Қалыптастырушы бағалау не үшін қажет?
Бағалау деген не? Критериалды бағалау, қалыптастырушы бағалау не үшін қажет? Бағалаудың мақсаты қандай? Бағалаудың мүдделі тараптары кімдер? Оқу процесінің қандай нәтижелерін қалыптастырушы бағалау арқылы анықтау маңызды? және тағы да басқа сұрақтар аясында сабағымыз жалғасады.
Білім берудің қазіргі заман талабы – шығармашылықпен жұмыc жасайтын, бәcекеге қабілетті, құзіретті зияткер тұлға тәрбиелеу. Оқыту – мұғалімдердің оқушыларға жасаған сыйы емес, бұл құзіреттіліктер білім алу үшін оқушылардың өздері де оқу үдерісіне белсенді қатысуын талап етеді. Мұғалімдер, өз кезегінде, өзінің сабақ беруіне емес, оқушылардың оқу ептілігін дамытуға назар аударуы тиіс. Осы мақсатта мұғалім оқыту ортасын құру керек.
Критериалды бағалаудың басты ерекшелігі:алдын-ала ұсынылған бағалау шкаласы;анық, айқындылығы; бағаның әділдігі;өзін бағалауға мүмкіндіктің берілуі. Қалыптастырушы бағалау күнделікті оқыту мен оқу үдерісінің ажырамас бөлігі болып табылады және тоқсан бойы жүйелі түрде жүреді. Жиынтық бағалау оқу бағдарламасының бөлімдерін/ортақ тақырыптарын және белгілі бір оқу кезеңін (тоқсан, оқу жылы, орта білім деңгейі) аяқтаған соң оқушының үлгерімі туралы ақпарат алу мақсатында балл және баға қою арқылы өткізіледі.
Сабақ барысында пайдаланатын бағалау әдістері: топ жұмысын бағалау кестесі, оқушының өзін-өзі бағалау кестесі, топ басшыларының бағалауы (лайк жүрекшелер, тақырыптық суреттер), «Басбармақ» әдісі және тағы да басқалар. Нормативті бағалау – сыныпта күнделікті жұмыс барысында жүргізілетін бағалау түрі, оқушылар үлгерімінің ағымдағы көрсеткіші болып табылады, оқыту барысында оқушылар мен мұғалім арасындағы жедел өзара байланысты, оқушы мен мұғалім арасындағы кері байланысты қамтамасыз етеді және білім беру процесін жетілдіруге мүмкіндік береді.
Сәуле ТҰРҒЫНБЕКОВА,
№ 3 мектеп-лицейінің география пәні
мұғалімі, 1 санатты педагог, Тараз қаласы