Жас ұрпақ: Отбасы мен балабақша

Елдің келешегі бүгінгі жас ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақтың тағдыры ұстаз бен ата – ананың қолында, – дейді ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев. Тәуелсіз еліміздің келешек ұрпақты тәрбиелеу мәселесі бүгінгі күннің өзекті тақырыбы. Мектеп жасына дейінгі баланы толыққанды тәрбиелеу мен балабақшаның тығыз ынтымақтастығы кезінде ғана мүмкін болады. Ата-аналардың балаларға тәрбие беру міндеті еліміздің Конституциясында, ал балалардың отбасындағы құқығы – Бала құқықтары туралы конвенцияда белгіленген.

Бұл алға қойылып отырған негізгі талаптар отандық білім беру жүйесінің бүкіләлемдік білім беру кеңестігіне толық енудің алғашқы даму стратегиясын жасау болып табылады. Айтылған талаптардың жүзеге асырылуы бағытындағы жұмыстың үздіксіз білім берудің алғашқы сатысы мектепке дейінгі ұйымдарда баланың білімге деген құштарлығын арттырудан, ұлтымызға тән қасиеттерін бойына сіңірген бала тәрбиелеуден бастағанның маңызы зор. Үй тәрбиесінегі өсіп келе жатқан балғынның ең алғашқы танымдық ортасы- балабақша болып табылады. Мектепке дейінгі мекеме қызметкерлері бала қабілетін қалыптастыру және дамыту, олардың ой-өрісін кеңейту үшін қажетті орта құруға мүдделі.

Осы негізінде ата-ана мен балабақша арасындағы ықпалдастықтың негізгі қалануы барысында қарым-қатынас моделі пайда болады, баланың ой-санасы жетіле түсіп, жеке тұлға болып қалыптасуына жол ашады.  Табысқа жету жолында ата-ана мен педагог арасындағы тығыз байланыс үлкен рөл атқарады. Отбасы мен балабақша ынтымақтастығының негізгі бағыттары: серіктестік пен ынтымақтыстық негізінде отбасы мен балабақшада балаларға қойылатын біркелкі талаптармен бірыңғай білім беру кеңестігін қамтамасыз ету; баланың отбасы мен балабақшады психикалық-физикалық денсаулығын қамтамасыз ету.

Әрі баланың жеке дамуы үшін білім беру траекториясын құруда баланың бейімділігі мен отбасы қажеттілігінің есепке алу; баланы мектепке даярлауды қамтамасыз ету; отбасы жағдайында жеке тұлғаны қалыптастыру, дамыту мен тәрбиелеу мәселелері бойынша тәжірибе алмасуды қамтамасыз ету; балалармен бірлескен шығармашылық іс-әрекет түрлеріне қатысу; ата-аналардың педагогикалық және психологиялық сауаттылығын мектепке дейінгі ұйымдармен өзара тығыз іс-әрекет негізінде арттыру және ата-аналарды оқыту үшін берілген бағдарламаны меңгеру негізінде көтеру.

Қорыта келгенде, өскелең ұрпақ тәрбиесі қашанда маңыздылығын жоғалтқан емес. Бүгінгі заманның педагог пен ата-анаға қойылатын талаптар өте жоғары. Педагог үнемі ізденісте жүрсе, ата-ана бұл үдерісті қолдау көрсетіп, көмекке келетін болса, жұмыс табысты болмақ.

Алтынай Еншилесовна ЕСКАЛИЕВА,
32 «Қуаныш» МДҰ меңгерушісі, Ақтөбе қаласы

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий