Қызылорда облысы: Білім беру ұйымдарын вертикалды басқару жүйесіне көшірудің жергілікті мәселелері туралы

Президент тапсырмасына сәйкес білім саласын басқару жүйесі екі кезеңде іске асады. Біріншісі, әкімдіктердің білім беру саласындағы функцияларын облыстық денгейге беру. Бұл бағытта өткен жылдан бастап қалалық, аудандық білім бөлімдерінің басшысын тағайындауды басталды. Бұрын жергілікті жердегі аудан әкімдері тағайындап келсе, енді бөлім басшыларының лауазымды орындарын басқарма жүзеге асырады, – деп хабарлайды Қызылорда облысы білім басқармасының баспасөз қызметі.

Екіншісі, осы жылдың қаңтар айынан бастап, саланы қаржыландыру облыстық деңгейге өтуде. Бұл ретте барлық білім беру ұйымдары басқарманың вертикалды басқару жүйесіне көшеді. Яғни аудандық және қалалық білім беру бөлімдерін қаржыландыру және басқару құзыреті облыстық білім беру басқармаларына берілді. Бұл өзгерістер мемлекеттік саясатты іске асыруда ашықтық ұстанымын енгізіп, білім сапасын одан әрі дамытуға жол ашады. Яғни әр мектеп пен балабақшаның мәселелері облыстың бақылауында болады.

– Бүгінгі күні жергілікті мемлекеттік басқарудың кейбір мәселелері туралы облыс әкімінің 5 қаңтардағы №176 қаулысы шығарылып, мерзімді баспасөз басылымдарында жарияланды. Барлық білім беру мекемелерінің заңдық негіздегі құжаттары әділет департаментіне тіркеуден өткізілді. Қазір облыста 301 мектеп бар. Оның 293-і мемлекеттік, 8-і жеке мектептердің үлесінде. Сонымен бірге 665 мектепке дейінгі білім беру ұйымы бар. Оның 161-ы мемлекеттік, 414 жеке, 90 шағын орталық жұмыс істейді. Аймақта 30 колледж, оның 17-сі мемлекеттік, 13-і жеке колледж ретінде тіркелген, – деді облыстық білім басқармасының басшысы Қасымова Ақзира білім саласында білім беру ұйымдарын вертикалды басқару жүйесіне көшірудің жергілікті мәселелері туралы ұйымдастырылған кезекті брифинг барысында.

Былтыр облыстық білім басқармасының бюджеті 59 млрд.теңге болса, вертикалды басқару жүйесі арқылы 2021 жылға жалпы білім саласына жоспарланып отырған қаржы 173,3 млрд. теңгені құрады. Вертикалды басқару жүйесіне өтуге байланысты ағымдағы жылдан бастап білім ұйымдарындағы есеп және жоспарлау бөлімдерін автоматтандыру жұмыстар жүргізілді. Бүгінгі күні барлық білім ұйымдары аталған бағдарламаны мемлекеттік сатып алу жоспарларына енгізіп, келісім-шартқа отырды. Сонымен қатар, 247 есепшінің біліктілік арттыруға қаржылары жоспарланды.

Ақзира Бақтыбайқызының мәлімдеуінше саладағы қаржыландырудың бөлінісі, білім беру ұйымдарының бюджеті ашық түрде іске асырылып жатыр. Бұл жұмыстар «Ашық үкімет» интерактивті картасы арқылы іске асуда. 2020 жылға бөлінген қаржы бойынша толық мәлімет «Паблик бюджет» publicbudget.kz сайтында жарияланған. Сайта басқарманың және басқармаға қарасты барлығы 35 мекеме (18 қазыналық кәсіпорын мен 17 мемлекеттік мекеме) жеке кабинеттерін активациядан өткізіп қарай алады. Облыс бойынша 7 002 бітірушінің 5 832–ы (83%) қаңтар айында ҰБТ-ға қатысты. Ұлттық бірыңғай тестілеу облыста 20-29 қаңтар аралығында 8 тестілеу пунктінде ҰБТ өткізілді.

ҰБТ өткізу барысында барлық қатаң санитарлық талаптар сақталды. Бітірушілер бес сатыдан тұратын  дезинфекциялық шаралардан өткізілді.  Әлеуметтік қашықтық сақталды.  Дене қызу көтерілген оқушылар тіркелмеді. Облыстық білім басқармасы ҰБТ көрсеткіштеріне толық талдау жүргізбейді. Қаңтар айы бойынша стататистикалық мәліметтерді айтып кетейін.  ҰБТ қорытындысы бойынша 100 балдан асырған бітірушілер саны – 409, 815 бітіруші шекті балды жинай алмады. Ең жоғарғы 133 балл Қазалы (№226 мектеп) ауданының түлегі жинады.

Айтуымыз қажет, қаңтар айындағы сынақ нәтижесі тек ақылы ұлттық тестке ғана жарамды. Биыл ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізу электронды форматқа ауыстыру жоспарлануда. Яғни түлектер наурыз-маусым аралығында ұлттық тест тапсырып, мемлекеттік грант алуға мүмкіндік болады. Түлектер 100 ішінде компьютерлік тестілеу орталығына барып, ұлттық тестке қатысу құқығына ие болады. Яғни оқушы ұлттық тестті тапсыратын күнді өзі таңдап, ұлттық тестілеу орталығына өтінішті өзі қалдырып, сынаққа кіре алады. 

Шекті балл туралы айтқанда: «Педагогикалық ғылымдар» білім беру саласы бойынша – кемінде 70 балл; «Ауыл шаруашылығы және биоресурстар», «Ветери-нария» білім беру салалары бойынша кемінде 60 балл; басқа ЖЖОКБҰ-ға кемінде 50 балл; «Педагогикалық ғылымдар» білім беру саласы бойынша – кемінде 70 балл; «Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медицина)» білім беру саласы бойынша – кемінде 65 балл жинаған адамдар жіберіледі. Бұл ретте ҰБТ-ның әр пәні бойынша әр шығармашылық емтиханнан кемінде 5 балл алу қажет.

 

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий