Медиация – тараптардың татуластығы

Алғаш рет әлемдік құқықтық жүйеде Англияда медиация кең қолдана бастады, ол өзінің тиімділігін көрсетті. Медиация уақыт пен қаржыны үнемдеуге оң ықпал етті, сонымен қатар сот жүйесіне түсетін ауыртпалықты жеңілдетті. Казіргі таңда заманауи құқықта медиация институты аса қажет, оның өзіндік себептері баршылық, бүгінгі қоғамда көптеген түсініспеушілік орын алуда оларды шешу үшін сот жүйесіні жүгіну міндетті емес, осы кезде медиация институтын қолдануға болады, оның қаншалықты тиімді болатыны дауласушы тараптардың ұстанымына және медиатордың өзінің жұмысын қаншалықты кәсіби деңгейде атқаратынына байланысты болады.

Негізінде медиатор кәсіби біліктілігі жоғарғы маман болса, оның көптеген дауларды тиімді шешуге мүмкіндігі бар, сол арқылы сот жүйесіне түсетін ауыртпалықты жеңілдетеді. Қоғам мен қатар құқықтық жүйесінің жаңару заманында дауларды шешудің балама әдісі ретінде медиация институты аса қажет институт болып табылады. Англияда медиация институтының жұмыс істеу тәртібін қарастырайық. Англияда азаматтық дауларды сотқа жеткізбей реттеудің төмендегідей негізгі үш «балама» жолы бар: 1) мүдделі тараптар арасында келіссөз жүргізу, бұл – даулы мәселені шешуде ең жиі қолданылатын әдіс; 2) медиация немесе келісу (татуласу), бұл туралы осы тарауда сөз болады; 3) арбитраж (бұл тақырып келесі тарауда талқыланады).

Арбитражға, көп жағдайда, істі қараудың ресми мәнері тән; Англияда жүргізілетін коммерциялық арбитраж Үлкен сотта қаралатын коммерциялық істердің көптеген аспектісін қайталауы мүмкін, бірақ бұл тенденцияның жақсылыққа апармайтынын атап өтуіміз қажет, мұндайға жол беруге болмайды. Мүдделі тараптар медиация кезінде даулы мәселені талқылау барысын бақылап, оны жалғастыру-жалғастырмау туралы шешім қабылдайды. Даудың қалай реттелетінін судья немесе арбитр емес, дауласушы тараптардың өзі анықтай алады. Медиатор – шешім шығаратын тұлға емес. Медиация дауласушы тараптарды ымыраға келуге мәжбүрлеу мақсатын көздемейді. Медиатор қос тараптың сеніміне ие болғанда ғана дауды шешуге ықпал ете алады.

Медиацияға қатысушы тараптардың дауды реттеуге қажетті өкілеттіктері болуы қажет – бұл медиация жүргізудің бірден-бір алғышарты. Әдетте медиация сессиялары бейтарап жерде өткізіледі. Онда әр тарапқа арналған жеке бөлме мен олар бас қосатын мәжіліс залы болады. Медиатор, ең алдымен, әр тараптың көңіл күйін, ыңғайын байқап көреді. Осылайша ол тарап-тардың өзара келісімге келуге бейімдігін тексереді. Тараптардың алдын ала бекітілген сөз сөйлеу реті болмайды. Сессияны жүргізе-тін медиаторлар икемділік танытып, қандай да бір процедуралық шектеулер қоймауы керек. Алдымен тараптардың келіспейтін тұстарын айқындап, растап алған дұрыс.

Талқылау, сот процесіндегідей, қарсылас тараптардың өзіне тиесілі құқықтарын алға тартып, бір-бірінің дәйектерін жоққа шығару ретімен жүрмейді. Медиаторға әдетте дауласушы тараптар бірлесе отырып ақы төлейді. Тәуелсіз медиаторларға тұрақты жұмыспен қамтамасыз ету кепілдігі берілмейді. Медиатордың арнайы заң білімі немесе тиісті біліктілігі болуы шарт емес. Медиация жүргізу мүмкіндігін қарастыру (әр тараптың бұл әдіске жүгінудің ойдағыдай болатын-болмайтынын мұқият ойластыру) міндеті мен бейтарап тұлғаның араағайындық етуімен жүретін медиация процедурасына қатысу міндеті арасында түбегейлі айырмашылық бар. Қарастыру міндеттемесі мен қатысу міндеттемесін ажырата білу керек.

Осы ретте тараптарды медиаторға баруға, медиация сессиясына қатысуға мәжбүрлеу қисынсыз болар еді. Сондықтан тараптар өзара келісіп, медиацияға жүгінуді ұйғаруы мүмкін. Дегенмен тараптарды медиация жүргізуге міндеттейтін келісім болған күннің өзінде, оны орындау үшін сот қарауына берілген істі жүргізу тоқтатыла тұруы қажет. Соттың (тараптардың біреуінің өтінішімен) істі қарауды тоқтатпай-ақ тараптарға медиация жүргізуге нұсқау беруі ықтимал. Мұндай нұсқауда тараптардың медиацияға жүгіну, соған әрекеттену күні (мерзімі) нақты көрсетілуі керек. Іс жүргізу мәселелеріне арналған сотқа дейінгі тыңдау кезінде.

Дегенмен медиатордың сотқа медиация сессияларының қалай өткені немесе тараптар арасындағы байланыс қалай жүзеге асқаны туралы мәлімет беруден қорғайтын дербес иммунитеті жоқ. Мұндай жағдайда тиісті мәліметті жария ету не жарияламау артықшылығы медиацияға қатысқан тараптардың қолында. Ол артықшылықтардың мынадай түрлерін бөліп көрсеткен: құпиялықты сақтау туралы айқын ескертпе, оның ішінде медиатор пайдасына құпиялық сақтау құқығы (дербес артықшылық санатына жатпайды); құпиялық сақтауға тұспалды құқық (дербес артықшылық санатына жатпайды); «басқа амалдарды жоққа шығармай», қарым-қатынас жасау артықшылығы (бұл артықшылық медиаторға емес, тараптарға тиесілі); тараптарға медиаторды куә ретінде шақыруға айқын тыйым салатын ескертпе (бұл дербес артықшылыққа немесе иммунитетке жатпайды). Медиаторды осы аталған артықшылықтарға сілтей отырып қорғап қалу әрекеті сәтсіз болды.

Медиацияның құпиялығы. медиацияның құпиялықты қажет ететін жағдайда жүзеге асырылатынын ескере отырып, мүше-мемлекеттер, тараптар басқаша келіспеген болса, медиаторларды да, медиация процесін ұйымдастыратындарды да азаматтық және коммер-циялық істер бойынша сотта немесе арбитражда медиация процесіне қатысты дәлелдеме беруге мәжбүрлеп қатыстырмауды қамтамасыз етеді. Бұл ереже мына жағдайларда: тиiстi мүше-мемлекеттiң жария тәртібін сақтау қажет болғанда, әсіресе балалардың құқығын қорғауды қамтамасыз ету мен адамның физикалық не психологиялық денсаулығына залал келтiрмеу қажет болғанда; медиация нәтижесінде жасалған келісімді іске асыру мақсатында сол келісімнің мазмұнын ашып көрсету керек болғанда қолданылмайды.

Даулардың кейбір түрлері тараптардың ынтымақтасып, медиацияға немесе арбитражға жүгінуі арқылы реттеуге келмейді. Сондықтан мұндай жағдайда азаматтық даулар бойынша істерді сот қарауына беруге тура келеді. Себебі арбитрлар мен медиа-торларға қарағанда, соттардың мәжбүрлеу шарасын қолдану өкілеттігі әлдеқайда кең. Медиация – азаматтық іс жүргізуді іске асырудың балама жолы. Медиацияғадаулы істі сотқа бермей тұрып, сондай-ақ іс бойынша сот өндірісі басталып кеткеннен кейін де, тіпті сот шешім шығарған, бірақ ол бойынша апелляция беріл-ген күнде де жүгінуге болады. Медиация процедурасын істі қарайтын судьялар емес, сот жүйесінен тыс қызмет ететін медиаторлар немесе ресми сот жүйесі дауласушы тараптарға көмеккөрсету мақсатында тағайындаған медиаторлар жүргізеді.

Қазір Англия «медиация – азаматтық іс жүргізудегі әділдікке қол жеткізудің тұрпайы, ортақол әдісі» деген түсініктен арылды. Азаматтық іс жүргізу жүйесі жетілген елдерде дауларды реттеудің ресми және бейресми жолдарын қолдануға мүмкіндік бар. Англияда медиацияға жүгінуді қалайтындар саны артып келеді. Бұл үрдіске екі себеп бар. Біріншіден, дауласушы тараптардың көбісіне ресми сот процесіне немесе арбитражға қарағанда, медиация әлдеқайда қолайлы, тартымды көрінеді. Бұл – медиацияға сұранысты арттыратын субъективті факторлар. Дауласушы тараптар даулы мәселені реттеудің осы жолын өз бетінше бағалап, жеке себептерге сүйенетіндіктен, бұл факторлар «табиғи», үйреншікті факторлар деп аталады.

Соңғы кездері дауласушы тараптар сотқа жүгінуді ақырғы амал деп қарастыратын болды. Олар дауды реттеудің басқа жолдары ойдағыдай болмаған немесе дауды балама жолмен реттеуге келмейтін жағдайларда ғана істі сот қарауына береді. Дамыған елдерде медиация дауларды шешудің аса тиімді құралы болып саналады, ол үшін құқықтық жүйені үнемі жаңарту керек.

Ильяс Кенесбекович ЖАДРАЕВ,
Дулати Университеті азаматтық құқық

және процесс кафедрасының аға оқытушысы

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий