Жаңартылған білім мазмұны: Тарих пәнін қашықтан оқытуда қолдануға тиімді технологиялар

Қашықтан оқыту заман талабы. Қазіргі білім беру жүйесінде тарих пәнін оқытудың түрлі жаңаша әдістері жасалу үстінде.Тарих пәнін оқытудың ерекше әдіс-тәсілдерін іздеу және соны қолдану қазіргі таңда маңызды болып табылады. Тарих сабақтарын қашықтық оқытуда әдістер көп, бірақ сол әдіс-тәсілдерді пайдалану мақсатында мәселеге ойшыл және жауапты көтеру немесе мәселенің алдын алу үшін оқушыларды жауап беруден, реакциясын қашықтан қалай көруге болады немесе өзара әрекеттесуден бұрын өздері көрген және естігенін бақылау үшін жан-жағына қарауды  тоқтатып мен төмендегі пайдаланып жүрген әдістер нәтиже беретініне сенем.

Тарих сабақтарын қашықтан оқытуда әдіс-тәсілдерді дұрыс пайдалана білу арқылы оқушының ойлау көпірі дұрыс қалыптасқанда ғана сіздің сабақ берудегі мықты әдістерініз сізге көмек береді. Тарих пәнін қашықтан оқытуда ұстаз мықты стратегияларды дұрыс қолдана білу және  онлайн оқытуда MiCOSA әдісін дұрыс қолдану–оқушының ойлау көпірін, үй тапсырмасын қалай шешетіндігін және табысты сабақ болып жалғасуын ұстаздың сабақты алдын-ала жоспарлауымен, идеясымен байланыстырады. Тарих пәнін қашықтан оқыту дегеніміз — мұғалім мен оқушы арасында қандай да қашықтықта интернет ресурстарының сүйемелдеуімен өтілетін оқытудың формасы, яғни интернет желілерінің көмегімен белгілі бір ара қашықтықта оқыту.

Тарих пәнін қашықтан оқыту технологиясы бойынша – оқу үрдісі кезінде оқып үйренушілер мен оқытушылар арасында интерактивті өзара іс-әрекетте оқытылып, материалдың негізгі көлемін  оқып үйренушілерге жеткізуді қамтамасыз ететін, оқылған материалдарды меңгеру бойынша, сонымен бірге оқу үрдісі барысындағы оқып үйренушілердің өз бетімен жұмыс істеуіне мүмкіндік беретін ақпараттық технология. Қашықтан оқыту – компьютерлік және телекоммуникациялық технологияларға негізделген оқытудың құралдары мен түрлері, білім беру үрдісінде үздік дәстүрлі және инновациялық әдістер қолданылатын, күндізгі және сырттай білім алу ретінде білімді қабылдау түрі болып табылады.

Тарих пәнін қашықтан оқыту мен ұйымдастырудың үш түрлі формасы бар: онлайн (синхрондық) және оффлайн (асинхрондық), және кең таралған үшінші түрі вебинар. Тарих пәнін онлайн режимдегі оқыту дегеніміз – интернет ресурстарының көмегімен ағымдағы уақытта белгілі бір қашықтықта мұғалім экранын көру арқылы оқытуды ұйымдастыру формасы. Тарих пәнін оффлайн режимдегі оқыту дегеніміз – интернет ресурстарының көмегімен (электрондық пошта) мұғалім мен оқушы арасындағы ақпарат алмасуды қамтасыз етуге мүмкіндік беретін оқытудың формасы. Тарих пәнін тағыда вебинар арқылы оқыту дегеніміз – интернет желілерінің көмегімен семинарлар мен тренинтер өткізу формасы. Тарих пәнін қашықтан оқыту процесінде сапалы ұйымдастырудың келесі түрі – «Е-learning».

Е-Learning – бұл оқу үрдісін ұйымдастырудағы халықаралық стандарттар мен принциптерін қолдайтын, барлық заманауи талаптарға сәйкес келетін, электронды және қашықтықтан оқыту. Оқытудың аталмыш жүйесі білім беру саласын түбегейлі өзгертеді. Яғни, мұғалім мен оқушының арасындағы байланыс өзгереді. Қазіргі таңда E-learning электронды білім беру көп елдердің білім жүйесіне қарқынды енгізіліп отырған оқытудың озық формаларының бірі болып келе жатыр. Қазақстан Республикасында электронды оқыту білім жүйесінің инновациялық дамуының басты бағыттарының бірі болып есептеледі.

Әлемдік тәжірибелердің көрсеткіштері бойынша е-learning жүйесі білім беруді модернизациялаудың басты құралдарының бірі екендігін айқындайды. Электронды білім беру кең ауқымды жобасының жүзеге асуы Қазақстан Республикасының білім беру жүйесінің ақпараттандыру мақсатына үлкен жол ашпақ. Тарих пәнін қашықтықтан оқытуда Е-learning технологияларын оқу үрдісіне қолдану арқылы мынадай келесі мүмкіндіктерді алуға болады:  берілген материалды меңгеруге жағдай жасау үшін өте қолайлы және ыңғайлы; оқу материалын меңгеруде қиындық деңгейін, уақытын және көлемін таңдаудағы жекешілдік; интерактивті, өйткені, мұғаліммен, сыныптастарынмен синхронды (чат, скайп) және асинхронды (пошта, форум) әрекеттесу арқылы оқуға болады.

Е-learning-тің басқа технологиясы – бұл мұғалімнің оқу сайты. Мұғалімнің оқу сайттарының ресурстары (бейнелекциялар, тест жұмыстар, практикалық тапсырмалар, форумдағы дискуссиялар, есептер шығару практикумдары, компаниялардың оқу-жаттығу жұмыстары) оқушыларға ыңғайлы уақытта керекті тақырыбымен өз бабымен жұмыстануға мүмкіндік береді. Сандық білім беру контентін электронды оқулықтар, компьютерлік ойындар, виртуалды жаттығу әдістері, ғылыми – әдістемелік зерттеулер құрайды. Осылайша, e-learning технологиясын тарих пәнін қашықтықтан оқытуда тиімді пайдалануға болады.

Бұл оқыту ортасы, оның көмегімен оқу үрдісін жекелеуге болады, оқытудың жылдамдығын таңдауға болады (ақпаратты қабылдаған кезде). Оқушы тарих  пәнінен өзіндік жұмысты дербес компьютердің, ноутбуктың, ұялы телефонның көмегімен ұйымдастыра алады. Оқушылардың өзіндік жұмыстарының көлемін көбейту оқу үрдісін ақпараттық технологиялардың арқасында нығайтуға мүмкіндік береді. Қазіргі уақытта, ақпараттық технология қарқынды дамып келеді, олар педагогикалық кеңістікте терең еніп, білім беруде кеңінен қолданылады. Видео сабақтар – қазіргі заманғы педагогикалық әдістердің заманауи түрі.

Бұл әдістің оқушылардың да, ұстаздардың да білім алу жолында алатын орны   ерекше. Бүгінгі таңда ақпараттық технологиялардың мүмкіндіктерінің арқасында мұғалімдер арасында онлайн-сабақ, бейне-конференция, жаңашыл сабақтар қолданысқа ие болып тұр. Бүгінде интернет желісіне қосылу үшін көп уақытымызды алмайтын жағдайға жеттік. Интернет желісіне жылдам қосылып, уақытын тиімді қолданып, белсенді жұмыс істеп жүрген заманауи мұғалімдеріміз бар екені белгілі. Қазіргі таңда оқушы тек білім тұтынушы емес, білімді өз бетімен оқып, меңгере алатындай жаңа инновациялық технологиялар мен әдістерді қолдануы қажет.

Осы қажеттілікті толықтыру мақсатында «Төңкерілген сабақ» әдісін тарих пәнінде қолдануға болады. «Төңкерілген сабақ» білім алушының үйде мұғалімнің алдын-ала жасалған видеосы арқылы жаңа материалды өз бетімен оқып-үйреніп, қашықтықтан мұғалімнің көмегімен тарих пәні бойынша зерттеу жұмыстарын, тапсырмаларын ұйымдастыру процесін жасауға болады. Яғни, үйде – білу түсіну, қашықтан – білімді қолдану көрсету. Мұғалім бұл әдісінде балаларға теориялық материалдан тұратын бейне материалдарды жасайды және оларды электрондық пошта, әлеуметтік желілер, whatsаap арқылы оқушыға жібереді.

Оқушылардың үй тапсырмасы – бейнежазбаны көріп, жаңа материалмен таныс болу, ұғыну. Шәкірттер сабаққа келгенде, олар теориялық материалмен танысып, практикалық тапсырмаларды мұғалімнің көмегімен шешуге дайын болады. Дәстүрлі сабақта мұғалім теориялық материалды түсіндіруге сабақтың басым бөлігін жұмсап, қалған уақытты тарих пәнінен оқушыға түсінгенін мазмұндауға уақыт  қалдыратын. Ал «Төңкерілген сабақ» әдісін қолдану арқылы мұғалім оқушыларға өз бетімен жұмыс істеуге дағдыландырумен қатар, әрқашан да оқып-білім алуға ұмтылуға бағыт-бағдар беріп отырады.

«Төңкерілген сабақ» әдісі сабақты өткізудің және білім алушыларды қызықтырудың басқа жаңашыл қыры немесе бағыты екенін әдісті қолданғаннан кейін көрдім. Бір сарынды дәстүрлі сабақтарды өткізе бергеннен, арасында осындай видео үзінділерді қолдануды ұсынамын. Әрине, әрбір сабақ қызықты өту үшін шәкірттердің дамытатындай жоспарлар құруға тырысамыз. Видео сабақтардың оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыратынына онлайн-сауалнама арқылы көз жеткіздік. Күрделі материал оқушыларға есте сақтауға қиындық туғызады. Осындай жағдайда мұғалімнің де, баланың да осы тақырыпқа қосымша уақыт бөлуіне тура келеді.

Видео сабақтың білім алушыға тигізер көмегі – тақырыпты меңгере алмай қалғандығы жайлы мұғалімге айтып отырмай-ақ өз бетімен жұмыс істеп, өзіне ыңғайлы уақытта видео сабақты қосып көре алады. Ал, мұғалім – осы видео сабақты бір рет қана дайындап қойып, қайта-қайта түсіндіріп отыруға кететін уақытын үнемдейді. «Төңкерілген сабақ» әдісінің ерекшеліктері: қашықтан оқушыларға, өткен материалды ноутбук немесе ұялы телефон арқылы жетік меңгеруге септігін тигізеді; қабылдау қабілеті баяу оқушыларға осы бейнежазбаны бірнеше рет қарап, қайталап, өз білімін керекті деңгейге жеткізіп алуға көп әсерін тигізеді; қашықтан сабақ өту үрдісінде материалды толық түсінбей қалған жағдайда үйде, көлікте, жалпы интернет желісіне қосылу мүмкіндігі бар жердің барлығында өз қалауынша қосып көре алады.

«Қайталау – оқу анасы» демекші, оқып қайталап отырған ақпаратты жалпы оқушы болсын, адам болсын есте жақсы сақтайды. Егер ақпарат көзі немесе теория бөлімі ауқымды болса, біріншіден, толықтай оқып шығу керек. Екіншіден, негізгі ұғымдарды оқып шығуы керек, ал үшіншіден, тағы да қайталап оқып шығып, бөгде адамға немесе топқа түсінгенін айтып бергені өте қолайлы әдіс. Үш ретті қайталау – қажетті минимум болып саналады. Өзі түсініп, сосын басқаға түсіндіріп жеткізген ақпарат есте жақсы сақталады.

Видео сабақтардың тек оқушыға ғана емес, мұғалімге де тигізер көмегі бар. Түсірілген видео сабақтардан тақырыпты түсіндіру мен сабақ өту процесін көріп, мұғалім өзінің сабақ жүргізу әдістемесіне және оқу процесінде қалай әрекет ететініне талдау жасайды. Өз-өзіне сырттай қарап баға береді, ұсыныс ұсынады, сыншыл дос бола алады. Түсірген видео сабақтарды Youtube каналына салады. Youtube каналындағы сілтемені оқушыларға әлеуметтік желілер арқылы жібереді. Оқушылар келген сілтемемен керекті ақпаратты алып, келесі сабақта сұрақтары болса, қойып немесе тақырыпты меңгеріп келіп отырды.

Басында бұл әдіске балалардың алғашқы реакциялары – таң қалу болды. Кейіннен үйреніп алғаннан кейін тіпті бейнежазбадан үзінді болса, оларға материалды меңгеру оп-оңай екенін айтты. Видео сабақты көргеннен кейін оқушылардың көзқарастары мен ойлары туралы пікірлерін білу мақсатында олардан сауалнама алынады. Қашықтық оқу заман талабы. Кез-келген мұғалімнің қолынан келеді. Тек шығармашыл болуы шарт ұстаздың.

Назым БАЙМАХАНОВА,
№80 мектеп гимназиясының тарих пәні
мұғалімі, Қызылорда облысындағы
Қармақшы ауданының Төретам кенті

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий