Жаңа жылымыз, жарылқасын!

Алдағы сиыр жылы — тышқан жылынан кейін, барыс жылынан бұрын келетін мүшел есебінің екінші жылы. Орталық Азия халықтарының (қазақ, қырғыз, қарақалпақ және түрікмен) көпшілігінің күнтізбелерінде қолданылады және әр он екі жыл сайын бір қайталанып отырады. Белгілі отандық астролог Елена Топольскаяның айтуынша келер жылдың ең берік стихиясы – металл мен жер. Табиғи белгісі – су. Бұл жылы өмірге келгендер тұрақты, сабырлы, көшбасшылық қабілетке ие, еңбекқор болып келеді. 

– Бұл дегеніміз, банк секторы өзін сенімді сезінетінін, заң ғылымына, мемлекеттік басқаруға қатысты барлық нәрсе жақсы болады. Мемлекеттік реттеу ең жақсы деңгейде болады, барлық жағдайды жеңе алады және процестерді реттеп, жағдайды тұрақтандырады деп күтуге болады. Жаңарудың, жаңа бастамалардың, құндылықтарды қайта бағалаудың уақыты 2022 жылға сәйкес келеді. Ал былтыр жағдайларды оңтайландыру арқылы тұрақтандыру шебінен өткендейміз. 2021 жыл ақшаны үнемдеуге, бұрын жинақталған мүлікті сауатты басқаруға қолайлы және адамдарға үлкен мансаптық мүмкіндіктер бере алады, – дейді ол өзінің алдын-ала жасаған болжамына сүйеніп.

Қазақтың жыл санауына жатпаса да, тайлы-таяғымыз қалмай тойлайтын Жаңа жыл барша әлем болып тойлай­тын мереке болғандықтан, біз де бұл мейрамға бір ай бұрын дайындала бастаймыз. Жаңа жыл деп тойланатын бұл мерекенің тарихы 25 ғасыр бұрын Месопотамияда басталған екен. Содан бері «Жаңа жыл» атауымен енетін осы мейрамды әр халық өз салт-дәстүрлеріне сәйкестендіріп, әртүрлі тойлайды. Және ұлттық таным-түсініктеріне байланысты атап өтеді. Еврейлердің тілінде Жаңа жыл «Рон Аша­на» деп аталады. Бұл кезде әр адам бір жыл бойы біліп-білмей жасаған кү­нәларынан тазартуын сұрап, «сли­хот» деп аталатын дұға оқып, құдайға жал­барынады. Сәбилерге жаңа киім сый­лайды.

Мерекелік дастарқанға тек жеміс қояды. Қара нәсілділер тұратын көптеген елдерде Жаңа жыл мерекесінде адамдар бір-біріне су шашады. Бұл біздің климатпен ең оңтайлы құттықтау болып саналады. Жа­ңа­ жылдық дастар­қан­­ға осы ме­рекеде жасалатын лин­­гоны тамағын дайындайды екен. Бұл тағамға, негізінен, түрлі әше­кейлер, тиын­дар жа­­­сы­рылады. Бұл келер жыл тойым­ды болсын, ақшалы бо­лсын деген ұғым­мен түсіндіріледі. Үнді халқы жаңа жылды қазан айы­ның соңында тойлайды. Бұл кезде әр үйдің төбесінен алаулап жанған отты көруге болады. Әрі байлық құдайын еске алулары тиіс.

Ал мұсылман елдері арнайы күнтізбе арқылы жаңа жылды анықтап отырады. Сондықтан мұ­сылман жыл санауы бойынша жыл сайын жаңа жыл 11 күнге ше­геріліп тұрады. Иран жерінде жаңа жыл 21 нау­рызда той­ла­на­ды. Мерекеге аз уа­қыт қалғанда халық арнайы ыдыс­­қа дән егіп қояды. Осы ондаған күндер аралығында дән өсіп шығып, жас өс­­кін бой кө­тереді. Бұл жаңа өмір­­дің, жаңа жыл­дың келген­ді­гі­мен түсіндіріле­ді екен. Мереке деген жалпы мағыналы мәні мен сәні жарасқан, қоғамдық өмірде алар орны бар жақсы нәрсе. Себебі, бұл күні адамдардың көңіл-күйлері көтеріңкі болып, бір-біріне жақсы тілектер айтысады. Мерекенің түрі де көп және оның әрқайсысының өзіндік ерекшелігі мен шығу тарихы, мән-мазмұны да әрқалай.

Солардың ішіндегі асыға күтетін мейрамдардың бірегейі – жаңа жыл. Өйткені мұнда алдағы жарқын күнге деген көрініс, асқақ арман мен игі тілек, келер жылға деген үкілі үміт пен мол сенім жатыр. Сондықтан болар, жаңа жыл мерекесін әлем халықтары өз әдет-ғұрпына, дүниетанымы мен тіршілік болмысына қарай қарсы алады. Ежелден қалыптасқан дәстүр жаңа жыл мейрамында қай елде болмасын салтанатты қабылдаулар жасап, көпшіліктің бірігіп тойлауы әлі күнге дейін жалғасын тауып келеді. Бірінші қаңтарды жыл басы етіп Ресейде осыдан үш жүз жыл бұрын І Петр патша бекіткен. Ол өз жарлығында мәскеуліктерге жаңа жыл түнінде от жағып, үйлерін шыршамен әшекейлеуді тапсырған.

Онда шыршаны әсем гүлдермен безендіріп, балауыз шамдармен көмкеруді ұсынған. Осыдан бастап жасыл шырша жаңа жыл символына айналды. Әр үйдің төрінен орын алатын шырша ағашы бүгінде сауда нүктелерінде толып тұр. Көлеміне қарай әр түрлі бағамен Әрине, иісі бұрқырап тұрған тірі шырша емес. Бұған елімізде тыйым салын­ғаны белгілі. Дегенмен, жасанды шыршаны сатып алу­шылар да аз емес. Сонымен бірге оны жас арудай сәндеп, әшекейлеу үшін біршама қаржы­ңызды жұмсауға тура келеді. Және таңдауыңызға орай көздің жау­ын ала­тын­дай неше түрлі бе­зендіру ой­ын­шықтарын алуға болады.

Ал шыршаны безендіруді білгенімізбен оның қандай мәні бар екенін ойланып көрдік пе? Тарихи жазбаларға сүйенсек, жылнама беттерінде жаңа жылдық тұңғыш шырша 1600 жылы Герман провинциясы Эльзаста орнатылған. Алғашқы кезде шыршаны қағаздан жасалған раушан гүлдермен безендірсе, 1737 жылдан бастап көз жауын аларлықтай зерленіп, оқаланған түрлі әшекей ойыншықтармен көркемдеу дәстүрге айнала бастады. Адамдардың мерекеге арнап шыршаны таңдауы да кездейсоқ жағдай емес. Ертедегі египеттіктер, римдіктер, басқа да еуропалықтар шырша түсін өмірдің өшпес белгісі санаған.

Сондай-ақ мәңгі жасыл өсімдіктер – қарағай, лавр, кирапистерді де ерекше құрметтеп, мәңгілік өмір мен денсаулық осыларға байланысты деп есептеген. Жасыл шыршалардың рекордтық көрсеткіштеріне келер болсақ, әлемдегі ең биік шырша 1950 жылы желтоқсанда Американың Сиэтл қаласында орнатылыпты. Оның биіктігі 67,4 метр. Ал оны құлпыртып безендіруді Лантана қаласында орнатылған шырша иемдеген. Биіктігі 38 метрлік бұл жасыл аруға 15100 сырға шырақ, ұзындығы 850 метр болатын гүлтізбе, 1500 ойыншық, 500 алуан түрлі әшекей заттар ілінген. Жаңа жылдық шыр­шаны безендірудің адам өміріне елеулі әсері бар көрінеді. Әр ойын­шықты ілген сайын өзіңізге, от­басыңызға тілектер ті­ле­ген жөн. Мәселен, қа­рапайым шар тә­різ­ді ойын­шық­тар тө­зімділік пен күш-қуат­тың бел­гісі. Шыр­­ша­ның ең ба­­сына мін­детті түрде жұл­дыз­ша ілу керек. Ол адам­ның қол соз­­ған мақ­­са­тына же­те­тін­ді­гі­­ңіздің ны­шаны.

Нұрлан ТІЛЕГЕНҰЛЫ,
Нұр-Сұлтан қаласы

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий