Жаратылыстану пәндерін ағылшын тілінде кіріктіре оқытудың маңызы

“Басқаларды үйрете жүріп, біз өзіміз үйренеміз”, – дейді Луций Анней Сенека. Тұңғыш Президентіміз – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «100 нақты қадам» жоспарын іске асыру шеңберінде Қазастан Республикасының білім беру жуйесінде ағылшын тілінде оқытуға кезең-кезеңмен көшу жоғары сыныптарда жүзеге асырылып жатыр. Жаратылыстану математикалық бағыты бойынша фиика, химия, биология, информатика пәндерін ағылшын тіліне оқытуға кезе-кезеңмен көшу 2015 жылғы «Үш тілде білім беруді дамытудың 2015-2020 жылдарға арналған Жол картасында»  көрсетілен.  

Үш тілде оқытудың негізгі мақсаты – бірнеше тілді меңгерген, әлеуметтік және кәсіптік анықтауға қабілетті мәдениетті тұлғаны дамыту және қалыптастыру. Нұрсұлтан Әбішұлы үштілдік туралы 2007 жылғы “Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты Жолдауында: «Қазақстан бүкіл әлемде халқы үш тілді пайдаланатын жоғары білімді ел ретінде танылуға тиіс. Бұлар: қазақ тілі – мемлекеттік тіл, орыс тілі – ұлтаралық қатынас тілі және ағылшын тілі – жаһандық экономикаға ойдағыдай кірігу тілі”, – деген болатын. Мектептердің үш тілде оқытуды қолға алудағы негізгі мақсаты – бірнеше тілді меңгерген, жан-жақты білімді, бәсекеге қабілетті, мәдениетті тұлғаны қалыптастыру болып табылады. Үштілділік – бәсекеге қабілетті елдер қатарына апарар басты баспалдақтардың бірі.

Жаратылыстану бағытындағы пәндерді оқыту контексінде еліміздегі ең маңызды тіл – ағылшын тілі болып саналады, ағылшын  тілін оқыту үрдісіне кіріктіруді енгізу – ең алдымен, оқушының сабақ үстінде дамуы мен оның психологиялық жағдайын ескере отырып, оқытуды нығайту мүмкіндіктеріне бағытталған. Жалпы білім беретін жаратылыстану-математика бағытындағы мектеп мұғалімдері үшін, орта білім беру мазмұнын жаңарту негіздерінің бірі, үштілді білім беруде заманауи CLIL әдісін белсенді қолдану өте тиімді. “CLIL әдісі: арнайы пәндерді ағылшын тілінде оқыту процесінде пән мен тілді кіріктіре оқыту”. 

ЖМБ пәндерін ағылшын тілінде оқытуда белсенді әдіс-тәсілдерді қолдану оқушылардың сөздік қорын кеңейте отырып, жаңалық ашуға, әртүрлі бақылаулар, тәжірибелер жүргізуге құлшындырады. Қарапайым көрсетулер, тәжірибелер  оқушыны өз бетімен ізденуге, танымдық және шығармашылық икемділіктерін дамытуға бағыттайды. Сонымен қатар, алған білімі өмірге деген қажеттілігін қанағаттандыру мақсатында меңгерілуі қажет екендігі оқушы санасына сіңіріледі. Ең бастысы оқушының ағылшын тілін меңгерудегі сөздік қоры толығады, сөйлеу дағдысы қалыптасады.

Қосымша  берілетін терминдер сөздігімен оқушының ағылшын тілін меңгерудегі сөздік қорын қалыптастыру үшін қолданылатын әдіс-тәсілдерін атап көрсетер болсақ: терминдерді есте сақтау үшін «From Start to Finish» ойынын ойнатудың маңызы жоғары. Ойын кезінде оқушылар топтарға бөлініп, физикалық терминдердің қазақша, ағылшынша аудармаларын дұрыс тауып, баспалдақ түрінде орналастыру арқылы есте сақтай алады. «Find the terminology» (терминдерді тап) ойын әдісінде ағылшын әріптерінің орындары ауыстырылып, оқушы дұрыс жазылуын табуы қажет.

«Tarsia» (Тарсия) әдісі арқылы оқушылар ағылшын тіліндегі анықтамаларды оқып, сәйкес орындарға терминдерді қояды. «Matching» (сәйкестендіру) қазақ-ағылшын терминдерінің немесе ережелердің дұрыс сәйкестендірілуіне негізделген. «True and False» (ақиқат және жалған) ойыны барысында оқушылар өздері сұрақ құрастырып, ағылшынша айтылған анықтамасының дұрыс не бұрыстығына байланысты бір-бірінен жауап алады. «Cards» ойын әдісінде таратылып берілген карточкаларға сәйкес қандай тапсырма берілгенін анықтап, аудармасының жауабын табуы тиіс. Individual work «Who you fast?» – үй тапсырмасын сұрауда өткен тақырыптың терминдерін еске қалдыру мақсатында қолданылады.

Жалпы ауданымыздағы үштілділік бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстарға тоқталар болсам, аудан  мектептерінен ЖМЦ пәндерін  ағылшын тілінде  оқыту курсынан 44 мұғалім курстан өтті.  Соның ішінде: 9 мұғалім химия, 12 мұғалім биология, 11 мұғалім информатика және 11 мұғалім физика пәндері бойынша  және 1 әдіскер өз жұмыстарын бастады. Қазіргі таңда ауданымыздағы 11 мектеп пилоттық жоба аясында жаратылыстану бағытындағы пәндерді ағылшын тілінде оқытуда В1,В2,С1 деңгейінде меңгерген пән мұғалімдері жұмыс жасап жатыр.. Б.Римова атындағы ОМГ пилоттық мектеп ретінде облыстық  «IMT class» Швейцариялық жобасы аясында  жұмыс жасайды.  (2017-2018, 2018-2019, 2019-2020 оқу жылы).

Жобада 25 оқушымен және пән мұғалімдерімен жұмыстар жүргізілуде. Швейцариялық проект – бұл  осы елдегі колледждің инновациялық технологиялық бағдарламасы. Бұл проект бағдарламасына мұғалімдердің Европа, Америка және Ұлыбритания мектептерінің ұстаздарымен онлайн сабақтар кіреді.  Оқушылар онлайн сабақта әр түрлі ресурстармен әдіс-тәсілдер арқылы  ағылшын тілін меңгереді. Және де оқушылар жобалық жұмыстар жасап, қорғап, нәтижесінде сертификаттар иеленіп жүр. Сондай ақ, мұғалімдер де осы жоба аясында жұмыс жасай отырып, өздерінің тілдік деңгейлерін көтеру арқылы, оқушыларға жобалық жұмыста қолдау көрсетіп отырады.

Облыстық білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығы тараптынан әзірленген «Инновациялық қадам» жобасы аясында аудандағы үштілде сабақ беретін ЖМБ пән мұғалімдерімен жоспар құрылып, әр түрлі іс-шаралар ұйымдастырылып өткізілуде. Атап айтсақ,  «ЖМЦ пәндерін ағылшын тілінде оқытудың ерекшеліктері» тақырыбында дөңгелек үстел, «ЖМЦ пәндерін ағылшын тілінде оқытуда тапсырмаларды түрлендіріп ұсыну» және «Үштілде білім беру жағдайында пән мен тілді кіріктіріп оқыту» тақырыптарында шебер сыныптар, «CLIL» әдісі бойынша жүргізілетін сабқтардың оқытылу барысын бақылау және әдістемелік қолдау көрсету мақсатында бірнеше ашық есік күндері ұйымдастырылып өткізілді.

Өткен оқу жылында облыстық білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығы және «USTAZ» біліктілікті арттыру орталығының  менторларымен  бірлескен жұмыстар жүргізіп,  сабақтарға қатысып, мұғалімдермен тығыз байланыс орнатып, туындайтын сұрақтарымызға әдістемелік көмекті дер кезінде көрсетіп, бағыт-бағдар беріліп отырды. Наурыз айынан бастап пандемияға байланысты қашықтықтан оқытуға көшкеннен кейін онлайн форматта жұмыстарымызды жалғастырып, бірнеше вебинарлар өткіздік. Олар: «Қашықтан оқытуда білім беру платформалары мен сайттарының мүмкіншіліктері және тиімділігі», «Жаратылыстану – математикалық бағытындағы  пәндерді үш тілде оқытуда   ағылшын тілін меңгерту жолдары» тақырыптарында өтті.

Бүгінде аудан ұстаздары өздерінің озық тәжірибелерін облыс көлемінде баспа материалдарына жариялап жүр. Атап айтқанда, «ЖМЦ пәндерін ағылшын тілінде оқытудағы үлгілі сабақ жоспарлары» атты облыстық жинаққа ауданымыздағы сегіз мұғалімінің сабақтары енді. Желтоқсан айында «Инновациялық қадам – табысқа апарар жол» жоба аясында аудан мектептерімен жүргізіліп жатқан іс-шаралар бойынша облыс көлемінде  қорытынды жұмысымызды ұсындық. Қорытынды сөзімде осы жұмыстың үйлестірушісі ретінде атқарылған іс-шараларға тоқталғанды жөн көрдім.

Пән мұғалімдері Нұржан Мұхтарұлы «THE BASICS OF CHEMISTRY» тақырыбындағы апробациядан өткізіп жатқан авторлық бағдарламасын таныстырса, Б.Римова атындағы ОМГ физика пәні мұғалімі, ассоциация жетекшісі осы ЖМЦ пән мұғалімдерімен жүргізіліп жатқан тәлімгерлік жұмыспен таныстырылым жасады. Кәлпе ОМ мұғалімі Ж.Иманбаева және Панфилов ОМ мұғалімі Д.Ельчибековтар каhoot, LinoiIT бағдарламалары арқылы тренинг, кері байланыстар жүргізіп, өз іс-тәжірибелерімен бөлісті.

Үштілділік – бәсекеге қабілетті елдер қатарына апарар жол десек, үштұғырлы тіл-бәсекеге қабілетті ұлт болудың игі бастамасы. Үштілді меңгерген жас ұрпақтың болашағы жарқын, алар асуы мен бағындырар белесі мол болары хақ. Үш тілді оқыту – бұл заман талабы. Үштілділік – бəсекеге қабілетті елдер қатарына апарар басты баспалдақтардың бірі. Елімізде қазақ, орыс, ағылшын тілі – үшеуінің өз орындары, атқарар қызметтері бар. Қазақ тілі – біздің ана тіліміз, елдігіміздің белгісі, ұлтымыздың рухы, мұрасы, мəдениеті, біздің талайлы тағдырымызды тұтастыратын шежірелі тарихымыз; орыс тілі – көпұлтты еліміздің ұлтаралық қатынас тілі; ағылшын тілі – қазақ жерін жаңа əлемге ашар есігі, жаһанданудың кепілі.

Анар Сағынтаевна АМИРЖАНОВА,
Қаратал ауданы білім беруді дамыту оқу
әдістемелік
орталығының әдіскері, Алматы облысы

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий