Математика сабағында оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамытудың маңызы

Логикалық ойлау – логикалық сөйлеудің негізі, ал мұны –логикалық сөйлеуді ұстаз дамытуға тиіс”, – дейді К.Д.Ушинский. Қазіргі таңда қоғамды дамыту үшін орта мектептің алдында тұрған негізгі міндеттердің бірі – оқушылардың шығармашылық қабілетін барынша ашып, толыққанды қоғам құруға өзінің бар мүмкіндігін жұмсайтын шығармашыл жеке тұлға қалыптастыру. Сондықтан, математиканы оқытуда оқушыларға оқу материалын есте сақтауға емес, осы материалды шығармашылықпен қолдану шеберлігін қалыптастыруға көп көңіл бөлінеді. Қазақстан дамуының қазіргі кезеңі әлемдік тенденцияларға сәйкес мектептегі білім берудің жаңа басымдықтары белгіленді.

Математикалық сауаттылық – әлемдегі математиканың рөлін айқындау және түсіну, математикалық тұжырымды дәлелді негіздей білу және қызығушылығы бар, ойлы азаматқа тән қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін математиканы қолдана білу қабілеті. Бұл міндеттерді шешу үшін мұғалім өзінің күнделікті ізденісі арқылы барлық жаңалықтармен хабардар болып, өзгерістерді дер кезінде қабылдауы  тиіс. Сондықтан бүгінгі мұғалім әр сабақ барысын жаңаша ұйымдастырып қана қоймай, оқушының пәнге қызығушылығы мен ынтасын арттыруда шығармашылықпен де жұмыс істеу керек. Өйткені, қазіргі заман талабына сай білім беру мәселесі қоғам мүддесіне сай болуы үшін өз ісінің шебері ғана жоғары жетістіктерге жетеді деп есептеймін.

Мектептегі білім беру үрдісінде инновациялық бағытта жұмыс жасау арқылы оқушыға заман ағымына сай жаңартылған мазмұнда білім беру талап етілуде. Ендеше математика ғылымына қызығушылығы бар оқушының математикалық іс-әрекет сипатына сай логикалық ойлауын қалыптастыруда  төмендегі мақсаттар жүзеге асырылуы тиіс: математикалық білімді тәжірибеде қолдану, өмірлік тәжірибеде математикалық ойлауды жүзеге асыруға баулу; математикалық мазмұнда ойлап, сөйлей алуы қажеттілігін іске асыру; сұраққа немесе есеп жауабына дәл (жылдам, сенімді және дұрыс) жауап беруге дағдыландыру.

Оқушылардың логикалық ойлауын дамытып, дұрыс ой түйіп, өздігінен дәлелді шешімдер қабылдай білуге үйрету – математика сабағының басты міндеті. Пән мұғалімі оқу материалын оқушылардың ойлау қабілеті жетерліктей жас ерекшеліктерін ескере отырып ұйымдастырса оқушының ойлау қабілетінің дамуына мүмкіндік туады. Олай болса, оқушының ойлау дағдысын дамыта отырып оқуға бағытталған қолжетімді әдіс-тәсілдерді шығармашылықпен таңдауы тиіс. Бүгінгі математика пәні мұғаліміне қойылып отырған талаптардың бірі  оқушыларға пәндік бағдарламадан тыс логикалық тапсырмаларды үнемі орындату.

Оқушылардың логикалық ойлауын  дамыту үшін алдымен, есеп-жаттығуларды мазмұнды талдай білу іскерліктерін қалыптастыру керек.  Екіншіден, сызба, графиктік модель, тірек сызбалар бойынша есеп объектілерінің арасындағы байланыстарды түсініп қабылдауына бағыт беруіміз тиіс. Сонда ғана математика ғылымына ерекше  қызығушылығы бар оқушының логикалық ойлау деңгейі кеңейеді. Оқу үрдісінде осындай іс-әрекеттер жүзеге асып, нәтижесінде  шығармашылық қабілеті жоғары, өз ойын жүйелі де, ашық айта алатын, қоғамға еркін сіңетін, өндіріске белсене араласатын жеке тұлға қалыптасады.

Математика пәні мұғалімдерінің математикалық күрделілігі жоғары тапсырмаларды орындаудағы ғылыми-әдістемелік деңгейі мен кәсіби шеберлігін шыңдауда І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті ғалымдарымен бірлесіп математика пәні мұғалімдерімен жыл сайын дәстүрлі түрде облыстық пәндер олимпиадасы өткізілуде. Мұғалімдер арасындағы бұл математикалық олимпиада – практика жүзінде іске асырылған алдыңғы қатарлы педагогикалық идеялардың жиынтығы болып табылады. Сонымен қатар, озық педагогтар тәжірибесі нәтижесінде мектеп оқушыларының жетістіктерге жетудің  бірден-бір жолы. Математика сабағында математикалық сауаттылықты дамыту үшін алдымен, пән мұғалімінің оқушы бойына білім-білік қалыптастырудағы әдіснамасын жетілдіру бүгінгі күннің өзекті мәселесі.

Тәжірибеде және өмірлік жағдаяттарда мектеп оқушыларының математика пәнінен алған білімдерін қолдану біліктілігін дамытатын есептер мен логикалық тапсырмаларды және мәселе есептерді кеңінен қолдануда математикалық сауаттылықты дамыту пән мұғалімдеріне міндеттеліп отыр. Сол себептен де, математикалық сауаттылықты дамытуда пән мұғалімдерінің құзыреттілік тәсілдемесін жетілдіруде облыстық білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталықтың жылдық жұмыс жоспарына «Арифметикалық логика» атты жобаны жүзеге асыруда математика пәні мұғалімдері ассоциациясы жұмысы жоспарланып келешекте жүзеге асырылатын болады.

Сөзімді түйіндей келе айтарым, математикалық сауаттылық – ойды қалыптастырудың негізі. Ол пән мұғалімінің жаңашыл педагогикалық ойлауына, жеке адамды дамыту құралы болып табылатын оқыту үрдісін қалып­тастыруға және шығармашылық дамуына, кәсіби шыңдалуына негіз болады. Өйткені, пән негіздерін сындарлы оқыту пәндік құзыреттілікті арттырудың бірден бір жолы. Ал, оқушы құзіреттілігін дамыту педагогтың ең басты міндеті.

Салтанат Насиовна ИДРИСОВА,
Алматы облыстық білім беруді дамыту
оқу-әдістемелік орталығы, бөлім басшысы

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий