Инновациялық технологияларды оқу – үрдісіне қолдану

“…Адамзат үшін жаңа ғасыр жаңа технологиялардың ғасыры болмақ, ал осы жаңа технологияларды жүзеге асырып, өмірге енгізу, игеру және жетілдіру – бүгінгі жас ұрпақ, сіздердің еншілеріңіз… Ал жас ұрпақтың тағдыры – ұстаздардың қолында”, –  деген болатын Тұңғыш Президентіміз – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев. Қазақстан білім беру жүйесінің мақсаты – бәсекекге қабілетті маман дайындау. Мектеп үйрететін орта, оның жүрегі – мұғалім. Ізденімпаз мұғалімнің шығармашылығындағы ерекше тұсы -оның сабақты түрлендіріп, тұлғаның жүрегіне жол таба білуі.

Қазіргі заман педагогінен тек өз мамандығының терең білгірі болуы емес, тарихи танымдық, педагогикалық-психологиялық сауаттылық, саяси- экономикалық білімділік және ақпараттық сауаттылық талап етіледі. Сонда ғана мұғалім, заман талабына сай білім беруде жаңалыққа жаны құмар, шығармашылықпен жұмыс істейтін, оқу мен тәрбие ісіне белсене қатысатын, оқытудың жаңа технологиясын шебер меңгерген, білігі мен білімі жоғары ұстаз бола алады. Әр ұстаз өз сабағының қожайыны, сабақты тзүрлендіре оқытып, нәтижеге жетуді басты мақсат етіп алады. Әрбір педагог өз жұмыс тәсілі мен формасын, өз педагогикалық технологиясын таңдай отырып, білім алушылардың білімін жетілдіру бағытында жзұмыс істеуі.

Осыған байланысты соңғы жылдары жиі пайдаланып келе жатқан жаңа ұғымдардың бірі -инновация. Қазақстанда ең алғаш «Инновация» ұғымына қазақ тілінде анықтама берген ғылым Немеребай Нұрахметов. Ол «Инновация, инновациялық үрдіс деп отырғанымыз-білім беру мекемелерінің жаңалықтарды жасау, меңгеру, қолдану және таратуға байланысты бір бөлек қызметі» деген анықтаманы ұсынады. Инновация дегеніміз – жаңа мазмұнды ұйымдастыру, жаңалық енгізу, жаңа үлгілердің бағытындағы нақты әрекет, нақтыланған мөлшердің шегінен шығатын кәсіптік іс-әрекеттің жаңа сапалы деңгейге көтерілуі, жаңа нәтижені қамтамасыз ететін жаңа теориялық, технологиялық және педагогикалық іс-әрекеттің біртұтас бағдарламасы.

Біздің техникалық шығармашылық орталықта өтілетін сабақтарда жаңа технологиялық оқу үдерістерінің қолданылуы жайында айта кетпекпін. «Заманына қарай адамы» -деп айтып жатамыз, қоғам талабына сай жаңа тұлға қалыптастыру біздің, яғни ұстаздардың қолында екенін естен шығарған емеспіз. Еліміздің ертеңін саналы әрі білімді ұрпақ етіп тәрбиелеу үшін қоғам алдымен өзіміздің жаңашыл болуымызды талап етеді. Қарыштап күнен күнге дамып келе жатқан Қазақстанымыздың болашағын тәрбиелеуде әр мұғалім еңбек жолында бар күшін салады. Инновация дегеннің өзі күннен  күнге инновациялық технологиялар балаларға барынша жаңашылдық пен ұғынудың неғұрлым тиімді жолдарын қарастырады.

Инновациялық әдістердің ең негізгісінің бірі – интерактивті оқыту әдісі. Бұл әдістің негізгі қағидасы педагогикалық қарым-қатынас пен дамыту диалогі арқылы жеке тұлғаны қалыптастырып дамыту. Интерактивті оқыту әдістері, бұл – ұжымдық, өзіндік толықтыратын барлық қатысушылардың өзара әрекеттеріне негізделген, оқу үрдісіне білім алушының қатыспай қалуы мүмкін болмайтын оқытуды ұйымдастыру болып табылады. Интерактивті оқытуда, ең алдымен білім алушы мен оқытушы арасында қарым-қатынас тікелей жүзеге асады. Интерактивті оқыту әдістерінің бірнеше түрі бар екендігі және оларды оқу үрдісінде қолдану оң нәтиже берері сөзсіз.

Орталықтағы «Техникалық көркем еңбек» үйірмесі оқушыларына жаңа оқу үдерісінің әдістерін қолдана отырып  «Фоамираннан шырша ойыншықтарын жасау» тақырыбында сабақ өткізілді. Білім алушылар топтық жұмыс жасай отырып, жасаған жұмыстарын топ ішінде және топ арасында талқылап, ой бөлісті. … Мұғалім қандай болса, мектеп һәм осындай болмақшы. Яғни, мұғалім білімді болса, ол мектептен балалар көп білім алып шықпақшы. Солай болған соң, ең әуелі мектепке керегі – білімді, педагогика әдістемеден хабардар, жақсы оқыта білетін мұғалім, – дейді Ахмет Байтұрсынұлы.

Осы үйірменің тәрбиеленушісі Мамыр Тоғжан «Ұлы өнертапқыштыққа алғашқы қадам» облыстық инновациялық идеялар байқауында «Жылу энергетикасы, электр энергетикасы, баламалы энергетика саласындағы жобалар» номинациясы бойынша үшінші дәрежелі дипломмен марапатталса,  Ізмұхан Інжу «Ғажайып жаңа жыл» тақырыбындағы қашықтан өткізілген облыстық балалар шығармашылық көрме байқауында бірінші дәрежелі дипломмен марапатталды. Жаңа нәтижеге бағытталған білім-инновациялық білім. 

«Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» және «Ұлы даланың жеті қыры» аясында шығармашылық орталықтың тәрбиеленушілері ұлы қобызшы Ықылас Дүкенұлының кесенесіне, Төкен Мақашев атындағы аудандық мұражайына саяхатқа шығып, туған жеріміздің тарихи байлығымен танысты. Қорыта келгенде, инновациялық педагогикалық технологияның негізгі басты міндеттері мынадай: әрбір білім алушының білім алу, даму, басқа да іс-әрекеттерін мақсатты түрде ұйымдастыра білу; білім мен білігіне сай келетін бағдар таңдап алатындай дәрежеге тәрбиелеу: өз бетінше жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру, дамыту: аналитикалық ойлау қабілетін дамыту; қазіргі экономикалық мәселелерді зерттей білуге үйрету.

«Сабақ беру жай ғана шеберлік емес, ол жаңадан жаңаны табатын өнер» деп Жүсіпбек Аймауытов айтқандай бүгінгі оқыту жүйесінде әртүрлі жаңа технологияларды пайдалану тәжірибеге еніп, нәтижелер беруде. Бұлар оқушының жеке қасиетін аша отырып, азамат етіп тәрбиелеумен қатар оқушының танымдық күшін қалыптастыру және білімін кеңейтуге, тереңдетуге жағдай жасайды. Сайып келгенде, қосымша білім беру орталықтары «армандар орындалатын мекен» деп қарастыруға болады.

Гүлшат БАЙҒАРАЕВА,
білім бөліміне қарасты техникалық
шығармашылық орталығының қосымша
білім беру педагогы, Жамбыл облысы, Сарысу ауданы

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий