім беруді және ғылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында 2025 жылға қарай білімге бөлінетін қаржы көлемін алты есе, ғылымға бөлінетін қаржы көлемін 7 есе көбейту көзделген. Осы бағдарламаны орындау аясында  ЖОО кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға бөлінетін мемлекеттік тапсырыс саны, білім алушылардың, оның ішінде докторанттардың стипендия мөлшері  кезең–кезеңмен көбейтілуде.

Ғылыми атақ-дәрежесі бар оқытушылар құрамының қартаю процесі орын алып отырғандықтан жоғары оқу орындары кәсіби білікті кадрларды мақсатты даярлау бағытында да жүйелі жұмыстар жүргізуде. Аталған заң жобасының қабылдануы дамудың даңғыл жолына түскен еліміздің білім саласының алдындағы кейбір кедергілерді алып тастап, оның  өркениетті мемлекеттер деңгейіне іркілмей  жетуіне қызмет ететіні сөзсіз. 

Қали ОМАРОВ,
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда
университеті ғылым департаментінің директоры

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий